Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 619 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.02.21 № 248 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Қаулысымен.     

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 745  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 30, 386-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесінде:
      3-тармақтың 8) тармақшасындағы "кредиттер мерзіміне, сондай-ақ,", "мен кредиттер", "актуарлық үлгі негізінде есептелген" деген сөздер алынып тасталсын;
 

      9-тармақ алынып тасталсын;
 

      16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Кепілдікті міндеттемелер Қаржы орталығының Директорлар кеңесі бекіткен кепілдік беру көлемі шегінде беріледі.";
      мемлекеттік тілдегі мәтінде 17-тармақтың 3) тармақшасындағы "қолданылған" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4-тармақшамен толықтырылсын:
      "4) Бас келісіммен көзделген өзге де";
 

      23-тармақтағы "80" деген сандар "95" деген сандармен ауыстырылсын.
 

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады