Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 қазандағы N 987 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес және өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық әртүрлiлiгiн сақтау мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 3 наурыздағы N 202 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) табиғат қорғау заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес және өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық әртүрлiлiгiн сақтау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар вице-министрi
Сәрсембаев - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Зейнолла Сәкенұлы ортаны қорғау вице-министрi
Тоқсайытов - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Қанат Тәупекұлы министрлiгi Әкiмшiлiк полициясы
комитетiнiң төрағасы
Қанатов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Сәбит Сарқытұлы министрлiгiнiң Салық комитетi
төрағасының орынбасары
Тұрымбаев - Қазақстан Республикасы Ауыл
Сергей Тұрымбайұлы шаруашылығы министрлiгi Орман
және аңшылық шаруашылығы
комитетiнiң бөлiм бастығы, хатшы
мына:
"Есiмов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ахметжан Смағұлұлы Министрiнiң орынбасары, төраға"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Есiмов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ахметжан Смағұлұлы шаруашылығы министрi, төраға"
"Хадыркеев - Қазақстан Республикасы Ауыл
Наурызбай Абдулбахиұлы шаруашылығы министрлiгi Орман
және аңшылық шаруашылығы
комитетiнiң төрағасы, хатшы"
деген жолда "хатшы" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетiлген комиссияның құрамынан Асқар Исабекұлы Мырзахметов, Нұрахмет Құсайынұлы Бижанов, Нұрлан Шайхыұлы Ысқақбаев, Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев, Арман Қайратұлы Евниев, Жамбыл Лесбекұлы Бекжанов шығарылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес және өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық әртүрлілiгiн сақтау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
7-тармақ алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, комиссия отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және комиссия әзiрлейтiн шешiмдер үшiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасар орындайды.";
10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Хатшы комиссия мүшесi болып табылмайды.";
12-тармақ алынып тасталсын;
14-тармақ "мүшелерi" деген сөзден кейiн "алмастыру құқығынсыз оның қызметiне қатысады және" деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Комиссияның жұмыс органы комссия жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі