Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 238 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 шілдедегі N 652 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 697 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытуға және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.»"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 10, 128-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тізбесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттары

Р/с
N№

Посттың атауы

Облыстың немесе қаланың атауы

Автожолдың атауы

1

2

3

4

1.

Жақсы

Ақмола

Екатеринбург - Алматы, 913 км

2.

Бурабай

Ақмола

Астана - Петропавл, 241 км

3.

Еркін

Алматы

Алматы - Өскемен, 270 км

4.

Қарабұтақ

Ақтөбе

Самара - Шымкент, 960 км

5.

Қобда

Ақтөбе

Орал - Ақтөбе, 612 км

6.

Темір

Ақтөбе

Ақтөбе - Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы, 135 км

7.

Атырау

Атырау

Орал - Атырау, 487 км

8.

Семей

Шығыс Қазақстан

Омск - Майқапшағай, 751 км

9.

Қордай-1

Жамбыл

Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы -Қорғас, 216 км

10.

Күйік

Жамбыл

Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы -Қорғас, 278 км

11.

Шығанақ

Жамбыл

Екатеринбург - Алматы, 2061 км

12.

Ақжайық

Батыс Қазақстан

Орал - Атырау, 126 км

13.

Молодежный

Қарағанды

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1040 км

14.

Заречный

Қарағанды

Екатеринбург - Алматы, 1497 км

15.

Жезқазған

Қарағанды

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 426 км

16.

Денисовский

Қостанай

Қарабұтақ - Комсомол - Денисовка - Рудный - Қостанай, 388 км

17.

Арал

Қызылорда

Самара - Шымкент, 1352 км

18.

Ақтай

Қызылорда

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 10 км

19.

Жаңақорған

Қызылорда

Самара - Шымкент, 1996 км

20.

Ақтау

Маңғыстау

Ақтау халықаралық теңіз порты

21.

Бейнеу

Маңғыстау

Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау порты, 844 км

22.

Ленинский

Павлодар

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1364 км

23.

Батыс

Солтүстік Қазақстан

Жезқазған - Петропавл, 673 км

24.

Қызылту

Оңтүстік Қазақстан

Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас, 46 км

25.

Қызылжар

Астана қаласы

Екатеринбург - Алматы, 1278 км

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады