Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 1239 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 1239 Жарлығына
өзгерiс енгiзу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 1239 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 46, 501-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
2-тармақта "Қаржы министрi Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа" деген сөздер "Қаржы министрi Наталья Артемовна Коржоваға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi