Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 19 шiлдедегi N 740 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 682 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 213 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.04.2015 № 213 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингi және пайдаланылу тиiмдiлiгiн бағалау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19 шiлдедегi N 740 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 29, 378-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекітiлген Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингi және пайдаланылу тиiмдiлiгiн бағалау ережесiнде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Ереже ізгiлiк, қайырымдылық, әскери, азық-түлiктiк көмектi тарту және тарату рәсiмдерiне қолданылмайды.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) өңiрлiк жоба - оны iске асыруға бiрнеше мемлекеттiң қатысуын көздейтiн жоба;";

      9-тармақ "бағдарламалардың" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi немесе Үкiметi бекiткен тұжырымдамалардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақтың 2) тармақшасы "бағдарламаларға" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi немесе Үкiметi бекiткен тұжырымдамаларға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 20-1 және 20-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "20-1. Донор уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша тиiстi салалық мемлекеттiк органның оң қорытындысы негiзiнде өңiрлiк жобаны iске асыру үшiн байланысты емес грант берген жағдайда өңiрлiк жобаны iске асыру оны басым жобалардың тiзбесiне қоспай жүзеге асырылады.
      20-2. Байланысты емес грант есебiнен өңiрлiк жобаны iске асыру туралы тиiстi келiсiмдi дайындау, келiсу және оған қол қою жөнiндегi iс-шаралар донордың рәсiмдерiн ескере отырып, өңiрлiк жобаны іске асыруға қатысатын елдермен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
      "23-1. Өңiрлiк жобаға техникалық тапсырма өңiрлiк жобаны iске асыруға қатысатын мемлекеттер жасасқан байланысты емес грант есебiнен өңiрлiк жобаны iске асыру туралы тиiстi келiсiмнiң шарттарына сәйкес әзiрленедi.";

      мынадай мазмұндағы 36-тармақпен толықтырылсын:
      "36. Өңiрлiк жобаны iске асыру yшiн байланысты емес грантты пайдаланудың мониторингi және тиiмдiлiгiн бағалау жобаны iске асыру үшiн осы тарауда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады