"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына , "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес сот актілерін орындау үшін 2006 жылға арналған республикалық бюджетте соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 1416753,74 теңге (бір миллион төрт жүз он алты мың жеті жүз елу үш теңге жетпіс төрт тиын) бөлінсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 1 тамыздағы
N 723 қаулысына
қосымша
Орындауға жататын сот шешімдерінің тізбесі
Р/с N |
Сот органының атауы және шешімінің шығарылған күні |
Талапкер |
Мемлекеттік баж шегерілген сома (теңге) |
Мемлекеттік баж (теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 1997 жылғы 14.08 шешімі,
|
Е.И. Пак |
2004 жылғы қазаннан бастап 2006 жылғы мамырды қоса алғандағы кезең ішінде - 109440 2002 жылғы 2 қыркүйектен бастап 2004 жылғы қазанға дейінгі кезең ішінде - 511893,74
|
|
2 |
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 1997 жылғы 10.09. шешімі,
|
Ю.И.Литвиненко |
329448
|
3744 |
Жиыны: 1413009,74 3744 |
||||
Жалпы сомасы: 1416753,74 |