Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қыркүйектегі N 861 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақ әуендерi" акционерлiк қоғамы 2006 жылға арналған сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Бейбiтшiлік және келiсiм сарайының мерекелiк концертiн өткiзу жөнiндегi қызметтердi көрсетушi, "Заман-Ту" акционерлiк қоғамы Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайының экспозициясын жасау және көркем безендiру жөнiндегi қызметтердi көрсетушi болып белгіленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалармен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарын орындауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де, шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады