Қазақстан Республикасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу ережесiн бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қыркүйектегі N 862 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 150 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.03.2022 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн және мемлекеттiк кадастрын жүргiзу ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 18 шiлдедегi N 973 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 27, 337-құжат);

      2) "Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi N 910 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 36, 369-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 18 шiлдедегi N 973 және 2003 жылғы 8 қыркүйектегi N 910 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1417 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 50, 661-құжат).

      3. Осы қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 13 қыркүйектегі
N 862 қаулысымен
бекiтілген

Қазақстан Республикасында ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу
ережесi
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 7-бабына сәйкес әзiрлендi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын (бұдан әрi - мемлекеттiк кадастр) жүргiзу тәртiбiн айқындайды.

      2. Мемлекеттiк кадастр Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (бұдан әрi - ЕҚТА) құқықтық мәртебесi, олардың орналасқан жерi, көлемi мен шекарасы, географиялық координаталары, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сандық және сапалық сипаттамалары, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық құндылығы, күзет режимiнiң түрлері, мақсатты пайдаланылуы мен рұқсат етiлген қызмет түрлерi туралы мәлiметтер жүйесiн қамтиды.

      3. Мемлекеттiк кадастрды ЕҚТА жүйесiн дамыту бағдарламаларын әзiрлеу үшiн пайдалану, экологиялық желiнi қалыптастыру және жердi ұтымды пайдалануды жоспарлау әрi биологиялық сан алуандылықты, бiрегей табиғи ландшафттарды сақтауды ескере отырып, өңiрлердiң өндiрiстiк күштерiн орналастыру мақсатында уәкiлеттi органның аумақтық органдары мен облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдар ұсынатын мәлiметтер негiзiнде тұрақты түрде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүргiзедi.

2. Мемлекеттiк кадастрды жүргiзу тәртiбi

      4. Мемлекеттiк кадастр республикалық кадастрлық кiтап пен ЕҚТА-ның кадастр iстерiн қамтиды.

      5. Кадастр iсi әрбiр ЕҚТА-ға жеке ресiмделедi және мыналарды қамтиды:

      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдардың ЕҚТА құру туралы шешiмi;

      2) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес ресiмделген ЕҚТА паспорты;

      3) ЕҚТА-ны құрудың немесе кеңейтудiң табиғи-ғылыми және техника-экономикалық негiздемесiн;

      4) ЕҚТА-ны құрудың немесе кеңейтудiң табиғи-ғылыми және техника-экономикалық негiздемесiне мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысын;

      5) уәкiлеттi органның сұрауы бойынша ұсынылатын ЕҚТА-ның табиғи ресурстардың (жер, су, орман, жануарлар дүниесi, кен орындары мен пайдалы қазбалардың көрiнiмдерi) мемлекеттiк кадастрында көрсетiлуi туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың мәлiметтерiн;

      6) осы ЕҚТА-да анықталған мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн.

      6. Республикалық кадастрлық кiтапта оларды қорғау режимiнiң түрiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдардың ЕҚТА құру туралы шешiмiн көрсете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған барлық ЕҚТА әрбiр облыс бойынша жеке көрсетiледi.

      Республикалық кадастрлық кiтапқа енгiзiлетiн әрбiр ЕҚТА-ға кадастрлық нөмiр берiледi. Тиiстi ЕҚТА-ға ресiмделетiн кадастрлық iс осы нөмiрмен сәйкестендiрiледi.

      7. Мемлекеттiк кадастр ақпаратты жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электронды жүйелерiн пайдалана отырып, қағаз және электронды жеткiзгiштерде жүргiзiледi.

      8. Кадастрлық iстердi ресiмдеудi қоса алғанда, мәлiметтердi өңдеу, мемлекеттiк кадастрға енгiзу уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүргiзiледi.

      9. Уәкiлеттi органның аумақтық органдары мен облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдар уәкiлеттi органға жыл сайын 10 қаңтарға дейiнгi мерзiмде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде құрылған ЕҚТА-ға қатысты осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген құжаттар мен мәлiметтердi электронды және қағаз жеткiзгiштерде ұсынады.

      10. Кадастрлық iс ресiмделетiн құжаттарға немесе мәлiметтерге өзгерiстер енгiзiлген жағдайда, мұндай өзгерiстер туралы уәкiлеттi органның аумақтық органдары мен облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдар электронды және қағаз жеткiзгiштерде тиiстi құжаттар мен мәлiметтердi қоса бере отырып, уәкiлеттi органды жедел хабардар етедi.

3. Қорытынды ережелер

      11. Мемлекеттiк кадастрды жүргiзу бюджет заңнамасына сәйкес қаржыландырылады.

      12. Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдарының сұрауы, заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сұрау салынған аумақтар бойынша мемлекеттiк кадастрдан мәлiметтер берiлуi мүмкiн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады