Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасында бiрлескен өткiзу пункттерiн салу туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Наталья Артемовна Коржоваға оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасында бiрлескен өткiзу пункттерiн салу туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасында бiрлескен өткiзу пункттерiн салу туралы келiсiм жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 1 маусымдағы N 543 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 28 қыркүйектегі
N 937 қаулысымен
мақұлданған
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының
Yкiметi арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасында
бiрлескен өткiзу пункттерiн салу туралы
келiсiм
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
екi мемлекет арасындағы қазiргi достық байланыстарды негiзге ала отырып,
1998 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiмнiң ережелерiн ескере отырып,
екi мемлекеттiң ынтымақтастығын одан әрi дамыту мақсатында, техникалық әрiптестiк ынтымақтастығы жолымен қатынастарды тереңдетуге тiлек бiлдiре отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
1. Тараптар қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасында бiрлескен автомобиль өткiзу пункттерiн салу жөнiндегi iс-қимылдарды үйлестiру мақсатында ынтымақтастықты жүзеге асырады. Бiрлескен автомобиль өткiзу пункттерi орналасатын жерлер жергiлiктi жер рельефiнiң физикалық-географиялық жағдайын, инфрақұрылым мен жол желісінің дамуын ескере отырып, Тараптар мемлекеттерi уәкiлеттi органдарының консультациялары жолымен айқындалады.
2. Осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi уәкiлеттi органдар мыналар болып табылады:
Қазақстан Тарабынан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi,
Ресей Тарабынан - Федералдық кеден қызметi.
3. Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар мемлекеттерi уәкiлеттi органдарының арасында техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырудың жалпы тәртiбiн айқындайды.
Техникалық ынтымақтастықтың жекелеген жобалары бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары қосымша келiсiмдер (бұдан әрi - жобалық келiсiмдер) жасасуы мүмкiн. Жобалық келiсiмдерде, атап айтқанда жобаның мақсатын, қатысушылардың мiндеттерi мен ұйымдастырушылық мәртебесiн, сондай-ақ жобаны орындау кестесiн қамтитын жобаның бiрлескен тұжырымдамасы жазылады.
4. Осы Келiсiм сондай-ақ құрылысы аяқталған, осы Келiсiмге 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасындағы автомобиль өткiзу пункттерiне қатысты да қолданылады.
2-бап
Тараптар осы Келiсiмдi орындау барысында туындайтын шығыстарды Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында көзделген қаражат шегiнде дербес көтередi.
3-бап
1. Бiрлескен автомобиль өткiзу пункттерiн салу Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бiрлескен бақылау үшiн көзделген және осы Келiсiмге 1-қосымшада көрсетiлген бiрлескен автомобиль өткiзу пункттерiн салуды Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Тарабы жүзеге асырады.
3. Бiрлескен бақылау үшiн көзделген және осы Келiсiмге 2-қосымша көрсетiлген бiрлескен автомобиль өткiзу пункттерiн салуды Ресей Республикасының аумағында Ресей Тарабы жүзеге асырады.
4. Көрсетiлген қосымшалар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
4-бап
1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мен қолдануға қатысты Тараптар арасындағы барлық даулар мен келiспеушiлiктер өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi.
2. Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге тиiстi хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң 5-бабының 1-тармағына сәйкес күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
5-бап
1. Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
2. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрiнiң басқа Тараптың оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы тиiстi жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде қалады.
2006 жылғы "___"________ __________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiндегi екi түпнұсқалық данада жасалды, әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Ресей
Федерациясының Үкiметi
арасындағы Қазақстан-
ресей мемлекеттiк шекарасында
бiрлескен өткiзу
пункттерiн салу туралы
келiсiмнiң жобасына
1-қосымша
Қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасында
өткiзу пункттерiнiң тiзбесi
Р/с № |
Өткізу |
Шекаралас |
Шекаралас |
Болжалды жобалық |
Абаттандыруды |
|||
жалпы |
жүк |
жолаушылар |
жеңіл |
|||||
1. |
Шарбақты |
Құлынды |
Ресей |
485 |
80 |
25 |
380 |
2004 ж. |
2. |
Ауыл |
Веселоярск |
Ресей |
255 |
25 |
20 |
200 |
2004 ж. |
3. |
Қарақоға |
Исилькуль |
Ресей |
395 |
30 |
15 |
350 |
2004 ж. |
4. |
Обаған |
Звериноголовское |
Ресей |
395 |
80 |
15 |
300 |
2004 ж. |
5. |
Жайсаң |
Сагарчин |
Ресей |
740 |
110 |
30 |
600 |
2005 ж. |
6. |
Өрлітөбе |
Ольховка |
Ресей |
750 |
120 |
30 |
600 |
2005 ж. |
7. |
Уба |
Михайловка |
Ресей |
400 |
70 |
10 |
320 |
2005 ж. |
8. |
Құрманғазы |
Қараөзек |
Ресей |
340 |
80 |
10 |
250 |
2006 ж. |
9. |
Бидайық |
Одесское |
Ресей |
300 |
70 |
200 |
30 |
2008 ж. |
Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Ресей
Федерациясының Үкiметi
арасындағы Қазақстан-
ресей мемлекеттiк шекарасында
бiрлескен өткiзу
пункттерiн салу туралы
келiсiмнiң жобасына
2-қосымша
Ресей-қазақстан мемлекеттік шекарасында
өткізу пункттерінің тізбесі
Р/с № |
Өткізу |
Шекаралас |
Шекаралас |
Болжалды жобалық |
Абаттандыруды |
|||
жалпы |
жүк |
жолаушылар |
жеңіл |
|||||
1. |
Петухово |
Жаңа жол |
Қазақстан |
1500 |
650 |
50 |
800 |
2004ж. |
2. |
Бугристое |
Қайрақ |
Қазақстан |
2000 |
300 |
100 |
1600 |
2004ж. |
3. |
Озинки |
Тасқала |
Қазақстан |
250 |
90 |
6 |
154 |
2005ж. |
4. |
Маштаково |
Сырым |
Қазақстан |
1000 |
150 |
30 |
820 |
2008ж. |
5. |
Илек |
Ақсай |
Қазақстан |
500 |
100 |
20 |
380 |
2008ж. |
6. |
Павловка |
Қосақ |
Қазақстан |
500 |
100 |
20 |
380 |
2008ж. |
7. |
Орск |
Әлімбет |
Қазақстан |
1000 |
150 |
50 |
800 |
2009ж. |
8. |
Малиновое озеро |
Қоянбай |
Қазақстан |
500 |
100 |
70 |
330 |
2010ж. |
9. |
Горняк |
Жезкент |
Қазақстан |
1000 |
150 |
50 |
800 |
2010ж. |