Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 975 Қаулысы

      2006-2007 жылғы қысқы кезеңде Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн объектiлердiң орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Шығыс Қазақстан облысының әкiмiне аудару үшiн жылумен жабдықтау объектiлерiнде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге 400000000 (төрт жүз миллион) теңге сомасында және 2006-2007 жылғы жылыту кезеңiне отынның нормативтiк қорын жасауға 330000000 (үш жүз отыз миллион) теңге сомасында жалпы сомасы 730000000 (жетi жүз отыз миллион) теңге мақсатты трансферттер бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады