Қазақстан Республикасының қор нарығын одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - холдинг) меншiгiнде "Қазақтелеком" акционерлiк қоғамының дауыс беретiн акциялары (бұдан әрi - "Қазақтелеком" АҚ-ның акциялары) жалпы санының кемiнде 51 пайызын сақтай отырып, "Қазақтелеком" акционерлiк қоғамының әрқайсысының номиналдық құны 1000 (бip мың) теңге 497597 (төрт жүз тоқсан жетi мың бес жүз тоқсан жетi) дана жай атаулы акцияларды құрайтын дауыс беретiн акцияларының жалпы санының 4,6 пайызы iшкi қор нарығында сатылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) екi апта мерзiмде холдингпен бiрлесiп, "Қазақтелеком" АҚ-ның акцияларын сату жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiтудi;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.