Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 21 сәуiрдегi N 313
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 14, 136-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Тергеу комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Криминалдық полиция комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
4) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат берiлсiн.".
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 21 сәуiрдегi N 313 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 қазандағы N 1014 Қаулысы
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз