Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.31. N 1167 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесi;
2) "Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесi бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 7 қарашадағы
N 1059 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурсқа (бұдан әрi - конкурс) қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртiбiн белгiлейдi.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығы (бұдан әрi - сыйлық) конкурстың лауреаттарына берiледi және конкурстың эмблемасы мен дипломын берудi көздейдi.
4. Заңды тұлғалар конкурсқа мынадай номинациялар бойынша қатысады:
1) "Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын";
2) "Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын";
3) "Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын".
5. Әр номинация бойынша мынадай санаттар бойынша екi сыйлық берiледi:
1) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi;
2) iрi кәсiпкерлiк субъектiсi.
6. Сыйлықты алуға арналған конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының индустрия және сауда саласындағы уәкiлеттi органы (бұдан әрi - конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.
7. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртiбi
8. Сыйлық конкурсқа ұсынылатын материалдарға сараптама жүргiзу және сарапшылардың баллдық баға қоюы негiзiнде әр номинация бойынша үмiткерлердiң арасынан жеңiмпаздарды айқындау жолымен конкурстық негiзде жыл сайын берiледi.
9. Конкурсқа қатысу үшiн заңды тұлға конкурсты ұйымдастырушыға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiмдi және мыналарды қамтитын белгiлi бiр құжаттардың 3 данадағы жиынтығын бередi:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысанда толтырылған сауалнама-декларация;
2) оның қызмет деңгейiн өзiн-өзi бағалауды және сапа саласындағы нақты нәтижелердi бiлдiретiн заңды тұлғаның есебi - 36 беттен көп емес;
3) есепке қосымша (диаграммалар, графиктер, кестелер, құжаттардың көшiрмелерi және тағы басқалар) - 30 беттен көп емес;
4) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес 1a-дан 9б-ға дейiнгi өлшемдер көрсеткiштерiнiң негiзiнде толтырылған заңды тұлғалардың сапа саласындағы қызметiн бағалау (өзiн-өзi бағалау) жөнiндегi сауалнама;
5) салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесi;
6) менеджмент жүйелерi сертификаттарының көшiрмелерi.
10. Конкурсқа қатысу үшiн материалдарды ұсыну мерзiмi - конкурс өткiзiлетiн жылдың 1 қыркүйегiне дейiн.
11. Заңды тұлғалардың есебi:
1) заңды тұлға қызметiне қысқаша шолудан;
2) Қазақстан Республикасының Президентi сыйлығының моделiне сәйкес белгiленген бағалау (өзiн-өзi бағалау) өлшемдерiнiң сипаттамасынан тұруы тиiс.
12. Көлемi A4 форматты 6 беттен аспайтын шолуда:
1) заңды тұлғаның тарихы;
2) өнiмнiң (қызметтердiң) негiзгi түрлерiнiң сипаттамасы;
3) ұйымдық құрылымы;
4) өнiмнiң (қызметтердiң) сапасына қойылатын негiзгi талаптар;
5) өнiмдi өткiзудiң негiзгi нарықтары немесе көрсетiлген қызметтер (өңiрлiк, республикалық, халықаралық) туралы ақпарат;
6) өнiмдi (қызметтердi) негiзгi тұтынушылардың сипаттамасы;
7) заңды тұлғаның маңыздылығын бiлдiретiн өзге де ақпарат қамтылуға тиiс.
13. Заңды тұлғаның мүмкiндiктерi мен қызметiнiң нәтижелерiн сипаттайтын өлшемдердi конкурсты ұйымдастырушы айқындайды.
14. Конкурсты ұйымдастырушының шешiмiмен конкурсқа ұсынылатын материалдарға алдын ала сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн конкурсты ұйымдастырушының, министрлiктер мен ведомствалардың өкiлдерiнен және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерiнен сараптамалық топтар құрылады.
15. Сарапшылар тобының сандық құрамы кемiнде 7 адамды құрауы тиiс.
16. Заңды тұлғалар ұсынған материалдарды алдын ала сараптамалық бағалауды жүргiзу:
1) сауалнама-сұрақнама бойынша өзiн-өзi бағалаудың объективтiлiгiн айқындау мақсатында конкурсқа қатысушылардың қызметiн алдын ала сараптамалық бағалау жүргiзудi және олармен келiсудi;
2) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес конкурсты ұйымдастырушы мен сараптамалық топтар жүзеге асыратын алдын ала сараптамалық бағалауды қамтиды.
17. Сараптамалық топ материалдарға алдын ала сараптамалық бағалау жүргiзгеннен кейiн 2 данадағы құжаттардың жиынтығы мен сараптамалық қорытынды конкурсты ұйымдастырушыға жiберiледi.
18. Конкурсты ұйымдастырушы осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысандағы конкурсқа қатысушылардың материалдарын және осы материалдар бойынша алдын ала қорытындыны Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығының лауреаттары атақтарын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы дипломанттары атақтарын беру жөнiндегi комиссияның қарауына ұсынады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
бағалау ережесiне
1-қосымша
Тiркеу нөмiрi ________________________
Конкурстың ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитетi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысуға
ӨТIНIМ
1. Өтiнiм берушi
Заңды тұлғаның атауы _______________________________________
____________________________________________________________
Мекен-жайы _________________________________________________
Жұмыс iстеу кезеңi _________________________________________
2. Заңды тұлғаның басшысы
Тегi, аты, әкесiнiң аты ____________________________________
Лауазымы ___________________________________________________
Мекен-жайы _________________________________________________
Қызметтiк телефоны,
факс _______________________________________________________
3. Заңды тұлғаның сипаттамасы
Қызметкерлердiң жалпы саны _________________________________
Филиалдардың саны __________________________________________
Қосымша:
1. Сауалнама-декларация - 1 дана
2. Құжаттар жиынтығы - 3 дана
Басшының қолы
"___"________ жыл
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
бағалау ережесiне
2-қосымша
Тiркеу нөмiрi ___________________
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға конкурсанттың сауалнама-декларациясы
1. Конкурсант
Заңды тұлғаның атауы ________________________________________
_____________________________________________________________
Заңды мекен-жайы ____________________________________________
2. Басшы
Тегi, аты, әкесiнiң аты _____________________________________
Лауазымы ____________________________________________________
_____________________________________________________________
Почталық мекен-жайы _________________________________________
_____________________________________________________________
Қызметтiк телефоны _________________________________
3. Заңды тұлғаның атауы туралы мәлiмет
Қызметкерлердiң жалпы саны _____________________
Филиалдардың саны ______________________________
Шығарылатын өнiмдердiң (жұмыстардың, қызметтердiң) маңызды түрлерiнiң үш атауы СЭҚТН, СЭҚ ӨК кодтары _________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
4. Конкурсқа өкiлеттi және жауапты тұлға
Тегi, аты, әкесiнiң аты _____________________________________
Лауазымы _________________________________
Телефон __________ факс ___________
5. Декларация
Кәсiпорын атынан бiз конкурсқа қатысушылар үшiн белгiленген ережелердi орындауға келiсетiндiгiмiздi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығының лауреаттары атақтарын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанттары атақтарын беру жөнiндегi комиссиясының шешiмiн түпкiлiктi ретiнде қабылдайтындығымызды мәлiмдеймiн. Сараптаманы жергiлiктi жерде жүргiзу қажеттiлiгi жағдайында бiз оның ашық және әдiл өткiзiлуiне жәрдемдесетiн боламыз. Бiз осындай сараптамаға байланысты шығыстарды кәсiпорынның көтеруге тиiс екенiн түсiнемiз.
Басшының қолы
200 ж. "___"____________
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
бағалау ережесiне
3-қосымша
Заңды тұлғаның сапа саласындағы қызметін бағалау
(өзін-өзі бағалау) бойынша сауалнама
Сыйлық моделіне сәйкес өлшемнің атауы |
Баллдар |
Өлшем көрсеткіштері |
Баға, баллмен |
Ескертпе |
||
Өлшем көрсеткішінің ең жоғарғы бағасы |
Өзін-өзі бағалау |
Сараптама бағасы |
|
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Басшылықтың көшбасшылық ролі |
100 |
1а |
25 |
|
|
|
|
1б |
25 |
|
|
|
|
|
1в |
25 |
|
|
|
|
|
1г |
25 |
|
|
|
|
Сапа саласындағы саясат және стратегия |
100 |
2а |
25 |
|
|
|
|
2б |
25 |
|
|
|
|
|
2в |
25 |
|
|
|
|
|
2г |
25 |
|
|
|
|
Персонал |
100 |
3а |
20 |
|
|
|
|
3б |
20 |
|
|
|
|
|
3в |
20 |
|
|
|
|
|
3г |
20 |
|
|
|
|
|
|
3д |
20 |
|
|
|
Әріптестік және ресурстар |
80 |
4а |
16 |
|
|
|
|
4б |
16 |
|
|
|
|
|
4в |
16 |
|
|
|
|
|
4г |
16 |
|
|
|
|
|
4д |
16 |
|
|
|
|
Ұйым жүзеге асыратын үдерістер |
120 |
5а |
24 |
|
|
|
|
5б |
24 |
|
|
|
|
|
5в |
24 |
|
|
|
|
|
5г |
24 |
|
|
|
|
|
5д |
24 |
|
|
|
|
Мүмкіндіктер бағаланады |
Барлығы |
max |
500 балл |
|
|
|
Өнімнің (қызметтердің) сапасына тұтынушылардың қанағаттанушылығы |
200 |
6а |
150 |
|
|
|
|
6б |
50 |
|
|
|
|
Персоналдың қанағаттанушылығы |
90 |
7а |
67,5 |
|
|
|
|
7б |
22,5 |
|
|
|
|
Ұйымның қоғамға ықпалы |
70 |
8а |
40 |
|
|
|
|
8б |
30 |
|
|
|
|
Ұйым жұмысының нәтижелері |
140 |
9а |
70 |
|
|
|
|
9б |
70 |
|
|
|
|
Нәтижелер бағаланады |
Барлығы |
max |
500 балл |
|
|
|
Барлық көрсеткіштер бойынша баллдардың жалпы саны |
|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
бағалау ережесiне
4-қосымша
Тіркеу нөмірі _____________________
"Материалдарды сараптау" конкурсын ұйымдастырушының алдын ала қорытындысы
Кәсіпорынның атауы |
Конкурсқа қатысушының құжаттары |
Сараптамалық баға |
Жұмыс органының бағасы |
Ескертпе |
|
Өтінім:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тұжырымдар: _______________________________________________
___________________________________________________________
Ұсыныстар: ________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Конкурсты ұйымдастырушының қолы
200 ___ жылғы "___"__________
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
бағалау ережесiне
5-қосымша
Тіркеу нөмірі ____________
Конкурсты ұйымдастырушының алдын ала қорытындысы
Заңды тұлғаның атауы _______________________________________
Өлшемдер |
Конкурсанттың өзін-өзі бағалауы, баллмен |
Сараптау бағасы, баллмен |
Түпкілікті баға, баллмен |
|
Өлшемнің атауы |
Ең жоғарғы баға, баллмен |
|||
1. Басшылықтың көшбасшылық ролі |
100 |
|
|
|
2. Сапа саласындағы саясат және стратегия |
100 |
|
|
|
3. Персонал |
100 |
|
|
|
4. Әріптестік және ресурстар |
80 |
|
|
|
5. Ұйым жүзеге асыратын үдерістер |
120 |
|
|
|
6. Тауар сапасына тұтынушылардың қанағаттанушылығы |
200 |
|
|
|
7. Персоналдың қанағаттанушылығы |
90 |
|
|
|
8. Ұйымның қоғамға ықпалы |
70 |
|
|
|
9. Ұйым жұмысының нәтижелері |
140 |
|
|
|
Барлық өлшемдер бойынша баллдардың жалпы саны |
max
|
|
|
|
Тұжырымдар: _______________________________________________
___________________________________________________________
Ұсыныстар: ________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Конкурсты ұйымдастырушының қолы
200 ___ жылғы "___"__________
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 7 қарашадағы
N 1059 қаулысымен
бекiтiлген
"Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. "Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Ереже "Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына (бұдан әрi - конкурс) ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртiбiн белгiлейдi.
3. Республикалық конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының индустрия және сауда саласындағы уәкiлеттi органы (бұдан әрi - конкурсты ұйымдастырушы), "Алтын сапа" өңiрлiк көрме-конкурстарының ұйымдастырушылары (бұдан әрi - өңiрлiк конкурстарды ұйымдастырушылар) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi болып табылады.
4. Конкурс конкурс дипломанттарына конкурстың эмблемасы мен дипломын берудi көздейдi.
5. Конкурс конкурсты ұйымдастырушының ресми сайтында жарияланатын Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығының лауреаттары атақтарын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанттары атақтарын беру жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) шешiмiмен бекiтiлетiн iс-шаралар жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
6. Конкурсты ұйымдастыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде жүзеге асырылады.
2. "Алтын сапа" өңiрлiк көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау тәртiбi
7. "Алтын сапа" өңiрлiк көрме-конкурсына ұсынылатын материалдар мен өнiмдердi алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшiн өңiрлiк сараптамалық комиссия құрылады.
8. Өңiрлiк сараптамалық комиссия өңiрлiк конкурсты ұйымдастырушының шешiмiмен құрылады.
9. Өңiрлiк конкурсқа қатысуға:
1) Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсiптiк, азық-түлiк тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы (қару-жарақ пен әскери техника өндiрiсiн қоспағанда) өнiмдердi өндiрудi жүзеге асыратын;
2) өнiм сапасының тұрақты жоғары деңгейiн қамтамасыз ету және оны жүйелi түрде жақсарту бойынша оң нәтижелерi бар заңды тұлғалар немесе жеке кәсiпкерлер (бұдан әрi - конкурсқа қатысушылар) үмiткер бола алады.
10. Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысуға өтінім және сауалнама-декларация;
2) сапа және қауiпсiздiк туралы сертификаттар мен қорытындылардың көшiрмелерi (сәйкестiк сертификаты, экологиялық сертификат, гигиеналық қорытынды - болған кезде);
3) менеджмент жүйесiне арналған сертификаттардың көшiрмелерi (болған кезде);
4) негiзгi өлшемдер мен сипаттамалардың сандық мәндерi көрсетiлген өнiмнiң негiзгi тұтынушылық қасиеттерiнiң негізгi сипаттамасы;
5) конкурсқа қатысушылар өз нәтижелерiн және осы көрсеткiштердiң өзгеру үрдiсiн бағалайтын көрсеткiштер.
11. Конкурсқа қатысушылар қызметiнiң нәтижелерi туралы ақпарат графиктер немесе диаграммалар түрiнде ұсынылады, олар ұсынылған сандық деректердiң маңыздылығы мен ерекшелiктерiн түсiнуге мүмкiндiк беретiн қысқаша түсiнiктермен сүйемелденуi тиiс.
12. Өңiрлiк конкурстар өңiрлiк конкурстарды ұйымдастырушы белгiлеген мерзiмде, бiрақ конкурсты өткiзу жылының 30 тамызынан кешiктiрiлмей өткiзiледi.
13. Өңiрлiк конкурстардың ұйымдастырушылары конкурстарды өткiзу жылының 15 қыркүйегiнен кешiктiрмей өңiрлiк конкурстар жеңiмпаздарының қажеттi құжаттарын конкурсты ұйымдастырушыға жiбередi.
14. Өңiрлiк конкурстардың жеңiмпаздары республикалық конкурсқа қатысады.
3. "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi алдын ала бағалау тәртiбi
15. "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi алдын ала бағалауды жүргiзу үшiн республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешiмiмен сараптамалық топтар (бұдан әрi - сараптамалық топтар) құрылады.
16. Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемiнде 7 адамды құрауы тиiс.
17. Сараптамалық топтардың құрамына:
1) кестеге әрбiр айқындама бойынша өзiнiң бағасын қоятын (олардың бағаланатын өнiмдi алқалы талқылауға, ұсынылған материалдарды талдауға қатысуын негiзге ала отырып);
2) қалған айқындамаларды сызып тастай отырып, кестеге бағаны өзiнiң құзыреттiлiгi жеткiлiктi деп есептейтiн айқындамаларға ғана қоятын конкурсты ұйымдастырушының, министрлiктер мен ведомстволардың, сапа саласындағы мамандардың өкiлдерi, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi қатарынан тағайындалатын төраға, оның орынбасары және сарапшылар кiредi.
Конкурсты ұйымдастырушы сараптамалық бағалаудың толтырылған кестелерiн құжаттар жиынтығы құрамында Комиссияға жiбередi.
18. Комиссия сараптамалық топтардың алдын ала қорытындысының негiзiнде:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес "Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар";
2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес "Халық тұтынатын үздiк тауарлар";
3) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес "Үздiк азық-түлiк тауарлар" номинациялары бойынша дипломанттарды бекiту туралы түпкiлiктi шешiм қабылдайды.
19. Жеке өлшем, талап, көрсеткiш бойынша алдын ала жұмыс жүргiзiледi, оның мақсат толығын және мазмұнын сараптамалық топ айқындайды.
20. Егер әрбiр номинацияда өнiмнiң әрбiр түрi бойынша кемiнде екi үмiткер қатысса, конкурс өткiзiлген болып саналады.
"Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар
мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
сараптамалық бағалау ережесiне
1-қосымша
"Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар"
номинациясы
Облыс ____________________________________________________
Ұйым _____________________________________________________
Өнiм _____________________________________________________
Бұйымның жиынтық баллы ___________________________________
САРАПТАМАЛЫҚ БАҒАЛАУ КЕСТЕСI
Р/с
|
Өлшемдер, талаптар, көрсеткіштер |
Сарапшылар |
Орташа балл |
|||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
||
1 |
2 |
3 |
4 |
|||||||||
1 |
Отандық баламаларымен салыстырғанда техникалық деңгейi (1-10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
Экспортқа шығарылатын өнiмнiң өндiрiлу көлемiнен үлесi (10% үшiн 1 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнiм өндiрiсi көлемiнiң артуы (10% үшiн 1 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылау органдары, сатып алушы ұйымдар тарапынан сараптамалық расталған талаптардың болуы/жоқтығы (0, 10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
Тұтынушылардың, сатып алушы ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың түрлi өңiрлерiнен және оның шегiнен тыс жерлерден кемiнде 10 ресми ресiмделгендер) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
қазақстандық және өңiрлiк шикiзат пен материалдарды % пайдалану (әрбiр 10% үшiн 1 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
Сапа көрсеткiштерiнiң тұрақтылық деңгейi, менеджменттiң сертификатталған жүйесiнiң болуы (1, 10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
Маркетингтiк саясат, бәсекеге қабiлеттiлiктi басқару тиiмдiлiгiнiң деңгейi (1-10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9 |
Бұйымды дайындау кезiнде пайдаланылатын жаңалықтар, технологиялар прогрессивтiлiгi ("ноу-хаудың", өнер табыстарының, патенттердiң болуы) (1-10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10 |
Өнiмнiң, ораудың дизайны, эстетикалық қасиеттерi (1-10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бұйымның жиынтық баллы (Е орт. балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жауапты тұлға (т.а.ә.)________________
________________
Қолы ___________
"Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар
мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
сараптамалық бағалау ережесiне
2-қосымша
"Халық тұтынатын үздiк тауарлар"
номинациясы
Облыс ____________________________________________________
Ұйым _____________________________________________________
Өнiм _____________________________________________________
Бұйымның жиынтық баллдары ________________________________
САРАПТАМАЛЫҚ БАҒАЛАУ КЕСТЕСI
Р/с
|
Өлшемдер, талаптар, көрсеткіштер |
Сарапшылар |
Орташа балл |
|||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
||
1 |
2 |
3 |
4 |
|||||||||
1 |
Отандық баламаларымен салыстырғанда тұтыну қасиеттерінің техникалық деңгейi (1-10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
Экспортқа шығарылатын өнiмнiң өндiрiлу көлемiнен үлесi (10% үшiн 1 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнiм өндiрiсi көлемiнiң артуы (10% үшiн 1 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
Әлеуметтiк бәсекеге қабiлеттiлiк деңгейi (ұқсастарымен салыстырғандағы бағасы және қазақстандық нарықта қол жетiмдiлiгi) (1 - 10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылау органдары, сатып алушы ұйымдар тарапынан сараптамалық расталған талаптардың болуы/жоқтығы (0, 10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
Тұтынушылар, сатып алушы ұйымдар пiкiрлерi (республиканың түрлi өңірлерiнен және одан тыс жерлерден 10 pесми ресiмделгеннен кем емес (0, 10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
қазақстандық шикiзат пен материалдарды % пайдалану (әрбiр 10% үшiн 1 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
Сапа көрсеткiштерiнiң тұрақтылық деңгейi, сертификатталған менеджмент жүйесiнiң болуы (1-10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9 |
"Тамақ өнiмдерi. Тұтынушыларға арналған ақпарат. Жалпы талаптар" ҚР СТ 1010-99 сақталуы/сақталмауы (0, 10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10 |
Өнiмнiң, ораудың дизайны, эстетикалық қасиеттерi (1-10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бұйымның жиынтық баллы (Е орт. балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жауапты тұлға (т.а.ә.)________________
________________
Қолы ___________
"Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар
мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
сараптамалық бағалау ережесiне
3-қосымша
"Үздiк азық-түлік тауарлар"
номинациясы
Облыс ____________________________________________________
Ұйым _____________________________________________________
Өнiм _____________________________________________________
Бұйымға қорытынды баллы __________________________________
САРАПТАМАЛЫҚ БАҒАЛАУ КЕСТЕСI
Р/с
|
Өлшемдер, талаптар, көрсеткіштер |
Сарапшылар |
Орташа балл |
|||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
||
1 |
2 |
3 |
4 |
|||||||||
1 |
Отандық баламаларымен салыстырғанда техникалық деңгейi (1-10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
Өндiрiлетiн көлемнен экспортқа шығарылатын өнiм үлесi (10% үшiн 1 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнiм өндiрiсi көлемiнiң ұлғаюы (10% үшiн 1 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылау органдары, сатып алушы ұйымдар тарапынан сараптамалық расталған талаптардың болуы/ жоқтығы (0, 10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
Тұтынушылардың, сатып алушы ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың түрлi өңiрлерiнен және оның шегiнен тыс жерлерден кемiнде 10 ресми ресiмделгендер) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
Қазақстандық және өңiрлiк шикiзат пен материалдардың % пайдаланылуы (әрбiр 10% үшiн 1 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
Сапа көрсеткiштерiнiң тұрақтылық деңгейi, менеджменттiң сертификатталған жүйесiнiң болуы (1, 10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
Маркетингтiк саясат, бәсекеге қабiлеттiлiктi басқару тиiмдiлiгiнiң деңгейi (1-10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9 |
Бұйымды дайындау кезiнде пайдаланылатын жаңалықтар, технологиялар прогрессивтiлiгi ("ноу-хаудың", өнер табыстарының, патенттердiң болуы) (1-10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10 |
Өнiмнiң, ораудың дизайны, эстетикалық қасиеттерi (1-10 балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бұйымның жиынтық баллы (Е орт. балл) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жауапты тұлға (т.а.ә.)________________
________________
Қолы ___________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 7 қарашадағы
N 1059 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Сапа саласындағы конкурстар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 11, 125-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 1593 қаулысы .
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1727 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 48, 580-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 қыркүйектегi N 999 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 39, 411-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 қарашадағы N 1147 қаулысы .
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 715 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 28, 360-құжат).