Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3-үй, 2-құрылыс мекен-жайында орналасқан ғимаратты Қазақстан Республикасының меншігіне беру туралы келісімге қол қою туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкметінің 2006 жылғы 17 қарашадағы N 1087 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 мамырдағы N 489 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.21  N 489  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1.   Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3-үй, 2-құрылыс мекен-жайында орналасқан ғимаратты Қазақстан Республикасының меншігіне беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Баймолдаұлы Онжановқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3-үй, 2-құрылыс мекен-жайында орналасқан ғимаратты Қазақстан Республикасының меншігіне беру туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған«күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Жоба

  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3-үй, 2-құрылыс мекен-жайында орналасқан ғимаратты Қазақстан Республикасының меншігіне беру туралы келісім

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
      1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясының ережелерін негізге ала отырып,
      1992 жылғы 9 қазандағы Құқықтарды өзара тану және меншік қатынастарын реттеу туралы келісімді ескере отырып,
      1998 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі "1998 жылғы Келісім" деп аталады) 2-бабының ережелеріне сәйкес,
      төмендегілер туралы келісті:

  1-бап

      Ресей Тарабы Қазақстан Республикасының меншігіне жалпы алаңы 5113 ш.м, Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3-үй, 2-құрылыс мекен-жайында орналасқан ғимаратты (бұдан әрі»"ғимарат" деп аталады) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясының 41-бабының 3-тармағына қатаң сәйкестікте қызметтік мақсаттарда ғана пайдалануы үшін береді.
      1998 жылғы Келісім бойынша ғимарат орналасқан алаңы 6000 ш.м жер учаскесі жылына 1 рубль жалдау ақысымен 49 жыл мерзімге Қазақстан Тарабына жалға берілген.

  2-бап

      Ғимарат борыштардан, ауыртпалықтардан және үшінші тұлғалардың құқықтарынан азат күйінде беріледі.

  3-бап

      Ғимарат болатын мемлекеттің оны сатып алуға басым құқығы ескеріле отырып, сатылуы мүмкін. Осы Келісімнің қолданылуы сатылған ғимаратқа қатысты өздігінен тоқтатылады.

  4-бап

      Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес ғимаратқа меншік құқығын өзара негізде заңды ресімдеуді қамтамасыз етеді.

  5-бап

      Телефондарды, телетайптық байланысты, радиоқондырғыларды пайдаланғаны үшін және ғимаратты жөндеу мен күтіп ұстау үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу Ресей Федерациясында дипломатиялық өкілдіктер мен оның қызметкерлері үшін қолданылатын нормативтер мен тарифтер бойынша жүргізіледі.

  6-бап

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер және консультациялар арқылы шешетін болады.

  7-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын хаттамалармен ресімделеді.

  8-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті тиісті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағанын растайтын соңғы жазбаша хабарламадағы күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім 49 жыл мерзімге жасалады және Тараптардың бірі тиісті кезең аяқталарға дейін кемінде бір жыл бұрын оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы екінші Тарапқа жазбаша нысанда хабарлаған уақытқа дейін кейінгі осындай кезеңдерге өздігінен ұзартылатын болады.
      200 _ жылғы__ _________ _________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

       Қазақстан Республикасының         Ресей Федерациясының
           Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады