Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 1266 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 қарашадағы N 1088 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 1266 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 49, 626-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

      Әбдіхалықова

      Гүлшара Наушақызы - Қазақстан Республикасының Еңбек

      және халықты әлеуметтік қорғау

      вице-министрі, төрайымның орынбасары

      Байсеркин - Қазақстан Республикасы Денсаулық

      Бауыржан Сәтжанұлы сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу

      жұмысы департаментінің директоры

      Рамазанова - Қазақстан Республикасы Еңбек және

      Динара Қайырбекқызы халықты әлеуметтік қорғау

      министрлігі Әлеуметтік нормативтер

      және мүгедектерді оңалту

      департаменті мүгедектерді оңалту

      және әлеуметтік қызметтерді дамыту

      бөлімінің бастығы, хатшы;

      "Дүйсенова Тамара Босымбекқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, төрайымның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дүйсенова Тамара Босымбекқызы - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары";

      "Манабаева Қайни Алдабергенқызы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік нормативтер және мүгедектерді оңалту департаментінің директоры, хатшы" деген жолдағы"", хатшы" деген сөз алынып тасталсын;

      көрсетілген құрамнан Ақанов Айқан Ақанұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады