Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қарашадағы N 1096 Қаулысы

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңына ,»"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

         1.   Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігіне Астана қаласының аумағында аэрофото түсіру жұмыстарын жүргізу үшін 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 105000000 (бір жүз бес миллион) теңге бөлінсін.

      2. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228  қаулысына мынадай
толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлімінде:
      10»"Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:
      614»"Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын:
      109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу";
      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында, "Жер қатынастары" ішкі функциясында, 614 "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі" әкімшісі бойынша Астана қаласының аумағында аэрофото түсіру жұмыстарын жүргізу үшін 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша шығындар 105000 мың теңге сомасына ұлғайтылсын;
      13 "Басқалар" функционалдық тобында, 09 "Басқалар" ішкі функциясында, 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" әкімшісі бойынша 010 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві" бағдарламасында, 101 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві" кіші бағдарламасында шығындар 105000 мың теңге сомасына азайтылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады