Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
"Қазақстан Республикасындағы ойын бизнесiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасында ойын бизнесiнiң
кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасындағы ойын бизнесiн реттеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
1. Қазақстан Республикасындағы казино мен ойын автоматтарының залдары 2007 жылғы 1 сәуiрден бастап Алматы облысының Қапшағай қаласында (Қапшағай су қоймасының оң жоқ жағалауы) және Ақмола облысының Шучье ауданында ғана жұмыс iстей алады деп белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Қазақстан Республикасының Парламентiнде "Ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын тиiстi пысықтауды қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiн ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган етiп белгiлесiн.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi заңсыз ойын бизнесiнiң жұмыс iстеуiне жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiмен бiрлесiп, ойын бизнесiн ұйымдастырушылармен насихаттық және түсiндiру жұмысын жүргiзсiн.
5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) 2007 жылғы 1 сәуiрге дейiн Алматы облысының Қапшағай қаласында (Қапшағай су қоймасының оң жақ жағалауы) және Ақмола облысының Шучье ауданында орналасқан казино мен ойын автоматтары залдарын қоспағанда, казино мен ойын автоматтары залдарының қызметiн тоқтату жөнiнде;
2) заңнамада белгiленген тәртiппен Алматы облысының Қапшағай қаласына (Қапшағай су қоймасының оң жақ жағалауы) және Ақмола облысының Шучье ауданына қоныс аудармайтын ойын бизнесiн ұйымдастырушыларға басқа қызмет салаларына қайта бейiмделуге жәрдем көрсету жөнiнде;
3) казино мен ойын автоматтары залдарының қызметiн тоқтатуға байланысты жергiлiктi бюджеттердiң шығындарына және халықтың жұмыспен қамтылуының төмендеуiне жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдасын.
6. Алматы және Ақмола облыстарының әкiмдерi:
1) 2007 жылғы 1 ақпанға дейiн бас жоспарларға өзгерiстер енгiзе отырып, Алматы облысы Қапшағай қаласының (Қапшағай су қоймасының оң жақ жағалауы) және Ақмола облысы Шучье ауданының шегiнде ойын орындарының орналасатын жерiн белгiлеудi;
2) ойын бизнесiн ұйымдастырушыларға Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде көзделген тәртiппен Алматы облысының Қапшағай қаласында (Қапшағай су қоймасының оң жақ жағалауы) және Ақмола облысының Шучье ауданында жер учаскелерiн берудi қамтамасыз етсiн.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi