Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Pecпубликасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын
мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған N 268 Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексiне
(Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжат; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат;):
1) 118-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"118-бап. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу
1. Жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы мен басқа да құқықтар, осы құқықтардың ауыртпалығы, олардың туындауы, өзгеруi және тоқтатылуы мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
2. Егер осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы, оралымды басқару құқығы, кемiнде бiр жыл мерзiмге жер пайдалану құқығы, кемiнде бiр жыл мерзiмге пайдалану құқығы, кепiл, сенiмгерлiкпен басқару құқығы және Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мемлекеттiк тiркеудiң өзге де объектiлерi мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап туындайды.
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтың туындауына (өзгеруiне немесе тоқтатылуына) немесе құқық ауыртпалығына негiз болып табылатын жылжымайтын мүлiкпен жасалатын мәмiле дербес мемлекеттiк тiркеу объектiсi болып танылмайды және тиiстi құқықты (құқық ауыртпалығын) тiркеумен бiр мезгiлде тiркеледi.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтың туындауына (өзгеруiне немесе тоқтатылуына) немесе құқық ауыртпалығына негiз болып табылмайтын жылжымайтын мүлiкпен жасалатын мәмiле дербес мемлекеттiк тiркеу объектiсi болып танылады.
4. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiленi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы орган құқық иеленушiнiң қолдаухаты бойынша тiркеу үшiн табыс етiлген құжатқа жазба жасау арқылы тiркеуден өткендiгiн куәландыруға мiндеттi.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеу меншiк құқығы (өзге заттай құқық) туралы куәлiкпен куәландырылады. Егер тiркеуден бас тартылмаса, өтiнiш берген сәт мемлекеттiк тiркеу сәтi деп танылады.
5. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу жария түрде өтедi. Тiркеудi жүзеге асырушы орган жасалған тiркеу мен тiркелген құқықтар туралы ақпаратты жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы заңнамада белгiленген тәртiппен кез-келген адамға беруге мiндеттi.
6. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды немесе онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеуден бас тартқан не тiркеуден негiзсiз жалтарған жағдайда сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
7. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi және тiркеуден бас тарту негiздерi осы Кодекске, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленедi.".
2) 155-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, заңнамалық актiлерге сәйкес мемлекеттiк немесе өзге де тiркелуге тиiс мәмiлелер тiркелген сәттен бастан жасалған болып есептеледi.
Тiркеуден бас тарту жазбаша түрде ресiмделуге тиiс және заңнама талаптарының бұзылуына сiлтеме жасауға болады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер тараптардың бiрi мәмiле бойынша құқықтарды мемлекеттiк тiркеуден жалтарса, сот екiншi тараптың талабы бойынша мәмiле бойынша құқықтарды тiркеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Мұндай жағдайда құқық сот шешiмiне сәйкес тiркеледi.".
2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
Кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85-86-құжаттар; N 15, 32, 95-құжаттар;):
1) мынадай мазмұндағы 388-1-баппен толықтырылсын:
"388-1-бап. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды беру мерзiмiн бұзу
Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды беру тәртiбiн алты айдан астам уақытқа бұзуы -
Жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғалар үшiн - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
2) 541-баптың 1-тармағы "388" деген саннан кейiн "388-1," деген санмен толықтырылсын;
3) 636-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы жиырма тоғызыншы абзац "376" деген саннан кейiн ", 388-1" деген санмен толықтырылсын.
3. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Жер
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79-құжат; N 12, 83-құжат; N 16, 97-құжат;):
1) барлық мәтiндер бойынша "құқықты куәландыратын құжаттар" тиiсiнше "сәйкестендiру құжаттары" деген сөздерге ауыстырылсын;
2) 12-баптың 33 және 34-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"33) жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжат - осылардың негiзiнде жер учаскесiне құқықтар туындайтын, өзгертiлетiн немесе тоқтатылатын заңдық фактiлердiң (заң құрамдарының) орын алғанын растайтын құжат, соның iшiнде шарттар, соттардың шешiмдерi, атқарушы органдардың актiлерi, мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк, меншiк құқығындағы жер учаскесiне ие немесе уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын сатып алған мемлекеттiк емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезiнде табыстау актiсi немесе бөлу балансы.
34) жер учаскесiне сәйкестендiру құжаты - жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргiзу мақсатында қажеттi жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамасын қамтитын құжат";
3) 43-бапта:
9-тармақта:
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацында "құқықты куәландыратын құжаттар" деген сөздер "сәйкестендiру құжаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Жер учаскесiне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендiру құжаты сатып алушыға немесе өзге құқық иеленушiге берiледi. Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiстерi болмаған жағдайда, мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi жүзеге асыратын орган жаңа сәйкестендiру құжатын бермейдi, құқық иеленушi туралы жазба енгiзедi.".
11-тармақта:
бiрiншi бөлiкте бiрiншi сөйлемде "жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттар" деген сөздер "құқық белгiлейтiн құжаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте "Құқықты куәландыратын" деген сөздер "Құқық белгiлейтiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
4) 51-бапта:
2-тармақта "жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжатта" деген сөздер "сәйкестендiру құжатында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жер учаскесiнiң бөлiнетiн бөлiгiмен мәмiлелер жасаған кезде, бұл бөлiк белгiленген тәртiппен алдын ала дербес жер учаскесi болып бөлiнiп шығарылуға тиiс. Қалған жағдайларда мәмiле мәнi оны шартта сипаттау немесе жер учаскесiнiң бөлiгiне белгiленетiн құқықтың қолданылу аясын (жалдау, өтеусiз пайдалану, сервитут және т.б.) сәйкестендiру құжатына енгiзу арқылы айқындалуы мүмкiн.".
5) 52-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Үйге (ғимаратқа) меншiк құқығы заңнамада белгiленген тәртiппен осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған үйлер (ғимараттар) орналасқан жер учаскесiне меншiк құқығын бiлдiредi. Үйге (ғимаратқа) мемлекеттiк заңды тұлғалардың шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы белгiленген тәртiппен көрсетiлген объектiлер орналасқан жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығын бiлдiредi.
Көрсетiлген құқықтар бiр-бiрiнен ажыратылмайды.";
6) 79-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
5-тармақта:
екiншi абзацтағы "оның жер учаскесiне құқығын куәландыратын құжаттарды (жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актiсiн; уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсiн; тұрақты жер пайдалану құқығы актiсiн (мемлекеттiк жер пайдаланушылар үшiн);" деген сөздер "жер учаскесiне құқық белгiлейтiн және сәйкестендiру құжаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзац алып тасталсын;
жетiншi абзац алып тасталсын;
7-тармақтың екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Бөлiнетiн жер учаскесiнiң бөлiгiн кепiлге салу кезiнде шартқа облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша уәкiлеттi органы мақұлдаған жер учаскесiн бөлу жоспары қоса берiлуге тиiс".
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Егер кепiл туралы шартта өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне құқық белгiлейтiн және сәйкестендiру құжаты кепiл ұстаушыға немесе сенiмдi тұлғаға берiледi.";
11-тармақшада "кепiл туралы шарттың және ипотекалық куәлiктiң" деген сөздер "кепiлдiң" деген сөзбен ауыстырылсын.
7) 80-бапта "жылжымайтын мүлiкпен жасалатын мәмiлелердi тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен" деген сөздер "құқықтық кадастрда" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 170-баптың 9-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "құқықты куәландыратын құжаттар" деген сөздер "құқықты белгiлейтiн және құқықты куәландыратын құжаттар" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 321-құжат, 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат, 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат;):
26-бап мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге тiркелген құқықтар (құқық ауыртпалықтары) туралы мәлiметтер жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмiлелердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне (құқықтық кадастр) енгiзiлуi тиiс.".
5. "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 71-құжат; 2004 ж., N 11-12, 65-құжат; 2006 ж., N 12, 71-құжат; N 15, 95-құжат;):
1) 18-баптың 12) тармақшасында "мемлекеттiк құқықтық және" деген сөздер алып тасталсын;
2) 32-бап мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық есепке алу қызметiн жүзеге асыру;".
6. "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат;):
1) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
"9-1-бап. Ипотека шартының талаптарын өзгерту
Негiзгi мiндеттеменiң және/немесе ипотека шартының талаптарын өзгерту кепiл берушi мен кепiл ұстаушының (негiзгi мiндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қол қойған өзге де адамдардың) негiзгi мiндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қосымша келiсiм жасауы арқылы ресiмделедi.
Ипотека куәлiгi болған кезде оның мазмұнын өзгертудi болжайтын негiзгi мiндеттеменiң және/немесе ипотека шартының талаптарын өзгерту осы Заңның 13-1-бабында көзделген тәртiппен ипотека куәлiгiне өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу үшiн негiз болып табылады.".
2) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ипотека куәлiгi бiр данада жасалады және кепiл ұстаушыға берiледi. Ипотека куәлiгi оның ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымша парақтар түрiнде ресiмделетiн қосымшамен толықтырылуы мүмкiн.";
3) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
"13) ипотекалық куәлiкке қосымша.";
4) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
"13-1-бап. Ипотека куәлiгiне өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу
1. Ипотека куәлiгiне өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу негiзгi мiндеттемеге, ипотекалық қарыз шартына және/немесе ипотека шартына өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзгеннен кейiн ипотека куәлiгiне қосымша парақтарды қоса беру арқылы жүзеге асырылады.
Ипотека куәлiгiне қосымшаларда негiзгi мiндеттемеге, ипотекалық қарыз шартына және/немесе ипотека шартына қосымша келiсiм нөмiрi мен жасалған күнi, сондай-ақ ипотека шартына енгiзiлетiн өзгерiстер және/немесе толықтырулардың мәнiсi көрсетiледi.
2. Ипотека куәлiгiнiң иесi кепiл берушiден ипотека куәлiгiне өзгерiстер енгiзудi және оларды мемлекеттiк тiркеудi талап етуге құқылы.
3. Кепiл берушi және/немесе борышқор ауысқан жағдайда, егер борышқор негiзгi мiндеттеме бойынша кепiл ұстаушы болып табылмаса, ипотека шартына қосымшада жаңа кепiл ұстаушының және/немесе борышқордың аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жерi (орналасқан жерi), сондай-ақ жаңа кепiл ұстаушының қолы көрсетiлуге тиiс.
Кепіл ұстаушыны ауыстыру осы Заңда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.";
5) 14-баптың 2-тармағында "жылына бiр реттен кем қоюға болмайтын" деген сөздер "кепiл ұстаушы (ипотека куәлiгiнiң заңды иесi) кепiл берушiнiң жазбаша өтініші бойынша жүргiзетiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 15-бап "Ипотека куәлiгiн бepу" деген сөздерден кейiн ", ипотека куәлiгiне өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 16-баптың 1-тармағында екіншi бөлiгi "аты-жөнi" деген сөздерден кейiн "(атауы)" деген сөзбен толықтырылсын;
8) 37-баптың 1-тармағының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Жылжымайтын мүлiк ипотекаларын негiзгi мiндеттердi орындаумен, ипотека мәнiне айыпақы өндiрiп алумен және өзге де негiздермен байланысты тоқтатуды мемлекеттiк тiркеу жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.".
7. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 ж., N 13, 431-құжат; N 23, 921-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 17, 101 құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 16, 103-құжат;):
1) 2-бапта:
он бiрiншi абзацта "тұрғын алаң" деген сөздер "тұрғын үйдiң тұрғын алаңы" деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшiншi абзацта "(пәтердiң)" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"тұрғын үйдiң жалпы алаңы - тұрғын үйдiң пайдалы алаңының және балкондардың (лоджия, дәлiз, террасса), нормативтiк-техникалық актiлерге сәйкес төмендеткiш коэффициенттердi қолданумен есептелетiн алаңдарының қосындысы";
2) 31-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Үй-жайдың әрбiр меншiк иесiнiң (өзге құқық иеленушiнiң) ортақ мүлiктегi үлесi оған тиесiлi үй-жайға өзiндiк (бөлек) меншiктен (өзге заттай құқықтан) бөлiнбейдi. Үлестiң мөлшерi, егер кондоминиум қатысушыларының келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, өзiндiк (бөлек) меншiктегi (өзге заттай құқықтағы) тұрғын үй-жайлардың нeмece тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының кондоминиумның осы объектiсiндегi бүкiл тұрғын үй-жайлардың және бүкiл тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының сомасына қатынасымен анықталады. Мұндай үлесті заттай бөлiп беруге болмайды.";
3) 32-баптың 2, 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кондоминиум объектiсiн тiркеу кондоминимум қатысушысының немесе меншiктенушiлердің немесе кондоминиум басқармасы органының уәкiлеттi өкiлiнiң өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады. Кондоминиум объектiсiн тiркеу кезiнде ортақ мүлiк құрамы мен әрбiр үй-жайдың құқық иелерiнiң ортақ мүлiктегi (өзге ортақ құқықтағы) үлесiнiң мөлшерi анықталады. Осылай тiркелгенге дейiн ортақ меншiктегi (өзге ортақ құқықтағы) үлеспен мәмiле өзiндiк (бөлек) меншiктегi (өзге заттай құқықтағы) мүлiкпен мәмiлелердi жасау кезiнде жасалған деп саналатын жағдайларды қоспағанда, ортақ мүлiкпен жасалатын мәмiлелер заңдық күшке ие болмайды.";
"4. Кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлiктерiнiң құрамын және (немесе) олардың ортақ мүлiктегi үлестерiнiң мөлшерiн үй-жайлардың алаңын өзгерту нәтижесiнде өзгерткен кезде қатысушылардың келiсiмi немесе өзге де негiздер бойынша тиiстi өзгерiстер мемлекеттiк тiркелуге тиiс.".
8. "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурыздағы N 214
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 26-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 26-құжат; N 24, 178-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 15, 95-құжат;):
8-баптың 8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжат онда Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес барлық жеке меншiк иелерiн (жер пайдаланушыларды) көрсете отырып, шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiне ресiмделедi.
9. Шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесiне құқығы жылжымайтын мүлiкке құқықтарын мемлекеттiк тiркеген сәтiнен бастап туындайды.".
9. "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат; N 13, 86-құжат;):
18-баптың 5) тармақшасында "кепiлiн тiркеу" деген сөздерден кейiн ", жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық тексеру" деген сөздермен толықтырылсын.
10. "Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 15, 87-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат;):
1) 18-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында:
"кәсiпорындар" деген сөз "органдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 23-баптың 3-тармағында:
"кәсiпорындар" деген сөз "органдар" деген сөзбен;
"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi уәкiлеттi органмен келісе отырып" деген сөздер алып тасталсын;
3) 24-баптың 5-тармағында "кәсiпорындар" деген сөз "органдар" деген сөзбен ауыстырылсын.
11. "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 320-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 300-301, 2005 жылғы 23 сәуiрдегi N 97-98 "Казахстанская правда"):
13-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Әуе кемесiне тiркелген құқықтар (құқық ауыртпалықтары) және онымен жасалатын мәмiлелер туралы мәлiметтер жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмiлелердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне (құқықтық кадастр) енгiзiлуi тиiс.".
12. "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 2, 16-құжат, 2004 ж., N 20, 116-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат, 2005 ж., N 11, 36-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
16-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге тiркелген құқықтар (құқық ауыртпалықтары) туралы мәлiметтер жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмiлелердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне (құқықтық кадастр) енгiзiлуi тиiс.".
13. "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 15, 88-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
25-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге тiркелген құқықтар (құқық ауыртпалықтары) туралы мәлiметтер жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмiлелердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне (құқықтық кадастр) енгiзiлуi тиiс.".