Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1243 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1324 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.08 № 1324 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар:
      1) Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жылына екі рет, 30 шілдеге және 30 желтоқсанға қарай Бағдарламаны іске асыру барысы туралы жарты жылдықтың қорытындылары бойынша ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жыл сайын, 20 тамызға және 20 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2006 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1243 қаулысымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «веб-сайты» деген сөздер «интернет-ресурсы» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Мазмұны

1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Патенттік жүйенің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту проблемалары
3.1. Зияткерлік меншікті қорғау саласындағы әлемдік жүйенің жағдайы және оның даму үрдістері
3.2. Қазақстанның патенттік жүйесінің даму тарихы мен проблемалары
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері
1. Зияткерлік меншік объектілерін патенттеу рәсімдерін жаңғырту
1.1. Өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу
1.2. Өнеркәсіптік үлгілерді патенттеу
1.3. Тауар таңбаларын және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеу
1.4. Қорғау құжаттарын беру мерзімін қысқарту
2. 3ияткерлік меншік объектілерін қорғау саласын кеңейту және жетілдіру
2.1. Қызметтік өнеркәсіптік меншік объектілері
2.2. Құпия өнеркәсіптік меншік объектілері
2.3. Селекциялық жетістіктер
2.4. Дәстүрлі білімдер, генетикалық ресурстар және фольклор
3. Патенттік-ақпараттық қамтамасыз ету
4. Зияткерлік меншік нарығын дамыту
4.1. Өнеркәсіптік меншік объектілерін шетелде патенттеу
4.2. Өнеркәсіптік меншік саласындағы лицензиялық қызмет
4.3. Зияткерлік меншікті бағалау институтын дамыту
4.4. Патенттік сақтандыру
4.5. Өнертапқыштық қызметті қолдау және ынталандыру
4.6. Патенттік қызметтің инфраструктурасын дамыту
4.7. Конференцияларды, семинарларды, жәрмеңкелерді, көрмелерді және зияткерлік меншік объектілерін жарнамалау мен сату жөніндегі басқа да шараларды өткізу
5. Зияткерлік меншікті заңсыз пайдалануға қарсы күрес
6. Зияткерлік меншікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
7. Кадрлармен қамтамасыз ету
8. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
9. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
10. Күтілетін нәтижелер

Бағдарламаның паспорты

Атауы                 Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін
                        дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған
                        бағдарламасы
Әзірлеуге негіздеме   Қазақстан Республикасының Президентінің
                        2006 жылғы 30 наурыздағы N 80 Жарлығымен
                        бекітілген Қазақстан Республикасы
                        Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы
                        "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
                        қабілетті елу елдің қатарына кіру
                        стратегиясын" атты Қазақстан халқына
                        Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың
                        жалпы ұлттық жоспары және 2006 - 2008
                        жылдарына арналған Қазақстан Республикасы
                        Үкіметінің бағдарламасы 2006 жылғы 31
                        наурыздағы Қазақстан Республикасы
                        Үкіметінің N 222 қаулысымен бекітілген
                        Қазақстан Республикасы Президентінің 2006
                        жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына
                        Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың
                        жалпыұлттық шаралар жоспарын және Қазақстан
                        Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға
                        арналған бағдарламасын орындаудың желілік
                        кестесі.
Бағдарламаны           Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
әзірлеуші

Бағдарламаның           Ұлттық патенттік жүйенің тиімділігін арттыру
мақсаты         

Бағдарлама            1. Өнеркәсіптік меншік объектілерін
міндеттері             патенттеу рәсімін жаңғырту, оның ішінде
                        патенттік өтінімнің сараптамасын уақтылы
                        қамтамасыз ету, қорғау құжаттарын беру
                        мерзімін қысқарту және олардың сенімділігін
                        арттыру.
                        2. Зияткерлік меншік объектілерін қорғау
                        саласын кеңейту және жетілдіру.
                        3. Толыққанды патенттік-ақпараттық
                        ресурстарды құру.
                        4. Патенттік қызмет инфрақұрылымының
                        институционалдық негіздерін жасау.
                        5. Өнертапқыштық және патенттік-лицензиялық
                        қызметті жандандыру және қолдау.
                        6. Ішкі нарықты жалған тауарлардан қорғауға
                        ықпал ету және өнеркәсіптік меншік
                        объектілерін заңсыз пайдаланудың жолын кесу
                        жөніндегі шараларды жетілдіру,
                        контрафактілік өнім деңгейін қысқарту.
Бағдарламаны іске     2007-2011 жылдар
асыру мерзімдері      Бірінші кезең: 2007-2009 жылдар
                        Екінші кезең: 2010-2011 жылдар
Қажетті ресурстар     Бағдарламаны қаржыландыруды республикалық
және қаржыландыру     бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асыру
көздері                 жоспарлануда.
                        Бірінші кезең:
                        2007 жылға республикалық бюджеттен қаржы
                        шығындары талап етілмейді.
                        2008 жылы - 668,27 млн. теңге.
                        2009 жылы - 876,65 млн. теңге.
                       Барлығы бірінші кезеңде - 1 544,92 млн. теңге
                       Екінші кезең:
                        2010 жылы - 653,607 млн.теңге
                        2011 жылы - 166,02 млн. теңге
                        Барлығы екінші кезеңде - 819,627 млн. теңге
                        Республикалық бюджеттен қаржы шығындарының
                        жалпы көлемі - 2364,547 млн.теңге
                        Бағдарламаны іске асыру бойынша
                        қаржыландыру көлемдері тиісті қаржы жылына
                        арналған республикалық бюджетті
                        қалыптастыру кезінде нақтыланатын
                        болады.
Күтілетін               "Қазақстан Республикасының патенттік
нәтижелер               жүйесін дамытудың 2007 - 2011 жылдарға
                        арналған бағдарламасының" ойдағыдай іске
                        асырылуы - тиімді ұлттық патенттік жүйенің
                        құрылуын қамтамасыз етеді, оның ішінде:
                      - алдын ала патентті жою, өнертабыс пен
                        өнеркәсіп үлгілерді бір қадамдық патенттеу
                        жүйесін құру, инновациялық патентті енгізу
                        жолымен өнеркәсіптік меншік объектілерін
                        патенттеу рәсімі жаңғыртылады;
                      - өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер және
                        пайдалы модельдерге қорғау құжаттарын беруге
                        өтінімдердің сараптама жасау мерзімі орташа
                        есеппен 20% қысқартылады;
                      - халықтың өнертапқыштық белсенділігі арта
                        түседі және өтінімдер саны ең аз дегенде 50%
                        өседі;
                      - барлық облыс орталықтарында
                        патенттік-лицензиялық қызметтің және
                        патенттік клиникалардың желісі құрылады;
                      - ең аз дегенде, әлемнің 11 елінің және 3
                        халықаралық ұйымының патенттік құжаттары
                        сақталатын патенттік ведомство үшін
                        патенттік-ақпараттық ресурстардың
                        сараптамалық қоры қалыптастырылады;
                      - өнеркәсіптік меншік объектілеріне
                        электрондық өтінім беру жүйесі енгізеді;
                      - өнеркәсіптік меншік объектілеріне
                        лицензиялық шарттардың орташа есеппен 1,5
                        есе өсумен лицензиялық қызмет
                        жандандырылады;
                      - мемлекеттік патенттік сарапшылардың корпусы
                        орташа есеппен 50% артады;
                      - зияткерлік меншік саласындағы кадрларды
                        даярлау, қайта даярлау жүйесі құрылады;
                      - қызметтік және құпия өнеркәсіптік меншік
                        объектілері саласындағы құқықтық
                        қатынастарды реттеу туралы мәселелер
                        шешіледі;
                      - қазақстандық өнеркәсіптік меншік
                        объектілерін шетелдерде патенттеудің
                        деңгейі ең аз дегенде 100% артады;
                      - зияткерлік меншікті бағалау стандартталады;
                      - контрафактілік өнімдер орташа есеппен 10%
                        қысқарады;
                      - Қазақстан зияткерлік меншік объектілерін
                        қорғау саласындағы алты халықаралық шартқа
                        қосылады.

2. Кіріспе

      Әлемдік тәжірибе тәуелсіздікті және тұрақты экономикалық өсімді дамыған жоғары зияткерлік индустрия болған кезде ғана қамтамасыз етуге болатындығын куәландырып отыр. Барлық дамыған елдердің ұқсас салыстырмалы нарықтық тетіктері мен заңдары бар, олар дегенмен де технологиялық басымдылықтың кепілі болып табылмайды. Табысқа жетуге қажетті және жеткілікті талап - барлық нарық құралдары жинағының болуы, сонымен қатар ғылыми мектептермен және қазіргі кездегі технологиялармен сабақтасқан зияткерлік меншікті патенттік қорғаудың тиімді жүйесінің болуы.
      Жиырмасыншы ғасырда зияткерлік меншік, көбінесе технологияны немесе жаңа өнімді көшіруден қорғау құралы ретінде қаралған. Аз ғана уақыт өтісімен, зияткерлік меншікке жай ғана құқықтық функция ретінде қарауға болмайтындығы айқын болды. Білімнің белсенді қалыптасып келе жатқан экономикасы мүлдем жаңа бәсекелес ортаны тудырып отыр, онда ноу-хау мен өнертабыстардың айрықша құқықтарын иелену үшін күрес жүргізіледі, онда болашақ байлық тұқымы табиғи ресурстар емес, зияткерлік меншік болып табылады.
      Бұрын бәсекелес артықшылықтардың негізін қол жетімді табиғи ресурстар, арзан жұмыс күші, өндіріс ауқымының факторын қолдану, ал кейінгі уақытта - жақсы бедел және клиенттермен бірегей тауарлар мен қызметтерді саралау негізінде тығыз байланысты қамтамасыз ететін күшейтілген маркетингілік қызмет құрады. Жаңа жағдайларда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдерінің компаниялары ноу-хауға, өнертабыстарға, тауар белгілеріне және салалық стандарттарға ерекше құқықтарды алдын ала алу және виртуозды пайдалану негізінде бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізуге ұмтылады. "Жоғары реттегі бәсекелік артықшылықтарға" қол жеткізуге талаптану - болашақ байлықтың және Қазақстанның өркендеуінің негізі зияткерлік меншік бола алатынын түсінгендіктен туындайды.
      Біздің елімізде даму институттарының көмегімен инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады: Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның Даму Банкі, Ұлттық инновациялық қор, Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы жұмыс істейді, бірқатар технологиялық парктер мен бизнес-инкубаторлар құрылған. Бірақ, Қазақстанда ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін құру, қорғау және экономикалық тұрғыда жүзеге асыру жүйесінің нарықтық құралдарының бірқалыпты дамымауы инновациялардың дамуына кедергі келтіретін болады.
      Осы жүйе құралдарының жиынтығы, өзінің мәні бойынша, ұлттық патенттермен қорғалған ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін инновациялық өнімдерді кейіннен тауарлар мен қызметтердің нарығына шығара отырып, инновациялық белсенді өндіріске енгізу жөніндегі іске асыру кешені ретінде қызмет етуі қажет. Бұл кешен Ұлттық патенттік жүйе ғылыми-техникалық идеялардың жиынтығын зияткерлік меншік объектілерінің басқарылатын құқықтар жүйесіне сенімді әрі тиімді айырбастайтын бағаны құрудың негізгі буыны болуы қажет.
      Қазақстан Республикасының ұлттық патенттік жүйесі маңызды стратегиялық ресурс болып табылады, оның потенциалды мүмкіндіктері шексіз. Әдетте, біздің мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігінің факторы ретінде бағаланатын патенттік жүйе ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық реформаларда маңызды рөл атқаруға тиіс және нарықтық қатынастарды кеңейтіп, елдің зияткерлік әлеуетін арттырудың қомақты факторына айналуы қажет.
      Қазақстан Республикасының жаңа жағдайдағы патенттік жүйесінің міндеті "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясынан" туындайды. Бұл міндет Қазақстанда тауарлар мен зияткерлік меншік құқықтары қорғалған тауарлар мен қызметтердің өндірісі үшін қолайлы инновациялық ахуалды қалыптастырудың қажетті әрі жеткілікті патенттік-құқықтық, патенттік-ақпараттық және институционалдық шарттармен қамтамасыз етуге және жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасының, халықаралық экономикалық қатынастардың тең құқылы және бәсекеге қабілетті әріптесі ретінде өз орнын алуға бағытталған.

3. Патенттік жүйенің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту
проблемалары

3.1 Зияткерлік меншікті қорғау саласындағы әлемдік жүйенің
жағдайы және оның даму үрдістері

      Жүз жылға жуық тарихы бар әлемдік патенттік жүйені құру адамзаттың ең керемет жетістіктерінің бірі деп айтуға әбден болады. Қазіргі өнертабыс патенттерінің алғы үлгісі болып табылатын бірінші факультативтік артықшылықтардың пайда болуы орта ғасырлардың соңына келеді. XVIII ғасырдың соңынан басталған патенттік құқықтың дамуындағы жаңа кезең бірінші облигаторлық патенттердің пайда болуымен сипатталады. Осы кезеңнің эволюциясы, шын мәнінде, патенттік жүйенің негізгі қағидаларын белгілейтін, өнертапқыш пен мемлекет арасындағы мәмілені құрайтын 1877 жылғы герман Патент Заңының шығуымен аяқталды, оған сәйкес өнертапқыш өзі шығарған, жалпы жұрттың назарына жарияланатын жаңалығының мәнін ашады және осылайша ғылыми-техникалық прогресті ынталандырады. Оның орнына мемлекет өнертапқышқа осы жаңалықты белгілі бір мерзімде, белгіленген бір аумақта пайдалануға монопольдық құқық береді.
      Әлемдік патент жүйесінің ХХ-ХХІ ғасырлардағы ең жаңа тарихында басқа мемлекеттерде кейіннен шыққан заңдар әлде де классикалық патент құқығының қалыптасқан нормаларын түбегейлі өзгерте алатындай ешбір жаңа идеяны енгізген жоқ. Осыған қарамастан, әлемдік патенттік жүйе Өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясын қабылдаған сәттен бастап даму жолында және бүгінгі таңда барынша жаһанданған болып табылады.
      Өнеркәсіптік меншік және авторлық құқық саласындағы 20-дан астам келісім қазіргі заманғы халықаралық зияткерлік меншік жүйесінің негізі болып табылады, олардың ішіндегі мейлінше маңыздылары мыналар:
      1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж Конвенциясы;
      1944 жылғы 15 сәуірдегі Зияткерлік меншік құқықтарының сауда-саттық аспектілері жөніндегі келісім (бұдан әрі - ТРИПС Келісімі);
      1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;
      1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы шарт (бұдан әрі - РСТ шарты);
      1958 жылғы 31 қазандағы Тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау және оларды халықаралық тіркеу туралы Лиссабон келісімі;
      1961 жылғы 2 желтоқсандағы Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау туралы халықаралық конвенция (бұдан әрі - УПОВ конвенциясы);
      1968 жылғы 8 қазанда Локарнода қол қойылған Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық сыныптамасын құру туралы Локарно келісімі;
      1967 жылғы 14 шілдеде Стокгольмде және 1977 жылғы 13 мамырда Женевада қайта қаралған, 1957 жылғы 15 маусымдағы Таңбаларды тіркеу үшін тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасы туралы Ницца келісімі;
      1971 жылғы 24 наурыздағы Халықаралық патент сыныптамасы туралы Страсбург келісімі;
      1925 жылғы 6 қарашадағы Өнеркәсіп үлгілерін депозиттеу туралы Гаага келісімі.
      Бұл шарттар әрбір елдегі Зияткерлік меншікті қорғаудың халықаралық деңгейде келісілген негізгі стандарттарын белгілейді. Бірақ жеделдетілген техникалық прогресс пен сауданы жаһандандыру қысқа мерзім ішінде жаңа өнертабыстар мен көптеген елдерде тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер болып табылатын коммерциялық құндылығы бар активтерді қорғауды қамтамасыз ететін тетіктерді құру қажеттілігін туғызады. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Өнертабыстарды, тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерді қамтитын төрт шарты: Патенттік кооперация туралы шарт, Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі, Тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау және оларды халықаралық тіркеу туралы Лиссабон келісімі, Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық депозитке салу туралы Гаага келісімі бір халықаралық тіркеу немесе берілген өтінім қатысушы мемлекеттердің кез келгенінде күшін сақтайтындай жағдайды қамтамасыз етеді. Қазақстандық өтінім берушілерге, сонымен бірге осы өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау сұралатын барлық елдерде өтінімдерді оңайлатылған тәртіппен беру мүмкіндігі берілген.
      1970 жылы құрылған ДЗМҰ сәйкес жағдайларда кез келген басқа халықаралық ұйымдармен өзара әрекет жасау және мемлекеттердің ынтымақтастығы арқылы зияткерлік меншікті қорғауға көмектесуге шақырылған, сондай-ақ Париж одағы мүшелерінің қол қойған бірнеше шарттарының шеңберінде сонымен қатар Париж және Берн конвенцияларының шеңберінде құрылған одақтардың әкімшілік ынтымақтастығын қамтамасыз ететін Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі - БҰҰ) жүйесінің мамандандырылған халықаралық ұйымы болып табылады.
      ДЗМҰ әкімшілік ететін халықаралық келісімдерден басқа, зияткерлік меншік саласындағы елдердің ынтымақтастығы мынадай аймақтық ұйымдар аясында жүзеге асырылады:
      1. Еуропалық патенттік ұйым (ЕПҰ);
      2. Еуразиялық патенттік ұйым (ЕАПҰ);
      3. Африка зияткерлік меншік ұйымы (ОАРИ);
      4. Африка аймақтық өнеркәсіптік меншік ұйымы (АRІРО).
      Сонымен қатар, Дүниежүзілік сауда ұйымы шегінде (бұдан әрі - ДСҰ) жасалған ТРИПС келісімі әлемдік зияткерлік меншікті қорғау жүйесінде аса маңыздысы болып табылады. Бұл Келісім зияткерлік меншік құқықтарының барлық дәстүрлі түрлерін - авторлық құқықтарды, сабақтас құқықтарды, өнеркәсіптік меншік құқықтарын және жабық коммерциялық ақпараттар құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. ТРИПС келісімі осы келісімге қатысушы барлық елдер үшін міндетті ең төменгі стандарттарды белгілейді.
      Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңдар толығымен ТРИПС Келісімінің нормаларына сәйкестендірілді деуге болады.
      Соңғы кезде белсенді дамып келе жатқан экономикалық байланыстарды жаһандандыру және халықаралық сауданы одан әрі ырықтандыру инновациялардың және олардың әлемдік нарықта сенімді құқықтық қорғалу қажеттілігін күшейте түсіп, бәсекелестік сайысты шиеленістіре түсті. Ол өз кезегінде жалпы зияткерлік меншікті және әсіресе өнеркәсіптік меншікті құқықтық қорғау жүйесінің рөлін арттырады, өйткені соңғысы өнеркәсіптік меншік зерттеулер мен өңдемелердің нәтижелерін қорғауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар, ғылыми-техникалық дамуды ынталандырады. Жапония, АҚШ, Австралия, Қытай сияқты алдыңғы қатарлы әлемдік державалар зияткерлік меншікті қорғау саласында XXI ғасырға арналған өзіндік стратегияларын қабылдаған. Мысалы, Ұлыбритания мен АҚШ-та олар басқыншылық. Олардың мәні өнертабыстардың көпшілігін басқа елдерде, көбінесе дамушы елдерде тіркеуде. Бұл стратегия ертеңгі тауарлар және қызметтер нарығын жабуға және өзіндік технологияларды ілгері тартуға көмектеседі. Осындай зияткерлік экспансияның мүмкін болуына мемлекеттік протекционизм саясаты қосымша күш береді. Жапонияның осы саладағы стратегиялық бағдарламасы "зияткерлік меншікке негізделген ұлтты қалыптастыруға" бағытталған.
      1985 жылдан бастап экономикалық дамыған елдердің шетелге жіберетін өтінімдер ағынының елеулі өсуі белгіленеді. 2001 жылғы деректер бойынша АҚШ шетелдік патенттеуі ең жоғары деңгейдегі ел болып табылады, жалпы әлемдік ағында американдық өтініш білдірушілерден келіп түскен өтінімдер үлесі 28 % құрайды. Жапон және Германия фирмалары өз үлестерін өсіруде, олар тиісінше 14,3% және 19%-ға ие, келесі орында Ұлыбритания мен Франция.
      РТС Шарты бойынша берілетін өтінімдер статистикасы мына кестеде ұсынылады.

Ел

2004 жылғы бүкіл әлемде берілген РСТ өтінімдерінің жалпы санынан пайыздық үлесі

АҚШ

34,99

Жапония

16,9

Германия

12,4

Франция

4,4

Ұлыбритания

4,2

Финляндия

1,4

Ресей

0,4

Қазақстан

0,006

Қалған елдер

25,304

Барлығы

100% (120100 өтінім)

      Жоғарыда келтірілген статистикалық деректерге сүйенсек, шетелдік патенттеу деңгейі бойынша және РСТ тәртібімен берілген өтінімдер саны бойынша, мемлекеттік деңгейде қабылданатын нақты стратегиялары мен бәсекеге қабілетті патенттік жүйелері бар әлемнің жетекші елдері көш басқаратыны айқын.
      Экономикалық қатынастарды жаһандандыру зияткерлік меншікті құқықтық қорғау жүйесін интернационалдандыру және ұлттық патенттік рәсімдердің үйлесімді болу қажеттілігін тудырады.
      Бүгінгі таңда зияткерлік меншікті қорғаудың әлемдік жүйесінде ұлттық жүйелер арасындағы ерекшеліктерді жоюға әкеп соғатын тұрақты үрдіс байқалып отыр, ол зияткерлік меншік иегерлеріне жаһандық құқық қорғауды пайдалануға мүмкіндік береді.
      Ұлттық жүйелер көбінесе дамыған елдер болып табылатын мейлінше ұйымдасқан зияткерлік меншік жасаушылар мүдделерінің тұтынушылардың мүдделерінен іс жүзінде басым болуы тәуекеліне қақтығысып отыр.
      Әлемдік патенттік жүйені дамытудың қалыптасып отырған жалпы әлемдік үрдісіне орай инновациялық даму мақсатында Қазақстан зияткерлік меншікті сенімді қорғауды қамтамасыз ететін, икемді әрі тиімді, қазіргі заманғы, бәсекеге қабілетті патенттік жүйенің жаңа үлгісін жасауға ұмтылып отыр.

3.2. Қазақстанның патенттік жүйесінің даму тарихы мен проблемалары

       Қазақстан Республикасының ұлттық патенттік жүйесінің құрылуы "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Ұлттық патенттік ведомство туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің N 806 Жарлығына қол қойған күннен, яғни 1992 жылғы 23 маусымнан бастау алады. Ұлттық патенттік жүйені құрудың негізгі мақсаттары республиканың ғылыми-техникалық потенциалын сақтап қалу және қорғау, өнеркәсіптік меншік саласындағы өркениетті нарықтық қатынастарды құру, отандық өнертапқыштардың шығармашылығын демеу болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Патенттік ведомствосы өзінің қызмет ету кезеңінде бірқатар ұйымдастырушылық өзгерістерді басынан кешті және қазіргі кезде мемлекеттік басқару органы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен сараптама жасау ұйымы - "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМҚК-ны қамтитын екі деңгейлі құрылым болып табылады.
      Ұлттық патенттік жүйенің негізін 1992 жылғы маусымда ТМД елдері арасында алғаш қабылданған Қазақстан Республикасының Патент заңы (бүгінде 1999 жылғы 16 шілдедегі Заң қолданылып жүр) және 1993 жылғы қаңтарда қабылданған "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бүгінде 1999 жылғы 26 шілдедегі Заң қолданылып жүр) құрған.
      Кейінгі жылдары зияткерлік меншік саласындағы заңдар "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы", "Интегралды микросхемалар топологиясын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен толықтырылды.
      Қазақстанда ұлттық заңдарға сәйкес, үстірт тексеру, формальды патенттеудің жүйесі әрекет етеді, бұл жағдайда өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге екі түрлі қорғау құжаты беріледі.
      Үстірт тексеру жүйесі бойынша өтінім материалдарының формальды сараптамасы әлемдік жаңашылдық, өнертабыстың өнертапқыштылық деңгейі және өнеркәсіптік қолдану, Патентке қабілеттілігі сияқты өлшемдерді тексерусіз өткізіледі, ал қорғау құжаты (алдын ала патент) 5 жыл мерзімге өтініш білдірушінің тәуекелі мен жауапкершілігіне беріледі.
      Патенттеудің тексеру жүйесі патент алу үшін өтінім материалдарының толық сараптамасын (мәні бойынша сараптама) жасау кезінде қолданылады, ол өнертабысты патентке қабілеттіліктің барлық өлшемдері - әлемдік жаңашылдық, өнертапқыштық деңгейі мен өнеркәсіптік қолдану бойынша тексеруді қамтиды. Мәні бойынша сараптаманы өткізу кезінде, әлемде басымдықтың күніне дейін жалпыға қолжетімді болған және РСТ құжаттарының минимумы болып саналатын ақпарат көздері бойынша ақпараттық іздестіруді жүргізу қажет. Бұл жетекші елдердің: Германияның, АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Францияның, Швейцарияның (тек неміс және француз тілдерінде), Жапонияның, КСРО-ның, Ресейдің, осы елдерде берілген патенттерді қоса алғанда, патенттік құжаттары; РСТ жүйесі бойынша жарияланған халықаралық өтінімдер; Еуразиялық патенттік ведомствоның КСРО-ның 1920 жылдан бері мүмкін болған жерде жарияланған патенттеріне, ретроспективасы бар авторлық куәліктерге өтінімдер; Еуразиялық патенттік ведомствоның жарияланған өңірлік патенттері, КСРО-ның ретроспективасы бар авторлық куәліктері, сонымен бірге 5 жылдан кем емес (басымды 30 жыл шамасында) ретроспективасы бар ғылыми-техникалық ақпарат. Өнертабыстың жаңалығын анықтау кезінде Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстар мен пайдалы модельдер ескеріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өнертабыстарға және пайдалы модельдерге басқа адамдар тапсырған өтінімдер (олардың басымдығы бұрынырақ болған жағдайда). Патент өзінің иесіне 20 жыл мерзімге объектіні рұқсатсыз пайдаланудан толыққанды қорғауға мемлекет кепілдік беретін қорғау құжаты болып табылады.
      Қазақстан Республикасының патент жүйесі әрекет еткен уақытта өнертабыстарға берілген 18377 қорғау құжатының ішінде алдын ала патенттеудің үлесі 13446 немесе олардың жалпы санының 73 % құрайды.
      Бұл жағдай елдегі инновациялық қызметке теріс әсер етеді, өйткені бизнес пен өндірушілер алдын ала патентті өндірісте іс жүзінде жүзеге асыру үшін орта және ұзақ мерзімді салымдардан ұстанады, себебі ол формальды сараптама жасау негізінде өтінім берушінің, патент иеленушінің тәуекелі мен жауапкершілігіне беріледі.

1993-2005 жылдар аралығындағы алдын ала патенттер мен патенттердің берілу серпіні

Кестені қағаз ретінде қараңыз

      Кестеде көрсетілгендей, өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау көбінесе патенттеудің үстірт тексеру жүйесі негізінде берілген алдын ала патенттермен жүзеге асырылады. Патенттеудің үстірт тексеру жүйесін басым жүйе ретінде айырып қарастырудың бірден бір себебі, патентке қабілеттіліктің барлық өлшемдерін тексерумен бірге өтінімдерге қажетті мәні бойынша сараптама жүргізу үшін Қазақстанда әлемдік патенттік құжаттаманың сараптамалық қорының болмауынан туындады. Мұндай қорлардың негізгісі РСФСР-да (Өнертабыстар бойынша мемлекеттік комитет), резервтік қор Украина КСР-да орналасқан болатын. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейін, Қазақстан аталған қорларды пайдалану мүмкіншілігінен айырылды. Сондықтан да ұлттық өтінім берушілердің өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғауды қамтамасыз ету тек формальды сараптама қамтитын үстірт тексеру жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылды, бұл мәселенің бірден бір шешімі болып табылды.
      Бұл жүйенің жағымды жағы өтінім материалдарын жылдам қарап, өтінім берушінің алдын ала патент алуы еді, ол өтінім берушіге өзге тұлғалардың тарапынан жосықсыз бәсекелестіктен қорықпай өзінің объектісін құқық иеленуші ретінде қолдануға мүмкіндік берді. Бірақ ҚР Патент заңының кейінгі редакцияларында алдын ала патент беру мерзімі патент беру мерзімімен теңестірілген. Алдын ала патенттің оның тез берілуіндегі негізгі артықшылығы іс жүзінде жойылған, бұл өнертапқыштардың өз құқықтарын қорғауына теріс әсерін тигізді.
      Сондай-ақ, алдымен алдын ала патент алу, тек содан кейін патент алу туралы өтініш беруді қамтитын, өнертабыстар мен пайдалы модельдерге қорғау құжатын алудың қатаң реттелген кезектілігі сараптама жасау мерзімінің негізсіз созылуына және өтінім берушілердің өз объектілеріне тиісті қорғауды алудағы әрекет ету еркіндігін шектеуге әкеп соқты не өтінім берушілер патент алудан мүлдем бас тартты.
      Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірген бір қатар жоғары дамыған елдердің патенттеу жүйелеріне талдау жасай отырып (АҚШ, Швейцария, Австралия, Жапония, Ұлыбритания, Канада, Германия, Австрия, Франция) бұлардың басым көпшілігі өтінімнің формальды (алдын ала) сараптамасынан кейін жарияланымды көздейтін патенттеудің мерзімі ұзартылған тексеру жүйесін пайдаланатындығын атап өтуге болады.
      Бұлардан ерекшеленетін АҚШ-та өтінімдерді жарияланымсыз тексеру жүйесі пайдаланылады, Швейцарияда тексеру жүйесі тоқыма және сағат өнеркәсібі объектілері үшін қолданылады, ал қалған объектілер үшін үстірт сараптама жасау жүйесі қолданылады.
      Қазіргі кезде Қазақстандағы инновациялық үдерістердің жеделдетілуіне байланысты қорғау құжаттарын беру мерзімін айтарлықтай қысқарту қажеттілігі туындап отыр. Бірқатар елдердің тәжірибесі патенттік өтінімдердің сараптамасын өткізуді жеделдету патенттің қолданылу мерзімін ұзартуға әкеп соғатынын көрсетті, ол ғылыми-техникалық прогреске объектіні өндіріске мейлінше ерте енгізуге әсерін тигізеді және өнертапқыштарды патент алуға ынталандыра түседі.
      Сондықтан, жаңарып отырған ұлттық патенттік жүйе берілетін қорғау құжаттарының сапасы мен сенімділігін қамтамасыз етуге тиіс және елдің ғылыми-техникалық потенциалын дамытуға ықпал етуге тиіс.
      Сондай-ақ, географиялық сілтемелер, фирмалық атаулар, генетикалық ресурстар, фольклор және т.б. сияқты дәстүрден тыс зияткерлік меншік объектілерін қорғау мәселесін шешу керек.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003 - 2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асырудың қосымша құралдарын қамтиды.
      Сервистік-технологиялық экономика жағдайында зияткерлік меншік пен оны пайдаланудың әр түрлі стратегиялары компаниялардың бәсекеге қабілеттіліктерінің өсуінің күшті құралына айналады. Әсіресе, бұл құбылыс әлемнің бәсекеге барынша қабілетті он бес елдің шағын және ірі компанияларының қызметінен белгілі. Сондықтан "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" Қазақстанның ұлттық патенттік жүйесінің осы үрдіске сәйкес дамуын талап етеді. Қазақстанда да зияткерлік ресурстар бизнес активтеріне айналуы қажет, ал бизнестің бәсекелестік стратегиясын құруда әр компания өзінің ұзақ мерзімді бәсекелестік басымдықтарына қол жеткізудегі патенттік стратегиясын құру қажет.
      Ол үшін республикада зияткерлік меншік құқықтарымен қорғалатын тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін қолайлы инновациялық ахуал орнату қажет.
      Бағдарлама мемлекеттің зияткерлік меншік объектілерін пайдалана отырып, бәсекелестік сайыстың құралдарын құру мен дамытудағы инновациялық кәсіпкерлікті қолдау және патенттік жүйенің дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламаны құрайды.
      Осы өнімнің көлемі қарқынының өсуіне қарай, әлемдік экономикалық айналымға қосылу мүмкіндігіне ие болу үшін, экспорттық нарықта орнықты орын алу мақсатында әлемдік патенттік жүйесінің беретін барлық артықшылықтарын қолдану қажет. Нәтижесінде жаңа экономиканың жағдайында құн қалыптастыру тізбегінде патенттік жүйенің ең маңызды буындарының бірі екендігі көрінеді.
      Бағдарламаның мақсаты ұлттық патенттік жүйенің тиімділігін арттыру болып табылады.
      Бағдарламаның негізгі міндеттері:
      1. Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу рәсімін жаңғырту, оның ішінде патенттік өтінімнің сараптамасын уақтылы қамтамасыз ету, қорғау құжаттарын беру мерзімін қысқарту және олардың сенімділігін арттыру.
      2. Зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласын кеңейту және жетілдіру.
      3. Толыққанды патенттік-ақпараттық ресурстарды құру.
      4. Патенттік қызмет инфрақұрылымының институционалдық негіздерін жасау.
      5. Өнертапқыштық және патенттік-лицензиялық қызметті қолдау және жандандыру.
      6. Ішкі нарықты жалған тауарлардан қорғауға ықпал ету және өнеркәсіптік меншік объектілерін заңсыз пайдаланудың жолын кесу жөніндегі шараларды жетілдіру, контрафактілік өнім деңгейін қысқарту.

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері

1. Зияткерлік меншік объектілерін патенттеу рәсімдерін жаңғырту

1.1. Өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу

      Қазіргі кезде Қазақстанда өнертабыстарды патенттеудің үстірт қарау және тексеру жүйесі, ал пайдалы модельдер үшін - үстірт қарау жүйесі әрекет етеді. Қазақстан Республикасының өнертабыстарға берілетін патенті алдын ала патент берілгеннен кейін ғана беріледі.
      Қазақстан Республикасының қорғау құжаттарының статистикалық талдауы ұлттық патент иеленушілерге берілген қорғау құжаттарының арасындағы патенттердің саны шамамен 10 пайызды, ал алдын-ала патенттер 90 % құрайтындығын көрсетіп отыр. Біздің еліміздің аумағындағы 3299 аса еуразиялық патенттерді есепке алғанда толыққанды патенттік қорғанысқа негізінен шетелдік өтінім берушілер ие. Патенттік нарық үшін бәсекелестік сайыста ұлттық патент иеленушілер көбінесе алдын ала патентті пайдаланады, олар өздерінің міндетті әрі дәйекті екі сатылы патент алу рәсімдерінің нәтижесі болып табылатын ұзақ мерзімді патенттік позицияны ұстап тұру мүмкіндігін жүзеге асырмайды.
      Қазақстан зияткерлік меншік саласындағы барлық маңызды халықаралық конвенциялар мен шарттарға қосылды, ол қазақстандық өтінім берушілерге халықаралық патенттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бірақ өнертабыстарға берілетін қазақстандық өтінімдердің көп дегенде 1 %-дан кемі әлемнің өзге елдерінде патенттеледі. Ал халықаралық патенттеу жаһандық нарыққа шығуға дайындық, экспортты қорғау және халықаралық ауқымдағы инновация тәуекелдерін сақтандыру құралы болып табылады.
      Ұлттық өтінім берушілердің мүдделерін, ұлттық зияткерлік меншікті қорғау үшін, сондай-ақ Қазақстанның жақында ДСҰ-ға кіруіне байланысты отандық патенттік нарықты жандандыру, күшейту және ұлттық патенттік жүйені халықаралық патенттік тәжірибемен өзара үйлестіру қажет.
      Өнеркәсіптік меншік объектісін патенттеу рәсімін модернизациялау келесі негізгі жайғасымдарды қамтиды:
      - алдын ала патенттен бас тарту;
      - инновациялық патентті енгізу;
      - ТРИПС келісімінің ережелеріне сәйкес "өнертабыс объектісі" деген ұғымды ырықтандыру;
      - Беру рәсімін өтінім құжаттарын ДЗМҰ-дың патенттік құқық туралы шартының (РLТ) ережелері негізінде ұсыну арқылы жеңілдету;
      Өнертабысты құқықтық қорғау инновациялық патентке немесе балама негіздегі патентке өзара өзгерту мүмкіндігін қарастыра отырып, өтінім беру жолымен жүзеге асырылатын болады, бұл ретте инновациялық патентке дауласу және оны жарамсыз деп тану стандартты патенттерге қойылатын негіздемелер бойынша жүзеге асады, соның ішінде мәлімделген объектінің патенттік қабілеттілігінің барлық шарттарына сәйкессіздігі бойынша да жүзеге асады.

кестені қағаз мәтіннен қараңыз

      Жергілікті жаңашылдығы мен өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығына сараптама қорытындысы бойынша берілетін инновациялық патент өнеркәсіптік меншікке айрықша құқықтың жедел құжаты ретінде инновацияларды нарыққа жылдам шығару құралдарының бірі болып табылады.

1.2. Өнеркәсіптік үлгілерді патенттеу

      Қазақстанда өнеркәсіптік үлгілерді қорғау Патент заңына сәйкес үстірт қарау-тексеру жүйесі бойынша іске асырылады. Формальды сараптаманың нәтижесі бойынша өтінім берушіге өтінім берген күннен бастап бес жыл бойы күшін сақтайтын алдын ала патент беріледі, мәні бойынша сараптаманың нәтижесі бойынша өтінім берілген күннен бастап он жыл бойы күшін сақтайтын және бес жылға ұзарту мүмкіншілігі бар патент беріледі.
      2006 жылдың 1 қаңтарына Қазақстан Республикасының патенттік ведомствосына өнеркәсіптік үлгіге 938 өтінім келіп түсті, 500 астам қорғау құжаты берілді, оның ішінде жартысына жуығы қорғау құжаттарын күшінде ұстап тұрмаған салдарынан жойылды. Статистика негізінен шетелдік өтінім берушілерден келіп түсетін өтінімдердің бестен бір бөлігіне ғана мәні бойынша сараптама жасалатындығын көрсетеді, олар ұлттық өтінім берушілердің әзірлемелерінің көркемдік-конструкторлық деңгейін көтеру және шетелдік аналогиялардан көшірме жасамай бәсекеге қабілетті бұйымдарды өндіру мақсатында өнеркәсіптік үлгілерді патенттеудің тексеру жүйесін енгізу жоспарланады. Патент заңындағы осы сияқты өзгерістер ұлттық өтінім берушілерден келіп түсетін өтінімдердің санын азайтатыны күмәнсіз, бірақ келешекте жаңа, бірегей көркемдік-конструкторлық бұйымдардың жасалуына мүмкіндік туғызады. Бір сатылы мәні бойынша сараптама жасауға көшу өнеркәсіптік үлгіге патентті алудың мерзімін анағұрлым қысқартады және бөтен біреудің патенттелген үлгілерін пайдалануына байланысты соттық істердің санын азайтады.
      Өнеркәсіптік үлгілерді патенттеудің тексеру жүйесіне көшу, ведомстволары мәні бойынша сараптама жүргізетін елдердің ұлттық заңнамаларының ерекшеліктерін ескере отырып жасалған, 1999 жылғы 2 шілдеде ДЗМҰ-дың дипломатиялық конференциясы қабылдаған, өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық тіркеу туралы Гаага келісімінің Женева актісіне Қазақстанның қол қоюына мүмкіндік береді.
      Ұлттық патенттік заңнаманың негізгі нормалары Гаага келісімінің Женева актісінің негізгі ережелеріне қайшы келмейді және халықаралық жүйе бойынша тіркеуге келетін объектілерге қатысты дербес шешім қабылдауға, атап айтқанда:
      - өнеркәсіптік үлгіні тіркеуге халықаралық өтінім берілген күнді оның патенттік ведомствоға түскен күні бойынша белгілеуге;
      - көп объектілік өтінімді қарауға қабылдамауға және бөлініп алынған өтінім үшін қосымша баж салығын төлетуге;
      - бас тарту туралы ведомствоның қорытындысын шығару мерзімін 12 айға дейін ұзартуға;
      - уағдаласушы тараптың заңнамасында осы сияқты норманың болмауына байланысты өтінім берушіге жарияланымның мерзімін ұзартуды қабыл алмауға мүмкіндік береді;
      Женева актісі жеке баж жүйесін енгізеді. Уағдаласушы тарап баж салығының көлемін өзі белгілей алады, бірақ ол ДЗМҰ-дың Халықаралық бюросы белгілеген баж салығының көлемінен артық болмау керек.
      Қазақстанның Женева актісіне қол қоюы шетелдік өтінім берушілерден өнеркәсіптік үлгілерді тіркеуге келіп түскен өтінімдердің легін көбейтеді және бөтен біреулердің патенттеген объектілерін пайдалануды болдырмау үшін жаңа бұйымдарды құрастырып өндіруде отандық өтінім берушілердің жауапкершілігін арттырады, сонымен қатар патенттік ведомствоның штатын шетел тілін жетік білетін білікті сарапшылармен толықтыруды талап етеді.

1.3. Тауар таңбаларын және тауарлар шығарылған
жерлердің атауларын тіркеу

      Қазақстан Республикасында жыл сайын халықаралық өтінімдерді қосқанда тауар таңбаларын тіркеуге 6500-ден астам өтінім беріледі. Пайыздық арақатынаста жалпы өтінімдердің санынан қазақстандық өтінім берушілердің ұлттық тіркеу жүйесіндегі үлесі - 76%, ал шетелдіктердің үлесі - 24%. Ұлттық өтінім берушілерден түсетін өтінімдердің тұрақты саны өндірушілердің өз тауар таңбаларына құқықтық қорғау алып, олардың рұқсатсыз пайдаланылуын болдырмауға ұмтылатынын куәландырады.

        ДЗМҰ-дың 2004 ж. есебінен алынған деректер

Ел

Ұлттық өтінім берушілер

Шетелдік өтінім берушілер

Халықаралық тіркеу

Барлығы

%

KZ

2908

1070

2545

6523

44,6

ВҮ

2410

1027

4387

7824

30,8

UA

11516

2434

6369

20319

56,7

RU

23571

7088

9952

40611

58

62576

3342

8279

74197

84,3

US

213495

26988

7110

247593

86,2

110270

18573

7136

135979

81

      Ұлттық, шетелдік өтінім берушілерден ұлттық патенттік ведомстволарға және таңбаларды халықаралық тіркеу жүйесі бойынша Қазақстан Республикасы мен алдыңғы қатарлы шет елдерде берілетін өтінімдердің салыстырмалы талдауы, Германия, Америка және Жапонияда тауар таңбаларын тіркеуде ұлттық өтінім берушілердің белсенділігі 80% жоғары екенін анықтады, ал Қазақстанда жалпы санның жартысына жақындағанын көруге болады, бұл жәйт ТМД елдерінің көрсеткіштерімен толық шамалас.
      Тауар таңбалары дамыған экономиканың ажырамас бөлігі бола бастады, тауар өндірушілер үшін өсіп келе жатқан құндылыққа айнала отырып, нарықтық қатынастарға қатысады. Материалдық емес активтер ретінде кәсіпорынның визит карточкасы бола тұра тауар таңбалары, фирманың нарықтық құнының елеулі үлесін құрайды және кепілге беру, сатып алу және сату нысаны бола алады.
      Тауар таңбаларын интернетте олардың иелерінің рұқсатынсыз пайдалануды тауар таңбасы иелерінің айрықша құқықтарының бұзылуы деп танитын "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген 2005 жылғы 1 тамыздағы, толықтыру тауар таңбалары иелерінің құқықтарын телекоммуникация желілері арқылы жиі бұзу жағдайларын сот тәртібімен реттеуге мүмкіндік береді.
      Соңғы жылдары Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің жүйесі бойынша шетелде тіркелетін тауар таңбаларының саны көбейді. 2006 жылдың 1 қаңтарына халықаралық жүйе бойынша қазақстандық өтінім берушілерден шетелдерге 170 өтінім берілді, оның ішінде 19 өтінім 2004 жылы, ал 35 өтінім 2005 жылы. Халықаралық тіркеуге көбінесе спорт тауарлары, банк қызметтері, дәрі-дәрмек, тағам өнімдеріне қатысты таңбалар беріледі.
      Қазақстан Республикасы 1993 жылы бекіткен Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі тауар таңбаларын бір халықаралық тіркеу арқылы келісімнің бірнеше қатысушы елдерінде қорғау мүмкіндігін туғызады. Кейбір дамыған елдердің келісімге қатысушылардың қатарына кірмеуінің бірден-бір себептері мынадай:
      - тауар таңбасының міндетті түрде шығарылған елінде тіркелуі;
      - бас тарту себептерін көрсете отырып қорғау берілмеу туралы хабарламаны жіберумен қатар, аталған елде таңбаға сараптама жасау мерзімінің біршама қысқа (бір жыл) болуы;
      - халықаралық өтінімнің ұлттық өтінімге бес жыл бойы тәуелді болуы және ұлттық тіркеудің күші жойылған кезде оның күшінің жойылуы;
      1989 жылы жасалған Мадрид хаттамасының Мадрид келісіміне қарағанда бір қатар артықшылықтары бар:
      - халықаралық өтінім ұлттық (өңірлік) өтінімге негізделуі мүмкін;
      - Хаттаманың 5(2)(b)-бабына сәйкес кез келген уағдаласушы тарап өтінімді қарау мерзімін бір жылдан 18 айға ауыстыруы туралы мәлімдеме жасауы мүмкін;
      - жеке салығы жүйесі енгізілген, бұл жүйе бойынша уағдаласушы тарап, ол көрсетілген жағдайда, белгілі бір шектеулерді ескере отырып, баж салығының көлемін өзі белгілей алады;
      - базалық тіркеудің күші жойылған жағдайда көрсетілген уағдаласушы елдерде халықаралық тіркеуді ұлттық (өңірлік) өтінімге өзгерту мүмкіндігі ескерілген;
      - жұмыс тілі ретінде француз және ағылшын тілдерін пайдалану мүмкіндігі.
      2005 жылғы 15 шілде күніне Мадрид хаттамасында 66 қатысушы болған, оның ішінде Дания, Финляндия, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ.
      Армения, Австрия, Беларусь, Қытай, Франция, Германия және басқалары (барлығы 77 ел) бір мезгілде Мадрид келісімінің және хаттамасының қатысушылары болып табылады.
      Қазақстанның Мадрид келісімі хаттамасына қол қоюы отандық өтінім берушілердің ұлттық өтінімдер негізінде халықаралық өтінімдерін берілген елде тіркелуін күтпестен беру жағдайын келешекте жақсартады. Хаттамада базалық өтінімнің күші жойылған жағдайда халықаралық тіркеуді ұлттық немесе өңірлік өтінімдерге өзгерту мүмкіндігі көзделмеген. Қазақстанның хаттамаға қатысуы ұлттық заңнамаларының ерекшеліктеріне байланысты мадрид келісімі бойынша өтінім беру мүмкіндігі болмаған, АҚШ, Жапония, Финляндия сияқты елдерден келіп түсетін халықаралық өтінімдердің санын көбейтеді.
      Тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге қатысты, қазақстандық өндірушілердің өз өніміне қатысты мұндай қорғаудың түрін іс жүзінде пайдаланбайтынын атап өту қажет. 2005 жылдың қараша айына дейін Қазақстан Республикасында тауар шығарылған жерлердің 8 атауы тіркелді, оның ішінде 2 чехиялық және 6 қазақстандық. Сонымен қатар, Қазақстанның аумағы табиғи ресурстардың әр түрлілігімен танымал, сондықтан көптеген өңірлер ерекше қасиеттері бар тауарларды ұсына алады. Сонымен бірге кейбір жерлер өздерінің дәстүрлі қолөнерлерімен және бірегей рецептерімен әйгілі. Осылайша, тауарлардың шығарылған жерлері ретінде қазақстандық географиялық көрсеткіштерді тіркеуге мол мүмкіндік бар, бұл, әрине, біздің өндірушілерге ерекше қорғалған өнімдерімен әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.
      Сонымен бірге қазір құқықтық қорғауға және анықтамаға зияткерлік меншік объектісі, сондай-ақ цифрлік ортада нарық қатынасушыларының бірегейлендіру құралы ретінде "домен атауы" деген ұғымды енгізу қажеттілігі аса туындап отыр.
      Фармацевтикалық фирмалармен дәрілік заттардың атауларында сөзді тауар таңбалары кең пайдаланылады. Тауар таңбасы ретінде дәрілік заттардың атауларын тіркеудің рәсімі және фармокопеялық комитетінің номенклатуралық комиссиясында оларға атау беруде айтарлықтай сәйкессіздіктер бар. Бір жағынан, "Дәрілік заттар туралы" ҚР Заңы дәрілік заттарды әзірлеушіге дәрілік заттың атауын тіркеуге және осы атаумен өнім өндіруге құқық береді, мұндағы атауды пайдалану құқығы айрықша емес екендігін айта кету керек. Оны мемлекеттен дәрілік заттарды өндіруге тиісті лицензияны алған дәрілік заттың кез келген өндірушісі алуы мүмкін. Бірақ дәрілік затты осы атаумен басқа ешкім өндіре алмайды. Осымен қатар "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" ҚР Заңы тауар таңбасы ретінде дәрілік заттың сол атауын (немесе аралас дәрежеге дейін ұқсас) кез келген тұлғаның атына тіркеуге мүмкіндік береді, оның ішінде дәрілік заттардың өндірісіне қатысы болмаған тұлғаның атына. Оған қоса, тауар таңбасы тіркелген тұлға оны пайдалануға айрықша құқық алады.
      Жоғарыда айтылғаннан, номенклатуралық комиссиямен бекітілген дәрілік заттың атауы және дәрінің сауда атауы - қорғаудың әр түрлі объектілері екені ортаға шығады. Сауда атауының (тауар таңбасының) құқықтық статусы "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" ҚР Заңымен регламенттеледі, ал дәрілер атауларының құқықтық қағидалары халықаралық немесе ұлттық номенклатуралардың ережелеріне негізделеді және атаулары тиісті номенклатуралық комиссиялармен беріледі. Осылайша, дәріні әзірлеген адамның өзіне дәрі өндірісін сатып алуға немесе тыйым салу мақсатында дәрінің сауда атауларын (тауар таңбаларын) өз атына тіркеген теріс пиғылды тұлғалардың пайдаланатын қайшылықтардың тууы үшін құқықтық шарттар құрылады.
      Сондықтан дара заттардың, дәрілік заттардың және тауар таңбаларын тіркеу кезінде министрліктер мен ведомстволардың өзара іс-әрекеттер тәртібін жасау және бекіту қажет, осы тәртіпке сәйкес дәрілік затты әзірлеуші әзірлеген заттың атауын номенклатуралық құрылымдарда (фармакопеялық комитеттің номенклатуралық комиссиясында) тіркеп қана қоймай, тауар таңбасы ретінде дәрінің сауда атауын уәкілетті патенттік органда тіркелуін алдын ала қамтамасыз етуі қажет.
      Бұл ұсыныстың түйіні мынада: дәрілік затты мемлекеттік тіркеу рәсімі кезінде әзірлеушіге уәкілетті патенттік органнан мынадай мәліметтердің берілуін ұсынады:
      - деректер базасында дәрілік заттың атауымен аралас дәрежеге дейін бірдей немесе ұқсас өтінім берілген немесе тіркелген тауар таңбаларының бар-жоқтығы туралы;
      - тауар таңбасы туралы заңдар жағынан осындай белгінің қорғалу қабілеттігі туралы, сонымен бірге қорғалу қабілеттігі жоқ тауар таңбалары категорияларына фармацевтикалық заттар үшін халықаралық патенттелмейтін атаулар жатады, олардың құқықтық статусы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының құжаттарымен реттеледі.
      Іздеу барысында өтінім берілген дәрілік заттың атауымен аралас дәрежеге дейін бірдей немесе ұқсас белгілер табылмаған жағдайда, сонымен қатар оның қорғалуға қабілеттігі бар болған жағдайда, әзірлеушіге мүмкін болатын қайшылықтардың алдын алу мақсатында бұл белгіні тауар таңбасы ретінде тіркеуге өтінім берілуі ұсынылады.
      Егер дәрілік зат әзірленген және патенттік нормалармен, басқа да заңнамалық кесімдермен қорғалған мемлекеттен тыс жерге жеткізілсе, әзірлеушіге жеткізілім жасайтын елдің уәкілетті патенттік органында дәрілік затын патенттік тазалыққа тексерту ұсынылады.
      Дәрілік заттың сауда атауына да қатысты жоғарыдағыдай шаралардың қолданылуы қажет. Әкелінетін дәрінің атауын жаңашылдыққа тексеру осы мемлекеттің аумағында тіркелген және қорғалатын тауар таңбалары иелерінің құқығын бұзудың алдын алу үшін қажет. Егер дәрінің атауы бірегей болатын болса, әзірлеушіге мемлекетке әкелуден бұрын уәкілетті патенттік органға атауын тауар таңбасы ретінде тіркеуге өтінім берілуі ұсынылады.
      Дәрілік заттың сауда атауының тіркелуі ұлттық тіркеу жүйесі бойынша қалай іске асырылса, халықаралық бойынша да асырылады. Тауар таңбаларының ұлттық тіркелуі болжалды әкелінетін мемлекеттің заңдық және нормативтік актілеріне сәйкес жүзеге асады. Дәрілік заттың атауын өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының бірнеше мүше мемлекеттерінде тіркелген жағдайда, өтінім беруші таңбаларды халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісіміне сәйкес тауар таңбаларын тіркеудегі артықшылықтарды пайдалана алады. Бұл жағдайда, тауар таңбасының базалық тіркеуі болса, өтінім беруші Халықаралық бюроға болжалды әкелінетін мемлекеттерді көрсете отырып бір өтінім бере алады. Аталған елдердегі тауар таңбасының тіркеу күшін тарату мен өтінім беру механизмі мадрид келісімінің Нұсқаулығымен реттеледі.

1.4. Қорғау құжаттарын беру мерзімін қысқарту

       Қазіргі заманғы техникалық даму жағдайында өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді қарау мерзімін қысқарту, экономикалық айналымға жаңа технологияларды жылдам енгізуге және инновациялық процестерді жеделдетуге ықпал ету мақсатында қорғау құжаттарын жедел беру қажеттілігі артып отыр. Осылайша, Жапонияның Патенттік ведомствосы сараптаманы күту кезеңінің мерзімін 26 айдан 11 айға дейін қысқартуды жоспарлап отыр, АҚШ патенттік ведомстволары, Еуропа патенттік ведомствосы патенттік сараптаманың қарқынын арттыру мүмкіндігін қарауда.
      Қазіргі кездегі ҚР қорғау құжаттарын беру мерзімі Қазақстанның инновациялық даму қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Біріншіден, оның ұзақтылығы патенттік-ақпараттық іздеу жүргізудің қиындықтарына, сарапшылардың жетіспеушілігіне, сараптамалық жұмыстардың жеткіліксіз техникалық жабдықталуына байланысты.
      Өтінімдерді қарау мерзімін қысқарту, берілетін қорғау құжаттарының сенімділігін арттыру техникалық және ақпараттық жабдықталумен, сондай-ақ кадрлық қамтамасыз етілумен байланысты. Зияткерлік меншік объектілерін тіркеуге берілетін өтінімдердің және сарапшылардың штаттағы санын талдау сараптамалық корпусты айтарлықтай ұлғайту қажеттілігін көрсетіп отыр. Білімнің нақты салалары бойынша сарапшылардың белгілі бір салада ғана мамандануын енгізу өнертабыстар мен пайдалы модельдерге өтінімдердің қаралуын жеделдетуге ықпал етеді.
      Өтінімдерді электронды түрде беру қорғау құжаттарын беруді жеделдетудің маңызды резерві болып табылады.
      Ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі дамуы жағдайында өтінімдерді тіркеу үшін электронды байланыс құралдарын пайдалану мейлінше өзекті болып табылады. Өтінімді электронды түрде беруді енгізу қорғау құжаттарын беру рәсімін жетілдіру процесінің құрама бөліктерінің бірі ғана болып табылмайды, ол сондай-ақ "электронды үкімет" тұжырымдамасын іске асыруға, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, қағаз бетіндегі құжат айналымын азайтуға, іс жүргізуді жеңілдетуге нақты қадам болып табылады.
      Электронды өтінім беруді енгізу кезінде өтінім беру рәсімін жеңілдету мен электронды нысандағы өтінімдердің материалдарын өңдеу кезінде жұмсалатын уақыттың қысқаруы есебінен мәні бойынша сараптама мерзімдерін айтарлықтай қысқарту нәтижесінде өнеркәсіптік меншік объектілерінің елеулі санын тіркеуге нақты мүмкіндік туады.

2. Зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласын кеңейту және жетілдіру

       Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты интегралды миркосхемалар топологиясы, жабық ақпараттар, компьютерлік бағдарламалар, селекциялық жетістіктер, дәстүрлі білімдер, фольклор, генетикалық ресурстар, домендік атаулар сияқты зияткерлік меншіктің дәстүрден тыс объектілерін қорғауды кеңейту және жетілдіру болжанып отыр. Сонымен қатар, қызметтік және құпия өнертабыстар саласындағы заңдарды жетілдіру керек, өйткені ол тікелей мемлекеттің экономикалық мүдделері саласына және ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты.

2.1. Қызметтік өнеркәсіптік меншік объектілері

       Өндірістік, ғылыми-зерттеу, көркем-құрастырмалық және басқа да жұмыстарды жүзеге асыру барысында кәсіпорындар, ұйымдар, кез келген нысандағы мекемелер сияқты жұмыс берушілерден алынған қызметтік тапсырмаларды орындау процесінде жұмыскердің объектіні жасау фактісі қызметтік өнеркәсіптік меншік объектісінің ерекшелік белгісі болып табылады. Инновациялық процестерді тиімді басқару үшін мемлекеттің, жұмыс беруші мен жұмыскердің мүдделерінің теңгерімін толық көлемде қамтамасыз ету өте маңызды. Сонымен қатар инновациялық процестің барлық өзге субъектілерінің, сондай-ақ өнеркәсіптік меншік объектілерін коммерцияландыруды жүзеге асыратын тұлғалардың да мүдделерін есепке алу сонша маңызды. Өнеркәсіптік меншік объектілерін жасағаны үшін авторларға сыйақы төлеудің нақты әрі міндетті механизмін жасау керек. Инновациялық процестердің субъектілері - авторлар, жұмыс берушілер, мемлекет пен инвесторлар арасындағы шарттық қатынастарды тиісті түрде орындауға жауапкершілікті күшейту керек.

2.2. Құпия өнеркәсіптік меншік объектілері

       Мемлекеттік құпияға жататын мәліметтерді қамтитын өнеркәсіптік меншік объектілері құпия өнертабыстар болып танылады. Мемлекет әзірлеуші авторларға өтемақы төлей отырып, ондай объектілерге иеліктен айыруға тиіс.
      Әлемдегі өнеркәсіптік тұрғыда дамыған елдердің барлығы құпия өнертабыстарға қандай да бір түрдегі құқықтық қорғау береді. Бұрын КСРО-да құпия өнертабыстарға авторлық куәліктер берілетін, олар ашық баспада жарияланбайтын және тиісті мемлекеттік орган немесе ұйым мемлекет атынан оның айрықша құқығын куәландыратын.
      Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне берілетін өтінімдер мемлекеттік құпияны құрайтын Мәліметтердің тізімі бойынша тексеріледі және өтінімнің материалдарында мемлекеттік құпияға жатқызылатын мәліметтер табылған жағдайда ондай өтінімдер сәйкес мемлекеттік органға құпияландыру негіздемесін анықтау үшін және құпиялылық дәрежесін анықтау үшін жолданады.
      Бірақ, білікті патенттік жұмыскерлері болмаса, мемлекеттік органдар құпиялылықтың дәрежесін анықтауда қиналады және мәні бойынша өтінім материалдарының білікті сараптамасын өткізе алмайды. Патенттік жүйенің бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде Қазақстанда құпия өнертабысқа бірде бір патент берілмеген. Өтініштердің материалдарын құпияландыратын бірқатар уәкілетті органдар олардың қаралуын және тиісті шешім қабылдауды негізсіз созады. Одан аса құпиялық белгі қойылған өтініштер бойынша тиісті сараптама жүргізілмейді, және көбінесе, бес жыл өткен соң, яғни құпиялауға жататын мәліметтердің заңнамада белгіленген тізімін қайта қарағаннан кейін, осындай өтініштерді құпиясыздандыру туралы шешім қабылданады.
      Осындай өтініштердің материалдары ұзақ уақыт қараусыз қалған соң, олардағы жаңа енгізулер ескіріп қалады. Әзірлеушілер өздерінің объектілері құпияланғаны үшін өтемақы алмайтыны өзіне басқа, ал мемлекет пен қоғам осындай объектіні пайдаланудан түсетін пайданы ала алмайды.
      Қолданылып жүрген нормативтік құқықтық база құпия өнертабыстармен жұмыс істеуді тиімді реттеуге мүмкіндік бермейді, құпия өнертабыстардың құқықтық қорғанысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін және авторлардың, мемлекет пен өндірушілердің арасындағы арақатынастарды реттеуге мүмкіндік беретін олармен жұмыс істеудің бірыңғай механизмі жоқ.
      Құпия өнертабыстарды тұжырымды құқықтық қорғау негізінде құпия өнертабыстар үшін ол ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еліміздің әскери-өнеркәсіптік кешенін дамыту мақсатында мемлекеттік құпия туралы заңдардың талаптарын ескеріп отыратын нарықтық қатынастарды құруға ықпал етуге тиіс.

2.3. Селекциялық жетістіктер

      Қазақстан Республикасы үшін селекциялық жетістіктерді қорғау тиімділігі маңызды мәнге ие. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы UРОV мүшесі болып табылмайды, демек отандық селекционерлердің халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндігі жоқ.
      Зияткерлік меншік құқығы комитетінің "Ұлттық зияткерлік меншік институтының" РМҚК мен Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі Өсімдіктер сорттары мен мал тұқымдары жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың селекциялық жетістіктерді сараптау және қорғау саласындағы өзара іс-қимылын үйлестіру мәселелерін реттеу қажет. Селекциялық жетістіктердің патент қабілеттілігіне сараптама өткізудің нормативтік және әдістемелік базасын құру қажет, сондай-ақ өсімдік сорттарының, тұқымның (өсімдіктерге қатысты) нұсқаулық үлгілерін сақтау үшін өсімдік сорттарының гендік қорларын құру керек.
      Жұмыс беруші мен селекциялық жетістік авторының арасындағы азаматтық арақатынастарды да белгілеу керек, өйткені селекциялық жетістіктер көп жағдайда қызметтік міндеттемелерді орындау процесінде туындайды. Селекционерлердің мүдделерін, сондай-ақ осындай зияткерлік меншік объектілерін жасауға материалдық және өзге де құралдарын, тәжірибесі мен білімін салған жұмыс берушінің құқықтарын заң жүзінде қорғау керек.

2.4. Дәстүрлі білімдер, генетикалық ресурстар және фольклор

      Зияткерлік меншікті құқықтық қорғаудың әлемдік үрдісі дәстүрлі білімдерді, генетикалық ресурстарды және халық шығармашылығын қорғауды жетілдіруге бағытталған.
      БҰҰ-ның зияткерлік меншікке жауапты мамандандырылған органы ретінде ДЗМҰ Дәстүрлі білімдер, генетикалық ресурстар мен фольклор комитетін құрған. Комитеттің концепциясына сәйкес ортақ мұра - генетикалық ресурстарға, дәстүрлі білімдер мен фольклорға қатысты халықаралық саясаттың негізгі мақсаты халықтың игілігін сақтап қалу болып табылады. Аталған объектілердің ерекшелігі олардың ресми және бейресми жаңашылдық пен шығармашылық салаларымен қиылысып адамның дараландырылған зияткерлік қызметінен тыс және тәуелсіз өзгеру әрі даму қабілеті болып табылады. Халықаралық қауымдастық таптырмас сипатын ескеруге мүмкіндік беретін зияткерлік меншіктің жаңа стандарттарын белгілейді.
      ДЗМҰ-дың Зияткерлік меншік, генетикалық ресурстар, дәстүрлі білімдер және фольклор жөніндегі үкіметаралық комитетінің бірінші сессиясында (биологиялық компоненттер үшін генетикалық ресурстар - іс жүзінде құндылығы бар немесе болуы әбден ықтимал және өсімдік, жануар, микроб немесе басқа текті, биологиялық әр түрлілік туралы Конвенцияның 2 бабына сәйкес құрамында функционалдық тұқым қуалаушылық бірліктері бар кез келген генетикалық материалды, анықтаманы пайдалану туралы шешім қабылданған.
      Дүниедегі биосфераға бұзғыш антропогендік әсер етудің ғаламдық сипаттамасы бірігу және экологиялық дағдарыстан шығу шараларын үйлестіру қажеттілігін белгіледі. Осы мақсатта: БҰҰ-дың қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП), Жаһандық экологиялық қор (ГЭФ), Халықаралық табиғатты қорғау қоры (МСОП), Дүниежүзілік жабайы табиғатты қорғау қоры (WWF), Табиғи және мәдени мұра (UNESCO) және басқалары құрылды.
      Халықаралық Конвенциялар экологиялық тұрақтылықтың, қауіпсіздіктің және мемлекеттің тұрақты дамуының маңызды құралы болды. Қазақстан БҰҰ жанындағы Тұрақты даму комиссиясының мүшесі ретінде 17 конвенцияларға қосылды, олардың ішінде: Конвенция (СBD), (1992); "Су-батпақ аумақтарды қорғау туралы" Рамсар конвенциясы" және Сирек әрі сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерімен халықаралық сауда жасау жөніндегі конвенция (СИТЕС) және басқалар.
      Қазақстан, 2000 жылдан бастап СИТЕС Конвенциясының мүшесі болысымен, жануарлардың барлық жылжуларын Комитеттің - СИТЕС ғылыми органының сертификаты бойынша жүзеге асырады.
      XX ғасырдың аяғына дейін биолог-ғалымдар тірі организмдердің, өсімдіктердің және жануарлардың жеке түрлерін олардың мекендеген жерлерін қорғаусыз сақтау мүмкін емес деген бір ауызды шешімге келді. Сондықтан, XX ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап "экожүйелік зерттеулер" дами бастады, олар бұрын жинақталған білімдерді қорытындылаудың жаңа деңгейіне көтерілуге, табиғи резерваттар, бақтар, қорықтар жүйесін кеңейтуге және Заң қабылдауға мүмкіндік берді. Биологиялық түрлілікке келтірілген залал осы жағымсыз құбылысты жеңу амалдарын қолдануға бастамашы болды - өсімдіктер және жануарлар туралы білімдер іргелі флористикалық және фауналық жинақтар, каталогтар, кадастрлар, анықтамалықтар және олардың электрондық версияларын басып шығару арқылы, генетикалық карталау арқылы жүйелендірілді және қорытылды.
      Биотүрлілік туралы Конвенцияның шарттары бойынша "Ұлттық әрекеттер жоспары және Шөлденуге қарсы күрес жүргізу жөніндегі ұлттық стратегия" (1997); "Ұлттық стратегия және биологиялық түрлілікті сақтау және теңдестіріліп пайдалану жөніндегі іс-әрекеттер жоспары" (1999); "Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-әрекеттердің ұлттық жоспары" (1999); Каспий және Арал теңіздері, Семей ядролық полигоны аумақтарының экологиялық проблемалары жөніндегі ғылыми баяндамалар сияқты маңызды негізгі құжаттар және басқа да мемлекеттік деңгейдегі материалдар әзірленді.
      Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түршелері, 96 омыртқасыздар мен өсімдіктердің 303 түрі енгізілді.
      Биологиялық түрлілікті сақтап қалу үшін, оның тұрақты дамуы үшін республикалық маңыздылығы бар қорықтар, ұлттық парктер, табиғи резерваттар мен жергілікті маңыздығы бар табиғи саябақтар сияқты заңды тұлға мәртебесі бар айрықша сақталатын табиғи аумақтардың (АҚТА) маңызы зор. Бірақ табиғи объектілерді қорғаудың осы амалдары тұтастай экожүйені және, атап айтқанда оның генетикалық ресурстарын толық көлемде құқықтық қорғауды қамтамасыз етпейді. Зияткерлік меншік саласында табиғи ресурстар мен оның генетикалық ресурстарын құқықтық қорғауға арналған нақты механизмнің жоқтығы, осымен байланысты, еркін саудаға ықпал етуге, қоршаған ортаны сақтауға, азық-түлік өнімдерінің, сырттан әкелінетін ГЖӨ (генетикалық жақсартылған өнімдері) қауіпсіздігін, сырттан әкелінетін азық-түлік өнімдерін, тұқым материалдарын және т.б. тиісті бақылаудың болмауымен байланысты бір топ проблемаларды шешуге кедергі келтіріп отыр.
      ДЗМҰ Бас ассамблеясының 26-ші сессиясының шешіміне сәйкес алғаш рет Зияткерлік меншік, генетикалық ресурстар, дәстүрлі білімдер және фольклор жөніндегі үкіметаралық комитет шақырылды. 2001 жылы Комитеттің екі сессиясы өтті, онда SСBD, МСОП және басқалардың өкілдері қатысты, генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бөлісу жөнінде тақырыптар талқыланды.
      Генетикалық ресурс немесе кең аспектіде - биологиялық ресурс биологиялық орта жағдайында өздігінен көбею қабілеті бар, тамыр қуалаушы ақпаратты қамтитын объект болып табылады.
      Конвенцияның атқарушы хатшысы биоматериалдарды тапсыру тәртібі бойынша "Бонн уағдаласулары" құжатын, "Зияткерлік меншікке, генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бөлісу жөніндегі шарттық - келісімдерге қатысты, баптарына қатысты басшылық принциптер" атты құжатын дайындаған. 3-ші отырысқа (2002 ж.) "Қолданылып жүрген шарттық - келісімдер бойынша Зияткерлік меншікке, генетикалық ресурстарға қол жеткізуге және пайданы бөлісуге қатысты дерекқор құрылымы" (БД) әзірленді. Табиғаттың жойылып бара жатқан объектілерін сақтап қалу үшін зияткерлік меншік жүйесін пайдалану және оның компоненттерін тұрақты пайдалану жөнінде шұғыл шаралар, мысалы, биоматериалды сақтау және оны ғылыми әрі шаруашылық қызметте, соның ішінде коммерциялық пайдалануда ұтымды пайдалану үшін генетикалық ресурстар банкін жасау қажет.
      ДЗМҰ осы бағытта алғашқы қадам жасады, SCBD, UNESCO, МСОП-пен және т.б. бірлесіп Зияткерлік меншік, генетикалық ресурстар, дәстүрлі білімдер және фольклор бойынша үкіметаралық комитет құрды және генетикалық ресурстарды құқықтық қорғау үшін зияткерлік меншікті пайдалану саласында басымдықтарды белгіледі. ДЗМҰ Комитеті сессияларының белсенді мүшесі бола отырып, Қазақстан зияткерлік меншік құқықтары мен биологиялық түрліліктің арасында өзара іс-қимыл жасау мәселелерін шешуі қажет.
      Азық-түлік, ауыл шаруашылығы, биологиялық түрлілік саласындағы генетикалық ресурстар, дәстүрлі білімдер бойынша жүйелендірілген мәліметтер базасының жоқтығы көрсетілген объектілердің техника деңгейіне кірмеуіне әкеп соғады, ал ол Қазақстан халықтарының дәстүрлі білім иегерлері мен сақтаушыларының құқықтарын да бұзуға әкеп соғуы мүмкін.
      Генетикалық ресурстарды, дәстүрлі білімдерді және халық шығармашылығын каталогқа енгізу, тізілімдер мен дерекқорларды құру бірінші кезектегі міндет болып табылады. Дәстүрлі білімдерді құқықтық қорғауға арналған зияткерлік меншік жүйесін пайдалану принциптерін әзірлеу, көрсетілген саладағы құқықтық қатынастардың субъектілік құрамын белгілеу қажет.

3. Патенттік-ақпараттық қамтамасыз ету

      Кез келген мемлекеттің патенттік жүйесінің табысты әрекет етуінің міндетті шарты осы жүйемен қамтылатын барлық субъектілерді ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады: мемлекеттік сарапшыларды - сараптамалық жұмыстарды қамтамасыз ету үшін; ғылыми-техникалық жаңалық жасаушыларды - бұрыннан белгілі ғылыми-техникалық шешімдердің қайталануын болдырмау үшін; патент иеленушілер мен олардың оппоненттерін, апелляциялық және сот инстанцияларын - өнеркәсіптік меншіктің қайсы бір объектісіне қатысты әрекеттенуді ұсыну, дауласу және қорғау үшін; кәсіпкерлерді өз өңдемелерінің мақсаттылығы туралы шешім қабылдау үшін немесе бұрыннан жасалған өнертабыстарға лицензия алу үшін, бәсекелестік сайыста қорғау шараларын жүзеге асыру үшін немесе, керісінше - бірлесіп кәсіпкерлікпен айналысуға әріптестерді іздеу үшін және т.б.
      Осындай қамтамасыз ету айтарлықтай ұлттық патенттік-ақпараттық ресурстардың болуын болжайды, оларды құруда негізгі рөлді кез келген мемлекетте патенттік ведомство атқарады.
      Ақпараттық ресурстардың құрылымы мен құрамы олардың мақсатымен және олардың негізінде шешілетін мынадай мәселелермен белгіленеді:
      - өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жасау мақсатында әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
      - Қазақстанның барлық аймақтарында патенттік-ақпараттық
ресурстарды көпшілік алдында пайдалану үшін қолайлы жағдай жасау;
      - мемлекеттің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік саясаттың мүддесінде сұраныстарды орындау;
      - барлық мүдделі тұлғаларға қызмет көрсету;
      Өнеркәсіптік меншік объектілерінің толыққанды сараптамасын жүргізуге мүмкіндік беретін алға қойылған мақсаттың ойдағыдай шешілуі үшін патенттік ведомство үшін патенттік-ақпараттық ресурстардың сараптамалық қорын құру қажет. Патенттік ведомствоның патенттік-ақпараттық сараптамалық қоры жүйелендірілген және ақпараттық-іздеу аппаратымен (бұдан әрі - АІА) жабдықталған өнеркәсіптік меншік объектілеріне жатқызылған (өнертабыстар, пайдалы модельдер, селекциялық жетістіктер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары) және патенттік құжаттамаларды, патенттік-біріктірілетін, патенттік-құқықтық, нормативтік-әдістемелік, ғылыми-техникалық және анықтамалық әдебиетті қамтитын ақпарат көздерінің жиынтығы болып табылады. Әлемде қалыптасқан тәжірибе әлемдегі басым елдердің патенттік қорлары патенттік ведомстволардың құрылымды бөлімшелері болып табылатындығын куәландырады. Мысал ретінде Ресейді, АҚШ-ты, Қырғызстанды, Украинаны, Беларусьты, Канаданы, Францияны, Израильді және т.б. атауға болады.
      Патенттік ведомствоның патенттік-ақпараттық сараптамалық қорын құру және оны тиімді пайдалану патенттік-ақпараттық қорды жинақтауға, шетелдік патенттік дерекқорларға қол жеткізуді ұйымдастыруға, патенттік құжаттардың рефераттарының отандық қорын қазақ және ағылшын тілдеріне аудару жұмыстарын жүргізуге, ұлттық патенттік құжаттардың дерекқорын құру үшін патенттік құжаттардың әлемдік жазба стандартын қолдануға, патенттік ақпараттардың көлемін ұлғайтуға бағытталған шаралар кешенін өткізуді болжайды.
      Бүгінгі күнде ұлттық патенттік ведомствоның патенттік құжаттар қоры 3 халықаралық ұйымдардың және 4 өнеркәсібі дамыған елдердің 8 миллионға жуық патенттерін құрайды, бұл жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттардың аздаған бөлігі ғана. Атап айтқанда, патентті қор өнертабыстарға сараптама жасау кезінде ақпараттық іздестіру жүргізу үшін негізгі іздестіру құралы болып табылады, бұл қордың құрамы Патенттік кооперация туралы Нұсқаулықпен реттеледі. Осы қор айтарлықтай тереңдігімен кем дегенде әлемнің 11 елдерінің және 3 халықаралық ұйымдардың құжаттарын сақтауы қажет.
      Өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жасауды ақпараттық қамтамасыз ету сапасы мен деңгейі ғана емес, патенттік ақпарат негізінде болжаудың деңгейі мен сапасы да патенттік - ақпараттық қордың толықтығына және оны пайдаланудың тиімділігіне байланысты. Еуропада жыл сайын компаниялар артық НИОКР-ға жұмсайтыны есептелген, егер жұмыс басталмай тұрып тиісті патенттік іздестіру жүргізілсе, ондай жағдай болмауы мүмкін еді.
      Дүниежүзілік тәжірибеден белгілі болғандай, кез-келген ведомствоның қызметі эксперттік жұмыспен шектелмейді. Бұл құрылымдар патенттік ақпаратты барлық мүдделі тұтынушыларға, жеткізуге ықпалын тигізуге міндетті. Сондықтан, патенттік-ақпараттық қордың әрі қарай дамуы жоғарыда аталған басқа да міндеттерді орындауға бағытталуы қажет.

4. Зияткерлік меншік нарығын дамыту

      Нарықтық экономика жағдайында зияткерлік меншік объектісі оны құруға және оған қорғау құжатын алуға байланысты туындайтын осы объектіге қатысты айрықша құқықтарды іске асыру мақсатында құрылады. Айрықша құқықтардың маңызды бөлігі әртүрлі шарттардың негізінде жүзеге асырылады. Зияткерлік меншіктің лицензиялық сауда-саттығының әлемдік нарығын дамыту және оның көлемінің өсуі тиісті институционалдық шара қабылдауды талап етеді.

4.1. Өнеркәсіптік меншік объектілерін шетелде патенттеу

      Өнеркәсіптік меншік объектілерін шетелде патенттеу тауарлардың экспортын және лицензияларды шетелдерде сатуды құқықтық қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Шетелде құқықтық қорғау патент берген елде ұқсас өнімнің рұқсатсыз өндірілуіне кедергі келтіреді, бәсекелестерге техниканың белгілі бір саласында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуге қиындық тудырады. Шетелдік патенттеу, әдетте, эксперт өнімдерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Сонымен бірге, экспорт өнімдерін немесе қызметтерді патенттермен, сондай-ақ осы өнімді немесе қызметтерді белгілейтін тауар таңбалармен де қорғауды қамтамасыз етіп кешенді қорғауды жүзеге асыру қажет. Сондай-ақ өнімнің сатылуын қамтамасыз етуге, патенттелген өнімді шығару құқығын алуға және оны жүзеге асыруға лицензия жасауға бағытталған келісімдерді жасауға ынталандырады.
      Мысалы, ресейлік өтінім берушілер өздерінің әзірмелерін әлемнің елу елінде патенттейді және Австралия мен АҚШ неғұрлым белсенді түрде патенттейді. Тұтастай алғанда, алдыңғы қатарлы шетелдерде ұлттық патенттік ведомствоға берілетін барлық өтінімдер саны (сонымен қатар шетелдік өтінім берушілерден де) шетелдерде берілетін өтінімдер санынан не мейлінше жоғары (Түркиядан - 17 есе, Венгриядан - 4,5 есе, Австралиядан - 4 есе, Кореядан - 3 есе) не шетелдерде (Ресейден, Жапониядан, Италиядан, Швециядан) берілетін өтінімдер санымен салыстырымды немесе шетелдік өтінімдер санынан мейлінше аз (АҚШ - 8 есе, Германиядан - 3,6 есе, Ұлыбританиядан - 3 есе, Франциядан - 2 есе).
      Жоғарыда көрсетілген деректер тиісті елдерде қолданылатын зияткерлік меншікті экономиканың активтеріне айналдыруға бағытталған патенттік стратегияларды сипаттайды.
      Мысалы, бірінші топтағы елдер объектіні рынокқа шығармастан бұрын жаңа өнімге монопольді құқықтарды өз елінде алу арқылы бәсекелестіктен қорғау стратегиясын белсенділікпен қолданады. Үшінші топтағы елдер сол елдердің зерттеушілерін объектіні пайдалануды жалғастыруға немесе пайдалануға құқық иеленушілерден пайдалануға лицензияларды алуға мәжбүрлей отырып, өздерінің патенттерімен басқа елдердің нарығына белсенді енумен шабуыл стратегиясын жүргізеді.
      Өтінім берушілердің дамыған елдердің (АҚШ, ЕПВ) ведомстволарына жіберілген өтініштер саны дүниежүзілік нарықтағы инновацияларға қабілеттілік көрсеткіші болып табылады және ғылыми құрастырулар мен ғылымды көп қажет ететін тауарды қорғау қажеттілігімен белгіленеді.
      Патенттік жүйе ел экономикасының жағдайын көрсетеді. Өнеркәсіптік меншік саласындағы заңнама экономика талаптарына сәйкес жетілдіріледі. Тиісінше, патенттік жүйе қызметінің белсенділік көрсеткіштері экономика жағдайының индикатор болып табылады. Патенттік жүйенің жағдайы және оның экономикамен, дамыған елдердің зияткерлік меншігінің белгілі концепцияларымен арақатынасы болжау концепцияларында бағдар болуы мүмкін. Патенттік белсенділігі ең жоғарғы және экономикасы дамыған елдер АҚШ, Жапония осының барынша айқын үлгісі болып табылады.
      Зияткерлік меншіктің қоғам өміріндегі өспелі рөлі әлемдік үрдіс болып табылады. Индустриялдық дамыған елдердің экономикалық, техникалық прогресі зияткерлік жетістіктерде негізделген. Ең қуатты патенттік әлеуеті бар ел Жапонияда - зияткерлік меншікті саласындағы ғаламдық реформалар басталды. 2002 жылы онда Зияткерлік меншік жөніндегі стратегиялық кеңес құрылды, Жапонияны "зияткерлік меншікке негізделген ұлтқа" айналдыру мақсатында, зияткерлік меншікті қорғау саласындағы саясатын келешек жоспарын құрастырды. Жапонияда динамикалық экономика және қоғамның денсаулығы зияткерлік меншікті стратегиялық тұрғыдан жасау, қорғау және пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі деп саналады. Зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі стратегиялық бағдарламаны жасау жөніндегі шаралар Жапонияда оны "зияткерлік меншікке негізделген ұлтқа" айналдырудағы алғашқы қадам ретінде қарастырылып отыр, бұл өнертабыстар мен шығармашылыққа, "құнды ақпаратты өндіруге" назар аударатын ұлттық басқарудың құрылуын білдіреді. Бұл ұлттық саясаттың мәнін құрайды.
      Қазақстан Республикасында шетелдік патенттеудің деңгейі ұлттық патенттік ведомствоға берілетін өтінімдердің жалпы санының кем дегенде 1 %-ын құрайды. Ондай жағдай ғылымды көп қажет ететін отандық өнімдер мен жоғары технологиялардың қалыптасып келе жатқан экспорты үшін айтарлықтай қауіп төндіреді.
      Осыған байланысты шетелдік және әлемдік нарықтардағы, сонымен қатар отандық құқық иеленушілердің мемлекеттік бюджет есебінен немесе оның қаражатын пайдалана отырып жасалған зияткерлік меншігін қорғауды ынталандыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қабылдау қажет. Осыған өздері қаржыландыратын, патентке қабілетті өнеркәсіптік меншік объектілерін қамтитын жобалары жеткілікті сенімді және кең қорғауға ие болуына мүдделі даму институттары көмек көрсете алады. Сондықтан, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды қаржыландыруды жоспарлау кезінде, шетелдік патенттеу мүмкіндігін де қарастыру қажет.

4.2. Өнеркәсіптік меншік саласындағы лицензиялық қызмет

       Өткен ғасырдың 50-жылдары халықаралық технологиялар нарығының мәселесі оның бар екендігі туралы құқықтық және экономикалық әдебиет беттерінде жарияланған пікірталастармен шектелген. Алдыңғы кезеңдегі лицензиялық сауда-саттықтың мардымсыз көлемдері, оның орталықтарының болмауы, төмен сұраныс пен лицензияларға ұсыныс осындай нарықты құруға ықпал еткен жоқ.
      XX ғасырдың ортасында әлемдік экономикадағы ғылыми-техникалық революцияның, интеграциялық процестердің және құрылымдық ілгерілеудің әсерімен халықаралық лицензия алмасудың ұзақ даму кезеңі, өнертабыстардың, ғылыми білімнің және өндірістік жағдайлардың сауда саттық көлемінің артуымен және қарқындылығының күрт өсуімен және айналасына барлық елдерді тартумен сипатталатын революциялық кезеңге айналды.
      Дәл осы технологиялық алмасу арқылы жалпы экономиканың қайсы бір саласының технологиялық деңгейін арттыру мәселелерін шешуге болады. Әлемдегі тәжірибе бойынша лицензия алуға салынған әрбір 1 долларға тауар экспорты мен толық өңделген лицензия экспорты есебінен 2 доллардан 15 долларға дейін пайда түседі.
      Ғылыми-техникалық жетістіктерді лицензиялардың әлемдік нарығында сатудың негізгі көлемі өнеркәсібі дамыған елдердің үлесіне жатады. 1989 жылы лицензиялар экспорты 25163 млн. долларды құрады, сонымен қатар, 17 алдыңғы қатардағы елдердің (АҚШ, Швейцария, Ұлыбритания, Италия, Франция, ФРГ, Жапония, Нидерландтар, Бельгия, Люксембург, Швеция, Испания, Норвегия, Португалия, Финляндия, Австрия, Австралия) үлесі 98,4 % құрады.
      Сонымен бірге, өнеркәсібі дамыған елдер арасында әлемдік лицензиялар нарығында алдыңғы орындарға ие мемлекеттер тобы көзге түседі. Бірінші болып көрсетілген жеті елдердің үлесіне лицензиялық түсілімдердің 90% келеді.
      Лицензиялардың әлемдік нарығында лицензияларды импорттайтын елдердің саны бұдан да көп. Елдердің импорт бойынша статистикасының талдауы көрсеткендей, 1989 ж. лицензиялар үшін 91%-дан көп төлемдер көрсетілген 17 өнеркәсібі дамыған елдерге келсе, ал барлық дамып келе жатқан елдердің үлесі 9% құрайды. Лицензиялар импортында өнеркәсібі дамыған елдердің лицензияларды сатып алу көлемі өсуінің нақты үрдісі көрінеді және дамып келе жатқан елдердің лицензияларды сатып алуы төмендеуде, олардың үлесі лицензиялардың әлемдік нарығында 1960 жылдан 1989 жылға дейін 45,8 % дан 9% дейін қысқарды. Бұл нарықтың жалпы көлемінің кеңеюімен түсіндіріледі. Яғни іс жүзінде сатып алынған лицензиялар көлемі көбейді, бірақ пайыздық қатынаста қысқарды.
      Көрсетілген мерзімде халықаралық лицензиялық келісімдер бойынша төлемдер мен түсілімдер өзгеру динамикасын зерттеу өндірістік дамыған елдерде лицензиямен сауда жасау басқа елдерден тез дамитынын көрсетеді. Мысалы, 17 өнеркәсібі дамыған елдердің төлемдері 1960-1989 жж. 643-тен 22904 млн. долларға, немесе 35,6 есе көбейді, ал қалған елдердің төлемдері 509-дан 2259 млн. долларға, немесе 4,2 есе өсті. Көрсетілген 17 елдерде лицензиялармен өзара сауда жасаудың жартыжылда өсу қарқыны 13,5%, ал қалғандарында тек 2,0 % құрады. Бұл алдыңғы қатарлы капиталистік елдер арасында лицензиялармен өзара сауда жасау үлес салмағының 54,4 тен 1960 ж. 91,0% 1989 ж. өсуіне әкеп соқты.
      Батыстың дамыған елдерінің өзіндік ғылыми-техникалық әзірлемелерін коммерциялық сатуы оларға үлкен пайда келтіреді. Мысалы, егер 1987 ж. лицензиялар сатудың халықаралық көлемі 28,5 млрд. АҚШ долларға бағаланса, 1990 жылы ол 60,3 млрд. АҚШ долларын құрады және қазіргі уақытқа дейін өсіп келеді.
      Қазақстанда есепке алудың дұрыс қойылмауына байланысты материалдық емес активтер мен зияткерлік меншіктің үлесі 1 %-дан аз. Ал өнеркәсіптік меншік объектісінің маңыздылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің басты межесі - оның коммерцияландырылу деңгейінде, яғни объектіні иеленуші өзі, сондай-ақ пайдалануға лицензия ұсыну негізінде қаншалықты тиімді пайдаланылатынында.
      Қазіргі кезде өнеркәсіптік меншіктің қорғалатын объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарға және өнеркәсіптік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды кепілге беру шарттарға міндетті түрде сараптама жасау және тіркеу рәсімі жүргізіледі. Технологияларды пайдалану немесе трансфертті жүзеге асыруға негіз болатын шарттардың бүкіл спектрі шарттардың бұл түрлерімен шектелмейді.
      Шарттарды дұрыс жасау және патентиеленушілерге көмек ретінде өнеркәсіптік меншік объектілерін, соның ішінде "ноу-хау" беруге келісім-шарттарды жасау жөнінде әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу керек болып жатыр.
      Қазақстан Республикасының патенттік жүйесі әрекет ете бастаған 12 жылдан бері өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға 400-ден сәл асатын лицензиялық шарттар тіркелді. Біріншіден, бұл көрсеткіш қорғалатын объектілердің қазақстандық иегерлерінің лицензиялық белсенділігінің төмен екендігін куәландырады, ал екіншіден, нарыққа қатысушылардың өздерінің осындай шарттарды жасау мүмкіндігі мен қажеттілігі туралы хабардар болу деңгейін сипаттайды.
      Қазақстан ұлттық ғылым, инновациялық қызмет және индустрияның дамуына қаражат бөліп жатқанын айрықша атап өту керек. Қазіргі кезде республикалық бюджеттен қаржыландырылған көптеген өнеркәсіптік меншік объектілері нарықта өз орнын таба алмады. Осыған байланысты республикалық бюджет тарапынан қаржыландырылған зияткерлік меншік объектілерін тиімді пайдалану қажет. Осылайша, өнертабыстар, инновациялар және ғылыми-техникалық қызметтің басқа да нәтижелерін құратын орталық мемлекеттік органдар, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар республикалық бюджеттің есебінен және/немесе бюджет қаржысын пайдалану арқылы зияткерлік меншік объектілерін тиімді пайдаланумен байланысты қарым-қатынастарды реттеуі қажет.

4.3. Зияткерлік меншікті бағалау институтын дамыту

      Зияткерлік меншікті құндық бағалау, сонымен қатар ЗМ кәсіпорындардың мүліктік кешенінің құрамында бағалау, сондай-ақ материалдық емес активтердің (бұдан әрі - НМА) құрамында зияткерлік меншікті есепке алу, кәсіби ортада, сонымен қатар, ведомстволар деңгейінде де үлкен пікірталас тудырады.
      Әлі күнге дейін отандық тәжірибеде көптеген басшылар мен мамандар материалдық емес активтер деген ұғымды олардың сезілмеуімен, шынайы құнының абстрактілігімен теңейді. Соңғы уақытқа дейін көптеген қазақстандық кәсіпорындардың бухгалтерлік баланстарының "Материалдық емес" деген бағанында сызықша немесе қандай да бір мардымсыз активтер көрсетіледі. Алайда, бүгінгі таңда зияткерлік меншік, фирманың материалдық емес активтерін құру негізі бола отырып, фирма бағасының қалыптасуы мен оның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда үлкен рөл атқаратыны айқын көрінеді.
      Талдаушы Пол Страссманның деректері бойынша, 1998 жылдың аяғында 6 513 американ компанияларының жалпы құны 13,7 триллион долларды құрады, ал соның ішіндегі ең сәтті компаниялардың 25%-ның (Microsoft, Symantec, Oracle, ІВМ және т.с.) негізгі капиталының құны олардың нарықтық құнының шамамен 14% құрайды. Ал құнның қалған 86% компанияның жинақтаған білімінің құны ретінде белгіленеді, соның ішінде зияткерлік меншік құны ретінде де.
      1 кестеде әлемнің бірнеше алдыңғы қатарлы компаниялары активтерінің нарықтық құнын сипаттайтын сандар көрсетілген.
      1-кесте. Әлемнің алдыңғы қатарлы компанияларының капиталындағы МЕА және ЗМ үлесі (млн USD).
      Қаржы көздері: компаниялардың 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейін қаржылық есеп беруі, NҮSЕ, Іnternet.

Ком-
пания

Сала

Капитал дау

Инвес-
тиция-
лық
капи-
тал

Айналымдағы капи-
тал

Негіз гі қара-
жат

Өзге де актив-
тер

МЕА және ЗМ нарықтық құны

Инвес-
тиция-
ланған капи-
талдан
МЕА және ЗМ %

Disney

Ойын-сауық

58 380

67 775

-1690

16 482

8 270

44 713

66%

Неіnz

Азық-түлік

13 717

18 691

398

2 057

0

16 236

87%

Johnson& Johnson

Медицина

188 357

191 772

14 941

9 595

3 950

163 286

85%

Меrcк

Фармацевтикалық

71029

77 092

3 912

14 714

12 619

46 657

60%

Microsoft

БҚ

290 714

290 714

29 354

2 336

14 607

244 417

84%

ЗМ

Өнеркәсіп

63 393

66 214

4 743

5711

3 345

52 415

79%

Nikе

Киім және аяқ киім

23 948

24 654

4 054

1 624

341

18 635

76%

Рrосtеr & Gamble

Тұтыныс. тауарлары

138 802

162 048

6 954

14 502

2 228

138 364

85%

Үаhоо!

Интернет

52 375

53 125

2 909

532

1524

48 160

91%

Барлығы

772 882

79%

      Қатал бәсекелестік жағдайында, зияткерлік меншіктің тек бірегей сипаттамасы фирмаға ұзақ мерзімде айтарлықтай берік әрі биік, нарықта ұзақ жылдар бойы тұрақты табыс табуға мүмкіндік беретін монополиялық тосқауыл қоюды қамтамасыз ете алады. Маңыздысы, бұл тосқауылдар бүкіл әлемде заңдармен қорғалады. Зияткерлік меншік объектілерін бағалау технологиялары осы ресурстың иесі үшін тек оның құндылығын (құнын) анықтауды ғана емес, нарықтық құндылығын, зияткерлік меншікке нарықтағы сұраныс деңгейін, нәтижесінде меншік иесінің зияткерлік меншікті іске асыру және енгізу жөніндегі қызметінің арғы стратегиясын болжауға мүмкіндік береді.
      Одан басқа, зияткерлік меншікке құқықтар құрылымының ерекшелігі оны кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметінде кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. МЕА-ді, оның ішінде зияткерлік меншікті басқару кәсіпорындарға:
      - кәсіпорынның нарықтың құнын көтеруге;
      - пайдаға салықты азайтуға;
      - амортизациялық аударымдар көлемін реттеуге және жаңа зияткерлік меншік объектілерін сатып алуға арналған қорларды құруға;
      - жарғылық капиталға салым енгізу кезінде зияткерлік меншік түріндегі үлестің мөлшерін анықтауға;
      - зияткерлік меншік объектілерінің оларды сатып алу-сату кезіндегі құнын анықтауға;
      - активтердің арақатынасын оңтайландыруға;
      - кәсіпорынға тиесілі зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдаланған үшін келтірілген шығындар мен өтемақы мөлшерін анықтауға;
      - кәсіпорын қайта құрылған, таратылған немесе банкрот болған кезде зияткерлік меншік объектілерінің құнын ескеруге;
      - банк кредиттерін алған кезде зияткерлік меншік объектілерінің бағасын ескеруге;
      - зияткерлік меншік иелеріне еншілес және дербес фирмаларды құруға ақшалай қаражат енгізбестен құрылтайшы (меншік иесі) ретінде қатысу;
      - зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға құқықтарды берген үшін қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.
      Зияткерлік меншікті бағалауды стандарттау бағалау қызметін дамытуға және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
      Зияткерлік меншікті құндық бағалау айтарлықтай қиындық тудырады, өйткені ол рәсімнің жылжымайтын немесе жылжымалы мүлікті құндық бағалаудан әлде қайда ерекшелілігі бар. Ол зияткерлік меншік объектілерін қорғаудың көптеген халықаралық және қазақстандық нормативтік құқықтық актілерге негізделетін ерекшеліктерімен көзге түседі, сондай-ақ зияткерлік меншікті бағалау кезінде зияткерлік еңбек нәтижелеріне құқық көлемінің құны анықталады, объекті зияткерлік меншік объектілеріне құқық бағалау объектісі болып табылады және бұл құқықтар аумақтық және уақытша сипатқа ие.
      Осылайша, зияткерлік меншік объектілерін бағалау стандарттарын, капиталдандыру, дисконттау ставкаларын жасап бекіту қажет.
      Аса маңызды мәселе - осы салада белсенді жұмыс істеп жүрген теоретиктер мен тәжірибешілердің аз болуына байланысты осы саладағы білікті бағалаушыларды дайындау болып табылады. Өзге материалдық емес активтердің зияткерлік меншігін бағалаудың теориялық-әдістемелік негіздемесін оқу пәні ретінде құру керек.
      Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бағалау қызметін жүзеге асыру үшін жылжымайтын және жылжымалы мүлікті бағалаумен қатар зияткерлік меншікті бағалау құқығын қамтитын лицензияның бір түрі беріледі, ол зияткерлік меншік объектілерін бағалау қағидаттарын бұзуға әкеп соғады, өйткені объективті түрде жылжымайтын мүлікті немесе автокөлікті бағалаумен айналысатын бағалаушы көбінесе зияткерлік меншікті бағалау жөніндегі маман болмайды және бағалаудың тым сенімсіз әдістерін пайдаланады.
      Бірақ кандидаттардан талап етілетін, оларды зияткерлік меншіктің келешекті бағалаушысы ретінде біліктілік талаптарын қайта қарау қажет. Сонымен қатар зияткерлік меншікті бағалауды бағалау әрекетінің бөлек түрі ретінде бөлу керек, оны лицензиялау лицензиялау мәселелері бойынша мемлекеттік өкілетті органмен жасалады.

4.4. Патенттік сақтандыру

      Қазіргі кезде Еуропалық Қоғамдастықта, сондай-ақ Ресейде патенттік сақтандыру туралы мәселелер туындап отыр. Кейбір сақтандыру компаниялары патенттік сақтандыру сияқты қызметті қазірдің өзінде жүзеге асырып жүр.
      Патенттік сақтандыру:
      - мүлікті сақтандыру ретінде қолданыла алады, ол құжаттарды, мысалы өнеркәсіптік меншік объектілеріне, инновациялық патенттерге қорғау құжаттарын, инновациялық патенттерді сақтандыруды қамтуы мүмкін;
      - зияткерлік меншік иесін құқықтары бұзылуы нәтижесінде келтірілген шығындардан қорғайтын сақтандыру ретінде қолданылуы мүмкін;
      - зияткерлік меншік объектілерін кездейсоқ және қасақана емес пайдаланған үшін жауапкершілікті сақтандыру ретінде қолданылады, мысалы, жарнамалау кезінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзу нәтижесінде немесе өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде үшінші тұлғаларға нұқсан келтірілуі мүмкін;
     - уәкілетті мемлекеттік орган немесе сот шешімі нәтижесінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды жоғалту тәуекелін сақтандыру ретінде;
      - патенттік сенімді өкілдердің мүліктік жауапкершілігін сақтандыру ретінде;
      - патенттеу рәсімі кезінде туындайтын тәуекелдерді сақтандыру ретінде;
      - зияткерлік меншік объектілерін пайдалану, өзгеге беру немесе кепілге беру туралы шарттарды жасау кезінде жауапкершілікті сақтандыру ретінде қолданыла алады.
      Осы саланы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында патенттік сақтандыруды тәжірибеге енгізу шараларын жүзеге асыру керек.

4.5. Өнертапқыштық қызметті қолдау және ынталандыру

      Материалды және моральды қолдаудың ұтымды жүйесі болмаған жағдайда шығармашыл адамдардың зияткерлік меншік объектісін жасауға деген қызығушылығын қамтамасыз ету мүмкін емес. Авторларға өнеркәсіптік меншік объектісін жасағаны үшін төлемақы төлеу жүйесі құқық иеленуші (жұмыс беруші), авторларға және өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға ықпал ететін басқа тұлғаларға оны пайдаланған үшін төленетін төлемақы жүйесімен үйлесімді толықтырылып отыруы тиіс.
      Өнертабысты жасаған тұлғаларға сыйақы беру жеке кәсіпорындарда да, үкіметтік органдарда да және университеттерде де қолданылатын арнайы сыйақының дәстүрлі нысаны болып табылатынын бүкіл әлемдік тәжірибе айқындады. Ондай сыйлықтар ауқымы, мақсаты мен көлемдері бойынша әртүрлі болады. Олар патенттелмейтін объектілерді жасаушыларға да таралады.
      Қазақстан Республикасында өнертапқыш үшін шетелдік өтінім берушіні де қызықтыратын қолайлы ахуал жасау қажет.
      Өнертапқыштық қызметті ынталандырудың неғұрлым әсерлі әдістерінің біріне мыналарды жатқызуға болады:
      - авторларды өнеркәсіптік меншік объектілерін жасаған фактісі үшін көтермелейтін бір жолғы сыйақы;
      - өнеркәсіптік меншік объектісінің іс жүзіндегі құндылығын ескере отырып, бір жолғы сыйақы төлеу (паушальды төлем);
      - авторлардың табысқа қатысуы (роялти) немесе оған өнеркәсіптік меншік объектісінің иесі-фирманың, акционерлік капиталына қатысу үлесін беру;
      - "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" құрмет атағын бекіту және беру.
      Қазақстанда өнертапқыштық пен жаңашылдықты дамыту және қолдау мақсатында ғылыми ұйымдардың, жоғарғы оқу орындарының, меншіктің кез келген түріндегі кәсіпорындардың және басқа да зияткерлік меншік иелерін көрме және конкурстық жұмыстарға белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек, ол жерде олар өздерінің техникалық құрастыруларын ұсына алады, тиімді келісім-шарттар жасап, мемлекеттік тапсырыстарды ала алады.
      Жоғарыда көрсетілгеннен басқа Қазақстан Республикасында өнертапқыштық пен жаңашылдықты дамыту және қолдау мақсатында конференциялар, семинарлар, жәрмеңкелер, көрмелер және зияткерлік меншік объектілерін жарнамалау және сату жөнінде басқа да шараларды өткізу өте қажет.

4.6. Патенттік қызметтің инфраструктурасын дамыту

      Патенттік және конъюнктуралық зерттеулер жүргізуге, өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды ҚР және шетелдерде рәсімдеуге, және зияткерлік меншік объектілерін сатып алу және (немесе) сату жөніндегі коммерциялық ұсыныстарды даярлауға байланысты қызметтер тиісті дамуы және мемлекет тарапынан қолдау алуы керек.
      Патенттік-лицензиялық қызметтердің кәсіпорындардағы және ғылыми ұйымдардағы рөлін арттыру қажет, бұл осы қызметтердің атқаратын міндеттері мен функцияларының кеңеюіне байланысты. Патенттік-лицензиялық қызметтер жұмыстардың негізгі түрлерін орындай отырып, Қазақстанның қазіргі заманғы даму жағдайында, ұйымның ғылыми-техникалық дамуының келешекке және басым бағыттарын айқындауы, ғылыми-техникалық шығармашылықты және инновациялық қызметті басқаруы, ұйымның материалдық емес активтерін, оның лицензиялық саясатын құруға, мемлекеттік бюджеттің есебінен немесе оны пайдаланып жасалған зияткерлік меншік объектілерін тиімді пайдалану мақсатында зияткерлік меншікті басқаруға және коммерцияландыруға белсенді қатысуы тиіс.
      Осыған байланысты ғылыми ұйымдардағы, оқу орындарындағы, кәсіпорындардағы патенттік-лицензиялық қызметтерді негізгі ғылыми немесе өндірістік бөлімшелерге жатқызу қажет, ол үшін осы бөлімшелердің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу және олардың қызметтерінің тиісті мәртебесін белгілеу қажет. Бұл қызметтердің жұмысының тиімділігін арттыру үшін кадр құрамын тиісті біліктілігі бар қызметкерлермен кеңейту қажет.
      Бүгінгі күндегі патенттік-лицензиялық қызметтер жұмысының тиімділігін нығайта және арттыра отырып, жаңадан құрылатын мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарда, ғылыми-технологиялық парктерде, жаңа өндірістік компанияларда осындай бөлімшелерді құру қажет. Қызметтерге әдістемелік көмек көрсету, қызметкерлерді оқытуға және оларға тағылымдамадан өтуге ықпал ету, осы бөлімшелердің техникалық жабдықталуын арттыру қажет.
      Өнертапқыштар мен басқа да мүдделі тұлғалар зияткерлік меншік объектілерін жасаудың, қорғаудың және сатудың барлық аспектілері бойынша кеңес ала алатын құрылымдарды құру қажет. ҚР қорғау құжаттарын алуға, шетелде патенттеуге өтінім материалдарын ресімдеу мәселелері, жасалған жаңалықтарды өткізу амалдары, патенттік іздестіру мен патенттік зерттеулерді жүргізу аса қажетті болып табылады.
      Патент ісі жөніндегі кеңес беру пункттері немесе "патенттік клиникалар" бола алатын осындай құрылымдарды облыстық әділет департаменттері, ғылыми-техникалық кітапханалар, сауда-өнеркәсіп палаталары, университеттер, ғылыми орталықтар, технопарктер жанында құрған дұрыс.
      Сонымен бірге осындай қызмет көрсететін тұлғаларға және ұйымдарға конкурстық негізде мемлекеттік тапсырыс бөлу арқылы патенттік қызмет нарығын дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету қажет.
      Ескерту. жетінші, сегізінші абзацтары алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.02.28. N 162 Қаулысымен .

4.7. Конференцияларды, семинарларды, жәрмеңкелерді, көрмелерді және зияткерлік меншік объектілерін
жарнамалау мен сату жөніндегі басқа да шараларды өткізу

      Қазақстан Республикасында өнертапқыштық пен жаңашылдықты дамыту және қолдау мақсатында ғылыми ұйымдардың, ЖОО-ның, кез келген меншік нысанындағы кәсіпорындардың және басқа да зияткерлік меншік иегерлерінің өздерінің техникалық өңдемелерін көрсете алатын, қолайлы келісім-шарттарды жасап, мемлекеттік тапсырыстарды қабылдай алатын көрмелік және байқаулық қызметке белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек.
      Брэнд нарығының дамуына "Ең үздік брэнд" байқауы өзінің оң ықпалын көрсетуі қажет. Брэндингтің дамуы, мамандандырылған брэндингтік агенттіктер қазақстандық фирмалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады, бұл Қазақстанның ДСҰ мүше болуына мұрындық болады.

5. Зияткерлік меншікті заңсыз пайдалануға қарсы күрес

      Қазақстанның нарығындағы айналымда көп мөлшерде бөтен зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарлардың жақсы орындалған көшірмелері жүреді. Осыған байланысты контрафактілі өнім мен зияткерлік меншіктің заңсыз пайдаланылуы елдегі кәсіпкерлікті дамытуға теріс әсерін тигізеді, әсіресе шағын және орта инновациялық бизнес объектілері қорғаусыз қалады. Сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын бұзу толық алынбаған салықтар түрінде мемлекетке нұқсан келтіреді және әдеттегідей заңсыз жолмен табылған қаражаттар көлеңкелі айналымда жүреді.
      Осылайша, контрафактілі өнімдер нарығының көлемі әлемде 600 миллиард АҚШ долларына жетті. Қарақшылық кедей, сондай-ақ экономикалық тұрғыда дамыған елдерге де айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. АҚШ сауда өкілдігінің ресми деректері бойынша американдық экономика "қарақшылардың" әрекетінен жылына 40 млрд. аса доллар жоғалтады екен. Сонымен қатар Қазақстанда Экономикалық зерттеулер институтының деректері бойынша ІЖӨ 18-20 пайызын контрафактілі өнімдер құрайды, оның жыл сайынғы шығыны шамамен 1 миллиард АҚШ долларын құрайды.
      Осылайша, зияткерлік меншік объектілері тиімді қорғау жүйесімен қамтамасыз етілуге тиіс.
      Зияткерлік меншікті заңсыз пайдалануға қарсы күрестің отандық тәжірибесі негізінен авторлық құқық саласындағы құқық бұзушылыққа тыйым салуға бағытталған болатын. Өнеркәсіптік меншік саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі шаралардың кешенін әзірлеу керек.
      Бұндай жүйені құру үшін:
      - өнеркәсіптік меншік саласында контрафактілі өнімді анықтау және алдын ала айқындау жөнінде әдістеме әзірлеу;
      - сот-сараптама ұйымын не зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы сараптама жасау ұйымының жанынан контрафактілі өнімді анықтау жөнінде сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімше құру;
      - зияткерлік меншікті заңсыз пайдалануға қарсы күрес жөнінде кадрлар даярлауды жүзеге асыру қажет;
      - зияткерлік меншікке өз құқықтарын қорғау құралдары туралы халықтың құқықтық білімін жетілдіру;
      - зияткерлік меншікті заңсыз пайдалануға қарсы күрес мәселелері бойынша шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуды жүзеге асыру қажет.
      Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары контрафактілі әсіресе, өнеркәсіптік меншік объектілеріне байланысты өнімді айқындау мәселесіне тап болып отыр. Өйткені, құқық қорғау органдары жоспарлық және жоспардан тыс тексерулерді және жедел-іздестіру қызметін жүргізу кезінде өнеркәсіптік меншік объектілерін алаяқтардың әзірлеген өнімдерінде заңсыз пайдалану фактісін анықтай алмайды. Бұл жағдайда өнеркәсіптік меншік саласында контрафактілі өнімді айқындау және алдын ала анықтау әдістемесін жасау қажет.
      Сонымен қатар, сараптама жасау ұйымы жанынан контрафактілікке сараптама жасайтын ұйым немесе құрылымдық бөлімше құру қажет. Ол ұйым, біріншіден, ғылыми қызметті жүзеге асыратын болады және, сот-контрафактілі сараптамасының сараптама жасау әдістемесінің жасауды жүзеге асыратын болады. Екіншіден, қылмыстық және әкімшілік өндірістерді қозғау үшін бұл ұйым өнімдердің контрафактілігін ақырғы рет анықтау нысанына сараптама жүргізетін болады. Сонымен қатар, осындай ұйым кеден органдарында және азаматтық-іс жүргізу өндірісінде зияткерлік меншік құқығын қорғауға ықпал ететін болады.
      Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарында зияткерлік меншік саласындағы кадрлар жетіспейді. Осындай жағдайда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне зияткерлік меншік құқығын оқыту керек. Оқу Ұлттық зияткерлік меншік институты, сондай-ақ келешекте құрылатын Зияткерлік меншік академиясы арқылы жүргізіле алады. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметкерлерін шетелге жіберу қажет. Одан басқа, шетелдік құқық қорғау органдарымен зияткерлік меншікті заңсыз пайдалану саласында тәжірибе алмасу және конференциялар мен дөңгелек столдар ұйымдастыру қажет. Қазіргі уақытта сот органдарында зияткерлік меншік саласындағы мамандар аз екенін атап өткен жөн. Осылайша, әр сотта зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында білікті маманның болуы қажет. Республикада құқық қорғау органдарында өз құқығын қорғау мүмкінділігі туралы халықтың хабардарсыз болу мәселесі көкейтесті мәселе болып отыр. Құқық қорғау және сот органдарында өз құқықтарын қорғау тәртібі туралы хабардар ету мақсатында жұртшылықпен байланыс шараларын өткізу қажет.
      Елдің транзиттік әлеуетін ескере отырып, зияткерлік меншікті заңсыз пайдаланудың алдын алу және тосқауыл қою жүйесін құру дүниежүзілік қауымдастықтың алдында зияткерлік меншік құқығын қорғау мен сақтаудың қатаң кепілі ретінде Қазақстанның беделін нығайтады.

6. Зияткерлік меншікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      Зияткерлік меншік саласында халықаралық ынтымақтастықтың дамуы ұлттық патенттік жүйенің жаңаруы мен дүниежүзілік жүйеге кірігуінің негізгі факторларының бірі болып табылады.
      Шетелдермен және халықаралық ұйымдармен әртүрлі деңгейлерде әріптестік қатынастарды дамыту халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары болып табылады. Олар:
      - зияткерлік меншік объектілерін және олардың қорғау түрлерін бірыңғай түсіну үшін зияткерлік меншікті қорғау рәсімін және түрлерін, осындай қорғау беру рәсімін стандарттау және жетілдіру, қорғау шараларын бірегейлендіру;
      - Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы бірқатар тиімді халықаралық шарттарға қосылуы;
      - мәні бойынша неғұрлым тиімді және толық сараптама жүргізуге
қажет шетелдік патенттік ақпаратқа қол жеткізу;
      - зияткерлік меншік саласындағы мамандардың біліктілігін және білім деңгейін арттыру;
      - зияткерлік меншікті заңсыз пайдаланудың алдын алу және оны болдырмау, контрафактілі өнімнің айналымына тосқауыл қою;
      - Қазақстан Республикасының дүниежүзілік аренада зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі аумақтық орталық ретінде қалыптасуы мақсатында жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы көп жақты және екі жақты халықаралық шарттардың, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы халықаралық және аумақтық ұйымдармен жасасылған шарттардың қатысушысы болып табылады. Олардың аясында Қазақстан бірқатар халықаралық ұйымдармен және алдыңғы қатарлы, атап айтқанда, ДЗМҰ, ЕАПО, ЕПВ, Ресей, Германия, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Австрия және т.б. елдердің патенттік ведомстволарымен ынтымақтас, ТМД елдерінің Өнеркәсіптік меншікті қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің қатысушысы болып табылады. Халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамыту қажет және оны ақпараттық технологияларды жетілдіруге, кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыруға, ақпараттық алмасуды дамытуға, тәжірибе алмасуға және зияткерлік меншікті қорғау саласында бірлескен шараларды өткізуге бағыттау қажет. Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы көздейтін шаралардың бүкіл кешенін толық жүзеге асыру керек.
      Қазақстан Республикасының зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі бірқатар халықаралық шарттарға қосылу мәселесін қараған жөн, олардың бекітілуі зияткерлік меншік құқықтарын неғұрлым тиімді қорғалуын қамтамасыз етуге ықпал етеді, бұл өз кезегінде инвестициялар ағынын ұлғайтуға, экономиканың өсуіне және адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға әсер етеді, зияткерлік меншіктің кейбір сирек кездесетін объектілеріне деген қызығушылықты тудырады, олардың даму деңгейіне (интегралдық микросхемалар топологиялары, үлгілер) әсер етеді.
      Алматы қаласында бірыңғай патенттік ведомствосы ОHIМ (Ішкі нарықтағы үйлесімділік жөніндегі кеңсе) (Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер) Аликантода, Испанияда орналасқан және 1994 жылдан бастап Еуропалық Одақтың сауда белгілерін тіркеумен айналысатын Еуропалық одақтың тәжірибесіне сүйене отырып, ЕврАзЭС және ЕЭП аясында қазіргі заманғы әлемдік талаптарға сәйкес деңгейде тауар таңбаларын тіркеу жөніндегі бірыңғай органды құру Қазақстан Республикасының биік халықаралық деңгейге көтерілу амалының бірі болып табылады.
      Осындай халықаралық үкіметаралық ұйымды құру біздің елге көптеген артықшылықтар береді: шетелдерден тауар таңбаларын тіркеуге берілетін өтінімдер санының көбеюі есебінен қаржылық ағындар көбейе түседі, тиісінше, тауар таңбалары саласында сарапшылар саны көбейеді және олардың біліктілік деңгейі артады, Қазақстан зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықтың аумақтық орталығы ретінде өзінің лайықты орнын алады.

7. Кадрлармен қамтамасыз ету

      Қазақстан Республикасында білімге, ақпарат пен шығармашылыққа негізделген экономиканы дамыту құралы ретінде тиімді әрекет ететіндей зияткерлік меншік жүйесін осы салаға белсенді түрде білікті мамандарды тартпай құру мүмкін емес.
      Зияткерлік меншік объектілерін қорғау, зияткерлік қызмет өнімдерін шаруашылық айналымға енгізу міндетінің, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтарға қарсы тұрудың қиындығы мен аспектілігі осы бағыттарда мамандарды ерекше даярлауды талап етеді.
      Зияткерлік меншік саласындағы жоғары деңгейлі білім мен құзыреттілік барлық мемлекеттік органдардың, сонымен қатар зияткерлік меншікке қатысты мәселелерді шешу құзырына жататын құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін қажет.
      Осы мәселені шешу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Қазақстанның және шетел жоғары оқу орындарында кадрларды дайындау, Қазақстанда және шетелде мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулерді жүргізу мен ғылыми-әдістемелік және оқу әдебиеттерін әзірлеу.
      Жүзеге асырылғалы отырған маңызды шаралардың ішінде аймақтық оқу орталығына айналатын Зияткерлік меншік академиясын құруды ерекше атап өту керек, ол оқу-әдістемелік орталығы мен зияткерлік меншік мәселелері бойынша магистратура мен аспирантура ашу құқы бар жоғары оқу орындары арасындағы кафедраны қамтиды.
      Осы жұмысты жүргізу ДЗМҰ Дүниежүзілік Академиясымен, ЕАПҰ, ЕПҰ-мен және басқа елдердің патенттік ведомстволарымен бірлесе отырып, халықаралық деңгейде жоспарланып отыр.
      Аталған білім беру және әдістемелік шараларды табысты жүзеге асыру, сондай-ақ жедел кеңес алу үшін дистанциялық оқыту, электронды форумдар, тиісті дерекқорлар кеңінен қолданылатын болады.
      Жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру стандарты негізінде әзірленген зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғауға және пайдалануға қатысты пән енгізу керек.
      Ұлттық зияткерлік меншік институтының барлық бөлімшелерін, бірінші кезекте сараптама жасау қызметтерін қамтамасыз ету үшін кадрлар даярлауға назар аудару керек. Беру мерзімін қысқарту, сараптаманың сапасын арттыру арқылы қорғау құжаттарының сенімділігін арттыру үшін осы салада дүниежүзілік стандарттарға сәйкес жоғары білікті сарапшыларды даярлау керек.
      Сонымен қатар, ҰЗМИ-дің барлық санаттағы қызметкерлерін сырттай және дистанционды оқуды қоса алғанда, барлық қол жетімді тәсілдермен үзіксіз оқытуды қамтамасыз ету керек.
      Индустриялық-инновациялық саясаттың іске асырылуы қазақстандық тауарлардың ішкі және сыртқы нарықтағы жылжуын қамтамасыз ететін отандық өнім өндірушілерінің жаңа тауар таңбаларының пайда болуына себеп болады. Бұл таңбаларға Қазақстанмен қатар шетел тұтынушыларының сенімін ақтау қажет.
      Қорғалу және жарнамалау қабілеттілігін есепке ала отырып тауар таңбасын білікті жолмен таңдаудың ролі маңызды, бұл ұлттық брендтерді құруда таңбаланатын тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайды.
      Қазақстанның жарнамалық нарығының зерттеулері тек батыстың тәжірибесіне немесе әлемдік дәрежедегі алдыңғы қатарлы жарнамалық агенттіктерге жүгіну қазақстандық менталитеттің түсінбеушілігін көрсетеді.
      Қазақстанда дамып келе жатқан брендингтің жеке-жеке бағыттары бір бірінен дербес өмір сүруде, толыққанды брендингпен айналысатын бірде бір ірі компания жоқ. Осылай, патенттік сенімді өкілдерінің фирмалары, жарнамалық компаниялар, дизайн-студиялар және нақты фирмалардың маркетологтары жеке-жеке даму үстінде. Осылайша, тауар таңбасы әзірлеуден тіркеуге, ендіруге дейін, жарнама мен нарықтағы жылжуына дейін үлкен жолды өтеді.
      Осы орайда, брендинг саласындағы мамандардың дайындығы, брендтерді бағалау және қорғау, тиісті ғылыми зерттеулердің жасалуы қажет.

8. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      Патенттік жүйе тиімді қызмет етуі мақсатында патенттік ведомствоның әлемдік стандарттарға сай материалдық-техникалық базасын күшейту керек.
      Қазіргі уақытта патенттік ведомствоның материалдық-техникалық базасы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен Ұлттық зияткерлік меншік институтының) Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес емес.
      Мемлекеттің Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуына бағытталған саясатын іске асыру өнертапқыштық қызметтің артуына әкеп соғады, коммерциялық құрылымдардың өнертапқыштық шығармашылық нәтижелерін өндірісте пайдалануға мүдделілігін арта түседі және түбі Уәкілетті органның қызметін айтарлықтай күшейтеді және сараптама жасау ұйымы қызметінің қажеттілігін арттырады. Сарапшылар құрамын аз дегенде екі есе көбейту қажет болады, бұл өз кезегінде, бар ғимараттарға сарапшыларды орналастыру мен оларға орналасуы бойынша негізгі санитарлық нормаларға сәйкес келетін қолайлы еңбек жағдайын жасау мәселесін күрделендіре түседі.
      Бар қызмет көлемдерін орналастыру ерекшеліктері патенттік-техникалық ақпаратты сақтауға қажетті жайларды және осы ақпаратқа ғылыми-техникалық және іскер жұртшылықтың еркін қол жеткізуін қамтамасыз ететін жайларды және өтінім берушілермен сараптамалық жиналыстарды, жұртшылықпен келіссөздер, семинарлар, конференциялар, кездесулер, "дөңгелек столдарды", өткізуге қажет, сондай-ақ арнайы жайларды (мысалы, өтінім берушілердің қарсылықтарын соттан бұрын қарау жөніндегі Аппеляциялық кеңестің отырыстарына арналған зал, Оқу орталығы және т.б.) бөлуге мүмкіндік бермейді. Уәкілетті органның және сараптама жасау ұйымының халықаралық интеграциялық байланыстарын ескере отырып, шетелдік делегацияларды қабылдау үшін белгілі бір халықаралық стандарттарға сай зал қажет, сол үшін жеке жағдайларда, айтарлықтай қаражат жұмсап жайларды жалға алуға тура келеді.
      Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінім материалдарының құпиялылығын қамтамасыз ету мәселесінің орны ерекше.
      Осыған байланысты толыққанды қызметтік ғимараттардың құрылысы мен патенттік ведомствоның инфрақұрылымын салу қажет.
      Жалпы алғанда, ғимараттар кешенінде (Патент сарайында) кемінде:
      - әкімшілік және сарапшылар құрамына арналған бөлмелер;
      - конференц-залдар, келіссөздер залдары;
      - шетелдік делегацияларды қабылдау залы;
      - құпиялылық тәртіпті қамтамасыз ететін бөлмелер;
      - Апелляциялық кеңес отырыстары залы;
      - сараптамалық жиналыстар залы;
      - халыққа және кәсіпорындарға патенттік-ақпараттық қызмет көрсету үшін компьютерлік зал;
      - өтінім материалдары мен патенттік әдебиетті сақтауға арналған қоймалар;
      - қосымша ғимараттар (коридорлар, баспалдақтар, санбуындар, техникалық персоналға арналған тазалау құралдарын жуып, кептіретін бөлмелер) болуы керек.
      Ғимараттардың көрсетілген тізімі патенттік ведомствоның тиімді қызмет етуі үшін қажет қызметтік бөлмелердің ең аз деген санын құрайды.
      Сонымен қатар, "Патент сарайының" кітапханасын көбейту жөніндегі іс-шаралар өте маңызды болып табылады, ол жерде шетел авторларының, сондай-ақ ұлттық авторлардың әдебиеттері орналастырылады. Аталған кітапхананы сарапшылар, сондай-ақ азаматтар пайдалана алады.

9. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері

      Бағдарламаны қаржыландыру республикалық, бюджет есебінен іске асыру жоспарлануда. Бірінші кезең:
      2007 жылға республикалық бюджеттен қаржы шығындары талап
етілмейді.
      2008 жылы - 668,27 млн. теңге.
      2009 жылы - 876,65 млн. теңге.
      Барлығы бірінші кезеңде - 1 544,92 млн. теңге.
      Екінші кезең:
      2010 жылы - 653,607 млн. теңге.
      2011 жылы - 166,02 млн. теңге.
      Барлығы екінші кезеңде - 819,627 млн. теңге.
      Республикалық бюджеттен қаржы шығындарының жалпы көлемі - 2364,547 млн. теңге.
      Бағдарламаны қаржыландыру көлемдері тиісті қаржы жылына республикалық бюджетті құру кезінде нақтыланатын болады.

10. Күтілетін нәтижелер

      "Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы" тиімді ұлттық патенттік жүйені құруды, патенттік-лицензиялық қызмет пен өнертапқыштықты жандандыруды, сондай-ақ зияткерлік меншік иелерінің құқықтарын оларды заңсыз пайдаланудан іс жүзінде қорғауды қамтамасыз етеді.
      Бұл жағдайда 2010 жылы мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
      - алдын ала патентті жою, өнертабыс пен өнеркәсіп үлгілерді бір қадамдық патенттеу жүйесін құру, инновациялық патентті енгізу жолымен өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу рәсімі жаңғыртылады;
      - өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер және пайдалы модельдерге қорғау құжаттарын беруге өтінімдердің сараптама жасау мерзімі орташа есеппен 20% қысқартылады;
      - халықтың өнертапқыштық белсенділігі арта түседі және өтінімдер саны ең аз дегенде 50% өседі;
      - барлық облыс орталықтарында патенттік-лицензиялық қызметтің және патенттік клиникалардың желісі құрылады;
      - ең аз дегенде әлемнің 11 елінің және 3 халықаралық ұйымының патенттік құжаттары сақталатын патенттік ведомство үшін патенттік-ақпараттық ресурстарының сараптамалық қоры қалыптастырылады;
      - өнеркәсіптік меншік объектілеріне электрондық өтінім беру жүйесін енгізіледі;
      - өнеркәсіптік меншік объектілеріне лицензиялық шарттардың орташа есеппен 1,5 есе өсумен лицензиялық қызмет жандандырылады;
      - мемлекеттік патенттік сарапшылардың корпусын орташа есеппен 50% арттырылады;
      - зияткерлік меншік саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау жүйесі құрылады;
      - қызметтік және құпия өнеркәсіптік меншік объектілері саласындағы құқықтық қатынастарды реттеу туралы мәселелер шешіледі;
      - қазақстандық өнеркәсіптік меншік объектілерін шетелдерде
патенттеудің деңгейі ең аз дегенде 100 % артады;
      - зияткерлік меншікті бағалау стандартталады;
      - контрафактілік өнімдер орташа есеппен 10 % қысқарады;
      - Қазақстанды зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы алты халықаралық шартқа қосылады.

8. Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың
2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралардың жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 129 Қаулысымен.

р/с
N

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамдағы шығындар (млн. теңге)

Қаржыландыру көзі

  1 кезеңі 2007-2009 жылдар

1

2

3

4

5

6

7

1. Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу рәсімдерін жаңғырту

1.1.

Зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі қолданылып жүрген заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге
өнеркәсіптік меншік
объектілеріне электронды өтінімдерді беруге қатысты
өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ЗМК бұйрығы

ЗМК

2008 жылдың IV тоқсаны

Қажет емес


1.2.

Дәрілік заттарды және тауар таңбалары тіркеу кезінде министрліктер мен
ведомстволар арасындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлеу

Бірлескен бұйрық

Әділетмині (жинақтау),
ДСМ

2008 жылдың II тоқсаны

Қажет емес


  2. Зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласын кеңейту және жетілдіру

2.1.

Құпия өнеркәсіптік меншік объектілерін
пайдалану тәртібін әзірлеу

Әділетминнің бұйрығы

Әділетмині

2007 жылдың III тоқсаны

Қажет емес


2.2.

Қызметтік өнеркәсіптік меншік объектілерін жасау үшін қызметкерлерге
сыйақы төлеу тетігі
бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

Әділетмині

2007 жылдың III тоқсаны

Қажет емес


2.3.

Дәстүрден тыс зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау жөнінде ұсыныстарды
талдау және әзірлеу

Қазақстан Республикасы ның Үкіметіне ақпарат

Әділетмині (жинақтау), БҒМ, АШМ

2008 жылдың I тоқсаны

Қажет емес


2.4.

Өсімдіктер сорттарының, дән-дақылдарының (өсімдіктің бөлігінің) және мал тұқымдарының эталондық үлгісін сақтау үшін селекциялық жетістіктердің (өсімдіктер сорттарының, мал тұқымдарының) гендік қорының сақталуына бақылау жасау мәселелер бойынша ұсыныс әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Ауылшармині

2008 жылдың II тоқсаны

Қажет емес


            3. Патенттік-ақпараттық қамтамасыз ету

3.1 .

"СІSPatent" өңірлік ақпараттық өнімді шығаруға Қазақстан Республикасының қатысуын қамтамасыз
ету.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, ЗМК

2008-2009 жылдардың 20-тамызы

2008 - 15,2*
 

2009 - 0,6*

Республикалық бюджет

Республикалық бюджет

3.2.

Ұлттық ақпараттық базалар үшін патенттік құжаттардың "Мимоза" халықаралық іздеу-ақпараттық жүйесін енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

2009 жылдың 20-қаңтары

2008 - 8,0*

Республикалық бюджет

3.3.

Ұлттық патенттік құжаттарды (құжаттардың рефераттарын) мемлекеттік және ағылшын тілдеріне аударуды жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

2009 жылдың 20-қаңтары

2008 - 60,9*

Республикалық бюджет

3.4.

Шетелдік патенттік ведомстволармен және ұйымдармен патенттік құжат алмасу жөнінде келіссөздер өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

2009 жылдың 20-қаңтары

2008 - 5,75*

Республикалық бюджет

3.5.

Ұлттық патенттік құжаттар негізінде әртүрлі санаттағы пайдаланушыларға арналған электрондық  дерекқор құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

2009 жылдың 20-қаңтары

2008-18,7*

Республикалық бюджет

3.6.

Патенттік ведомствоның интернет-ресурсы арқылы берілетін патенттік, патенттік-құқықтық ақпарат көлемін жаңарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

2007-2009 жылдардың 20-тамыз 20-қаңтары

2008 - 62,0*
 
 
  2009 - 62,0*

Республикалық бюджет

Республикалық бюджет

3.7.

Зияткерлік меншік саласындағы электрондық құжат айналымы жүйесінің техникалық тапсырмасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, ЗМК, ҰСМИ

2008 жылдың 20-тамызы

2008 - 5,3*

Республикалық бюджет

3.8

Зияткерлік меншік саласындағы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және электрондық құжат айналымының кешендік автоматтандырылған жүйесін енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, ЗМК, ҰСМИ

2010 жылдың 20-қаңтары

2009 - 410,63*

Республикалық бюджет

4. Зияткерлік меншік нарығын дамыту

4.1.

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен құрылған зияткерлік
меншік объектілерін
шетелде патенттеуді
қаржыландыру жөнінде ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

БҒМ (жинақтау), Қаржыммині, СІМ, ИСМ, Әділетмині

2007 жылдың II тоқсаны

Қажет емес


4.2.

Технологиялар трансфертін реттеу мәселелері бойынша ұсыныс дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИСМ (жинақтау), БҒМ, АШМ, ЭМРМ, Әділетмині

2007 жылдың III тоқсаны

Қажет емес



4.3.

Облыс орталықтарында ҰЗМИ филиалдары мен өкілдіктері жүйесін (патенттік клиникаларды) құру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

Әділетмині, (жинақтау), БҒМ, ИСМ

2008 жылдың II жартыжылдығы

2008 - 10,0*

Республикалық бюджет

4.4.

"Жылдың ұлттық брэнді" атты қазақстандық конкурсты өткізу бойынша ұсыныс енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

Әділетмині, ИСМ, БҒМ

2007 жылдың IV тоқсаны

Қажет емес



4.5.

Зияткерлік меншік объектілері бойынша халықаралық
және республикалық конкурстарды, жәрмеңкелерді, көрмелерді өткізу және оларға қатысу жөнінде ұсыныс әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

Әділетмині (жинақтау), ИСМ, АШМ, ЭМРМ, БҒМ

2007 жылдың III тоқсаны

Қажет емес



4.6.

Өнертапқыштықты және патенттік жүйені насихаттау жөнінде іс-шараларды, сонымен қатар зияткерлік меншік саласы бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, (жинақтау), БҒМ, ИСМ, АШМ

2007-2009 жылдардың 20-тамыз 20-қаңтар

Қажет емес


4.7.

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен құрылған өнеркәсіптік меншік
объектілерін пайдалану мәселелері жөнінде ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

Әділетмині (жинақтау), ИСМ, БҒМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, ДСМ

2007 жылдың IV тоқсаны

Қажет емес


4.8.

Өнеркәсіптік меншік объектілерін, соның ішінде "ноу-хау" беруге  келісім-шарттарды жасау жөнінде әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині (жинақтау), БҒМ, ИСМ

2009 жылдың I тоқсаны

Қажет емес


4.9.

Зияткерлік меншікті құратын және пайдаланатын ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда патенттік
қызметтер құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), Әділетмині, БҒМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, ДСМ

2009 жылдың III тоқсаны

Қажет емес


4.10.

Зияткерлік меншік объектілерін бағалаудың мемлекеттік стандарттарын, капиталдандыру, дисконттау ставкаларын әзірлеу

Техникалық реттеу мен метрология саласындағы уәкілетті органмен бекітілген мемлекеттік стандарттар

Әділетмині, ИСМ 2007 жылдың IV тоқсаны

Қажет емес



5. Зияткерлік меншікті заңсыз пайдалануға қарсы күрес жүргізу

5.1.

Зияткерлік меншікті заңсыз пайдалануға қарсы күрес жүргізу және контрафактілі өнімге сараптама жасау жөнінде шетелдік мемлекеттік және халықаралық ұйымдармен тәжірибе алмасу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

2007-2009 жылдардың 20- тамыз 20-қаңтар

2008 - 8,62*
 
 

2009 - 8,62*

Республикалық бюджет
 
Республикалық бюджет

6. Халықаралық ынтымақтастық

6.1

Зияткерлік меншікті қорғау саласында кейбір халықаралық келісімдерге қосылу туралы ұсыныстар енгізу
- Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одақ;
- Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық депозиттеу туралы Гаага келісімі;
- Олимпиада рәмізін қорғау туралы Найроб шарты;
- Патенттік құқық туралы шарт;
- Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттама.

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша сараптама кеңесіне

Әділетмині, (жинақтау), АШМ, СІМ 2008-2009 жылдар

Қажет емес



6.2.

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен және өзге де аймақтық патенттік ұйымдармен және шетелдік ведомстволармен зияткерлік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

Жыл сайын

Қажет емес


7. Бағдарламаны кадрлармен қамтамасыз ету

7.1.

Кадрларды қайта дайындау және біліктілікті жоғарлыту жүйесі, сонымен қатар аспирантура және магистратура бағдарламаларының аясында әрекет ететін жоғары оқу орындары мен басқа да мүдделі отандық және халықаралық ұйымдардың қатысуы не/немесе негізінде зияткерлік меншік Академиясын құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині (жинақтау), БҒМ

2008 жылдың 20-тамыз

2008 - 79,0*

Республикалық бюджет

7.2.

Зияткерлік меншікті
қорғау мәселелері бойынша шетелде мемлекеттік қызметкерлерді, сарапшыларды, мамандарды және өзге де тұлғаларды даярлау әрі олардың
біліктілігін арттыруды жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

Әділетмині

2007-2009 жылдардың 20-тамыз 20-қаңтар

2008 - 94,8*
 
 
  2009- 94,8*

Республикалық бюджет

Республикалық бюджет

8. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

8.1.

Патент сарайының құрылысы

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

2008-2009 жылдардың 20-тамыз

2008 - 300*
 
 
 
   2009 - 300*

Республикалық бюджет

Республикалық бюджет

2 кезең 2010-2011 жылдар

р/с
N

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамдағы шығындар (млн. теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Патенттік-ақпараттық қамтамасыз ету

1.1.

"СІS Раtent" өңірлік ақпараттық өнімді шығаруға Қазақстан Республикасының қатысуын қамтамасыз
ету.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, ЗМК

2010-2011 жылдардың 20-тамыздағы

2010 - 0,6*
 
 
  2011 - 0,6*

Республикалық бюджет

Республикалық бюджет

1.2.

Патенттік ведомствоның интернет-ресурсы арқылы берілетін патенттік, патенттік-құқықтық ақпарат көлемін жаңарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

2010-2011 жылдардың 20-тамыз
20-қаңтар

2010 - 62,0*
 
 
 
 
 
2011 - 62,0*

Республикалық бюджет
 
 

   Республикалық бюджет

2. Зияткерлік меншік нарығын дамыту

2.1.

Патенттік сақтандыруды нарыққа енгізу туралы ұсынысты әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

Әділетмині

2010 жылдың IV тоқсаны

Қажет емес


2.2.

Өнертапқыштықты және ҚР патенттік жүйесін насихаттау жөнінде іс-шараларды, сонымен қатар зияткерлік меншік саласы бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек столдарды өткізу.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині (жинақтау), БҒМ, ИСМ, АШМ

2010-2011 жылдардың 20-тамыз 20-қаңтар

Қажет емес


2.3.

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 129 Қаулысымен.

2.4.

"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" құрмет белгісін беру туралы ұсыныс жасау

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныс

Әділетмині

2010 жылдың II тоқсаны

Қажет емес


2.5.

Ғылыми зерттеулерді енгізу, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына зияткерлік меншікті
кіргізу, оның ішінде вечурлық өндірісті ұйымдастыру кезінде
зияткерлік меншікті
бағалау әдістерін қолдану жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Бірлескен бұйрық

Әділетмині, БҒМ, ИСМ, ЭМРМ

2010 жылдың I тоқсаны

Қажет емес


3. Зияткерлік меншік объектісін заңсыз пайдалануға қарсы күрес жүргізу

3.1.

Жасанды өнімдердің сотқа дейінгі сараптамасын жасау жөніндегі мамандандырылған ұйымды құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

2011 жылдың 20-қаңтары

2010 - 270,72*

Республикалық бюджет

3.2.

Зияткерлік меншікті
заңсыз пайдалануға қарсы күрес жүргізу
және контрафактілі өнімге сараптама жасау жөнінде шетелдік мемлекеттік және халықаралық ұйымдармен тәжірибе алмасу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

2010-2011 жылдардың 20-тамыз 20-қаңтар

2010 - 8,62*
 
 
 
 
2011 - 8,62*

Республикалық бюджет
 
 

  Республикалық бюджет

4. Халықаралық ынтымақтастық

4.1

Зияткерлік меншікті қорғау саласындағы кейбір халықаралық келісімдерге қосылу
туралы ұсыныс беру - Тауар шығарылатын
жерлердің атауларын
қорғау және оларды халықаралық тіркеу туралы Лиссабон келісімі;
- Спутник арқылы берілетін дабылдардың негізгі бағдарламаларын тарату туралы Брюссель конвенциясы.

Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша экспертік кеңеске ұсыныс беру

Әділетмині (жинақтау), АШМ, СІМ

2010-2011 жылдар 20-тамыз

Қажет емес


4.2.

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен және өзге де аймақтық патенттік ұйымдармен және шетелдік ведомстволармен зияткерлік меншікті
қорғау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

2010-2011 жылдардың 20-тамыз 20-қаңтар

Қажет емес


5. Бағдарламаны кадрлармен қамтамасыз ету

5.1.

Таңдау бойынша компонент ретінде жоғары оқу орындарында зияткерлік меншікті
қорғау бойынша пән енгізу

Нұсқаулық хат

БҒМ, Әділетмині

2010 жыл

Қажет емес



5.2

Зияткерлік меншікті
қорғау жөнінде шетелдерде мемлекеттік қызметкерлерді, сарапшыларды, мамандарды және басқа да тұлғаларды
даярлауды әрі олардың  біліктілігін арттыруды жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс беру

Әділетмині

2010-2011 жылдардың 20-тамыз 20-қаңтар

2010 - 94,8*
 
 
 
 
2011 - 94,8*

Республикалық бюджет
 
 

  Республикалық бюджет

6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

6.1.

Патент сарайының құрылысы

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

2010 жылдың 20-тамыз

2010 - 216,867*

Республикалық бюджет


Барлығы

Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет есебінен іске асыру жоспарлануда.
Бірінші кезең:
2007 жылға республикалық бюджеттен қаржы шығындары талап етілмейді.
2008 жылы - 668,27 млн. теңге.

Республикалық бюджет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады