Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1243 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 129 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1324 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.08 № 1324 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1243 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 517-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарында:
      «2 кезең 2010 - 2011 жылдар» деген бөлімде:
      «2. Зияткерлік меншік нарығын дамыту» деген кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 2.3-жол алып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады