Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 24 қарашадағы N 1161 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1260 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мәдениет саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қарашадағы N 1161  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 44, 583-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      2-тармақтың 2) тармақшасындағы және 4-тармақтағы ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақта:
      "А.С. Есiмовке" деген сөздер "К.Қ. Мәсiмовке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған  бағдарламасында :

      "1. Бағдарламаның паспорты" деген бөлiмде:
      "Бағдарламаны әзiрлеушi" деген жолдағы ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "5. Негiзгi бағыттары мен iске асыру тетiгi" деген бөлiмде:
      "5.2. Саланың инфрақұрылымын дамыту және басқару нысандарын жетiлдiру" деген кiшi бөлiмнiң алтыншы абзацы "беру" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ мәдениет саласында жеке меншiк секторды дамыту" деген сөздермен толықтырылсын;

      "5.4. Өнердi және дарынды тұлғалардың қызметiн дамытуға жағдай жасау" деген кiшi бөлiм мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Шығармашылықты дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау мақсатында шығармашылық қайраткерлердi, дарынды музыканттар мен орындаушыларды мемлекеттiк қолдау жүйесi жетiлдiрiлетiн болады.";

      "8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген бөлiмде:
      бүкiл мәтiн бойынша 4-бағандағы "МАСМ" деген аббревиатура "MAM" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      "2. Сала инфрақұрылымын дамыту және мәдениет объектiлерiн басқару нысандарын жетiлдiру" деген кiшi бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 7-жолда:
      2-бағандағы "Қазақстан бойынша" деген сөздерден кейiн "және шет елдерде" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-бағандағы "Барлығы: 217,0", "2007 ж. - 73,5" деген сөздер тиiсiнше "Барлығы: 287,6", "2007 ж. - 144,1" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттiк нөмiрi 8-жолда:
      6-бағандағы "Барлығы: 372,0", "2007 ж. - 126,0" деген сөздер тиiсiнше "Барлығы: 392,1", "2007 ж. - 146,1" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттiк нөмiрi 9-жолда:
      6-бағандағы "Барлығы: 42,1", "2007 ж. - 15,0" деген сөздер тиiсiнше "Барлығы: 37,7", "2007 ж. - 10,6" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттiк нөмiрi 10-жолда:
      6-бағандағы "Барлығы: 290,1", "2007 ж. - 96,7" деген сөздер тиiсiнше "Барлығы: 324,0", "2007 ж. - 130,6" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 10-1, 10-2, 10-3-жолдармен толықтырылсын:
"

10-1.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында "Есік" тарихи-мәдени қорық-мұражайын ұйымдастыру (салу)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

2007-2008 жылдар, IV тоқсан

Барлығы:
90,4,
оның ішінде:
2007 ж.
- 40,0
2008 ж.
- 50,4

Республикалық бюджет

10-2.

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында "Берел" тарихи-мәдени қорық-мұражайын ұйымдастыру (салу)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

2007-2008 жылдар,  IV тоқсан

Барлығы:
90,9,
оның ішінде:
2007 ж.
- 40,0
2008 ж.
- 50,9

Республикалық бюджет

10-3.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Құжаттарды қалпына келтіру және жаңадан жасау орталығын құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

2007 жыл, II тоқсан

2007 ж. -
2,5

Республикалық бюджет

                                                                  ";
      "3. Кадрмен қамтамасыз ету және бiлiктiлiктi арттыру" деген кіші бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 11-жолда:
      6-бағандағы "Барлығы: 40,0", "2007 ж. - 10,0" деген сөздер тиiсiнше "Барлығы: 121,7", "2007 ж. - 91,7" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "4. Өнердi және дарынды тұлғалардың қызметiн дамыту үшiн жағдай жасау" деген кiшi бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 15-жолда:
      6-бағандағы "12,0" деген сандар "10,0" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттiк нөмiрi 18-жолда:
      6-бағандағы "2007 ж. - 25,8" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 19-1, 19-2, 19-3, 19-4, 19-5, 9-6, 19-7, 19-8, 19-9, 19-10-жолдармен толықтырылсын:
"

19-1.

Алматы қаласында өнер туындыларының аукционын өткізу

Бұйрық

МАМ

2007 жыл, IV тоқсан

2007 ж.
- 23,1

Республикалық бюджет

19-2.

"Бүгінгі ауыл мәдениетінің жай-күйі мен перспективалары" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция және "Үздік мәдениет қызметкері" атты мәдениет қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі республикалық конкурсын өткізу

Бұйрық

МАМ

2007 жыл, ІІІ тоқсан

2007 ж.
- 6,0

Республикалық бюджет

19-3.

Қазақстанның драма театрларының ХV республикалық фестивалін өткізу

Бұйрық

МАМ

2007 жыл

2007 ж.
- 14,0

Республикалық бюджет

19-4.

Шетелдік шеберлердің қатысуымен Театр өнері қайраткерлерінің республикалық практикумын өткізу
(Астана қаласы)

Бұйрық

МАМ

2007 жыл

2007 ж.
- 12,8

Республикалық бюджет

19-5.

"Опералия" халықаралық фестивалін өткізу

Бұйрық

МАМ

2007 жыл

2007 ж.
- 140,3

Республикалық бюджет

19-6.

Дәстүрлі орындаушылардың Әміре Қашаубаев атындағы республикалық конкурсын өткізу

Бұйрық

МАМ

2007 жыл

2007 ж.
- 13,0

Республикалық бюджет

19-7.

Жас орындаушылардың "Жас қанат -
2007" XVI республикалық конкурсын өткізу

Бұйрық

МАМ

2007 жыл

2007 ж.
- 3,7

Республикалық бюджет

19-8.

Балалар шығармашылығының республикалық конкурстарын өткізу

Бұйрық

МАМ

2007 жыл

2007 ж.
- 6,5

Республикалық бюджет

19-9.

"Алматы - менің алғашқы махаббатым" фестивалін өткізу

Бұйрық

МАМ

2007 жыл

2007 ж.
- 34,3

Республикалық бюджет

19-10.

Қуыршақ театрларының халықаралық фестивалін өткізу

Бұйрық

МАМ

2007 жыл

2007 ж.
- 6,8

Республикалық бюджет

                                                                 ";
      "5. Халықаралық ынтымақтастық және қазақ өнерiнiң үздiк жетiстiктерiнiң шет елдердегi тұсаукесерi" деген кiшi бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 22-жолда:
      6-бағандағы "74,7,", "2007 ж. - 25,3" деген сөздер тиiсiнше "71,3,", "2007 ж. - 21,9" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттiк нөмiрi 32-жолда:
      6-бағандағы "45,4,", "32,7" деген сандар тиiсiнше "32,7,", "20,0" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттiк нөмiрi 33-жолда:
      6-бағандағы "20,0" деген сандар "12,7" деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 34-1, 34-2, 34-3, 34-4-жолдармен толықтырылсын:

"

34-1.

Қазақстанның Қытайдағы Мәдениет күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2007 жыл

2007 ж.
- 10,7

Республикалық бюджет

34-2.

Қазақстанның Өзбекстандағы Мәдениет күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2007 жыл

2007 ж.
- 14,2

Республикалық бюджет

34-3.

Тәжікстанның Қазақстандағы Мәдениет күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2007 жыл

2007 ж.
- 10,8

Республикалық бюджет

34-4.

Қазақстанның Украинадағы Мәдениет күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2007 жыл

2007 ж.
- 56,8

Республикалық бюджет

                                                                 ";
      "6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету" деген кiшi бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 35-жолда:
      6-бағандағы "Барлығы: 1822,7", "2007 ж. - 535,0" деген сөздер тиiсiнше "Барлығы: 2387,7", "2007 ж. - 1100,0" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттiк нөмiрi 36-жолда:
      6-бағандағы "30,0", "20,0" деген сандар тиiсiнше "18,1", "8,1" деген сандармен ауыстырылсын;

      "7. Саланы ақпараттық қамтамасыз ету" деген кiшi бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 37-жолда:
      6-бағандағы "9,0" деген сандар "7,0" деген сандармен ауыстырылсын, "2007 ж. - 2,0" деген сөздер алынып тасталсын;

      реттiк нөмiрi 38-жолда:
      6-бағандағы "Барлығы: 45,4, оның iшiнде: 2007 ж. - 23,0" деген сөздер алынып тасталсын;

      реттiк нөмiрi 39-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

39.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған "РБНСГ-Вести" газетінің рельефтік-нүктелік және жалпақ баспа қаріптерімен шығарылуын жолға қою 

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

2007 жыл, II тоқсан

2007 ж.
- 1,5

Республикалық бюджет

                                                                 ";
      реттiк нөмiрi 40-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "2008 ж. - 2,0; 2008 ж. - 5,0; 2008 ж. - 5,0";

      "Республикалық бюджеттен жиыны" деген жолдағы 6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Барлығы: 5597,8,
      оның iшiнде:
      2006 ж. - 1503,0
      2007 ж. - 2591,8
      2008 ж. - 1604,3";

      ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
      "МАСМ - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "MAM - Мәдениет және ақпарат министрлiгi".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады