Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 1161 Қаулысы.

      Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына Жолдауын icкe асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Орталық атқарушы органдар:

      1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

      2) жыл сайын жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 1 шілдеге және 1 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.23. N 1260 қаулысымен.

      3. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларына бip ай мерзімде мәдениет саласын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаларды бекіту және жергілікті бюджеттерде оларды іске асыру үшін қажетті қаражат көздеу ұсынылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 10 шілдеге және 10 желтоқсанға Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.23. N 1260 қаулысымен.

      5. Осы қаулының орындалу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т.Орынбаевқа жүктелсін.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.23. N 1260 , 2008.03.11. N 234 Қаулыларымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 24 қарашадағы
N 1161 қаулысымен
бекітілген

Мәдениет саласын дамытудың
2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны:

      1. Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты

      2. Кіріспе

      3. Мәдениет пен өнердің қазіргі жай-күйін талдау

      4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері

      5. Негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі

      5.1. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

      5.2. Сала инфрақұрылымын дамыту және мәдениет объектілерін басқару нысандарын жетілдіру

      5.3. Кадрлармен қамтамасыз ету және біліктілікті арттыру

      5.4. Өнерді және дарынды тұлғалардың қызметтерін дамыту үшін жағдай жасау

      5.5. Халықаралық ынтымақтастық және қазақстан өнеріндегі үздік жетістіктердің шет елдердегі тұcaукеcepi

      5.6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      5.7. Саланы ақпараттық қамтамасыз ету

      6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері

      7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

      8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі ic-шаралар жоспары

1. Бағдарламаның паспорты

      Бағдарламаның атауы Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008

      жылдарға арналған бағдарламасы

      Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005

      жылғы 5 наурыздағы N 210 қаулысымен

      бекітілген Мемлекет басшысының "Қазақстан

      экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел

      жаңару жолында" атты Қазақстан халқына

      2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске

      асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың

      ic-шараларын орындаудың желілік

      кестесінің 20.1-тармағы; Қазақстан

      Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5

      қыркүйектегі N 903 Қаулысымен бекітілген

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің

      2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын

      іске асыру жөніндегі ic-шаралар

      жоспарының 6.5.14-тармағы

      Бағдарламаны әзірлеуші Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

      Бағдарламаның мақсаты Қазіргі уақыттағы мәдениетті дамыту және

      классикалық және халықтық өнердің озық

      дәстүрлерін сақтау үшін жағдай жасау,

      әлемдік мәдени кеңістікке ықпалдасу

      Міндеттері Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

      сала инфрақұрылымын дамыту және мәдениет

      объектілерін басқару нысандарын жетілдіру;

      кадрлармен қамтамасыз ету және

      біліктілікті арттыру;

      өнерді және дарынды тұлғалардың

      қызметтерін дамыту үшін жағдай жасау;

      халықаралық ынтымақтастық және қазақстан

      өнерінің үздік жетістіктерінің шет

      елдердегі тұсаукесері;

      материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      ақпараттық қамтамасыз ету

      Іске асыру мерзімі 2006-2008 жылдар

      Қажетті ресурстар 2006-2008 жылдарда Бағдарламаны іске

      және қаржыландыру асыруға республикалық бюджет қаражаты

      көздері бағытталған. Республикалық бюджеттен

      жалпы шығындар 6 954,5 млн.теңгені, оның

      ішінде 2006 жылы - 1 503, 0 млн. теңгені,

      2007 жылы - 2 831,8 млн.теңгені, 2008

      жылы - 2 619,7 млн.теңгені құрайды.

      2007-2008 жылдарға арналған шығыстар

      көлемі тиісті қаржы жылына арналған

      "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан

      Республикасының Заңына сәйкес анықталатын

      (нақтыланатын) болады.

      Бағдарламаны іске асыру- Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

      дан күтілетін нәтиже мәдениет саласында халықты қызметтермен

      қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін

      және үнемі дамып отыратын жүйе

      қалыптасады;

      саланы басқару жөніндегі мемлекеттік

      тетік қазіргі заманғы, бүгінгі күн

      мәдениетінің серпінді процестерін

      дамытуға қабілетті етіп өзгертіледі;

      2006 - 2008 жылдары:

      драма театрларында 110 жаңа қойылым және

      концерттік ұйымдарда концерттік

      бағдарламалар жүзеге асырылады

      жүзеге асырылады;

      ұлттық және әлемдік классиканың және

      Қазақстан композиторлары туындыларының 6

      операсы, 7 балеті қойылады;

      республикалық концерттік ұйымдардың

      Қазақстанның қалалары мен аудандарына 68

      гастрольдық сапарлары өткізіледі;

      мыналар өткізіледі:

      3 халықаралық театр және 3 кинофестиваль,

      халықаралық балет әртістері, вокалистер,

      пианистер конкурстары;

      патриоттық ән конкурстары;

      республикалық дәстүрлі орындаушылар

      конкурстары (2006, 2008 жылдар);

      Бұдан басқа Қытайдың Ұлттық

      кітапханасында Қазақстанның Мәдениет

      орталығы ұйымдастырылады (2006 жыл);

      Бағдарламаны іске асыру кезеңінде

      нормативтік құқықтық кесімдер

      әзірленеді, мәдениет объектілері

      жөндеуден өткізіледі, 157 мұражайдың

      200-ден астам экспонаттары қайта

      жаңартылады, мемлекеттік мұражайлар өнер

      туындыларының 700 бірлігін сатып алады

      және республикалық мұражайлар қорлары

      50%-ға қайта жарақтандырылады.

      Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.23. N 1260 , 2008.03.11. N 234 Қаулыларымен.

2. Кіріспе

      Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әpi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың ic-шараларын орындаудың желілік кестесінің 20.1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі ic-шаралар жоспарының 6.5.14-тармағына сәйкес әзірленді.

      Рухани және материалдық мәдениетті сақтау және қалпына келтіру жөніндегі жұмыс бағдарламалық құралдар мен әдістерді, пәрменді ұйымдастыру және қаржылық қолдауды талап етеді. Қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін арнайы ұйымдастырылған және мақсатқа бағытталған процеске біріктіру мәдени күйзелістің қауіпті аймағын бейтараптандыруға, әлеуметтік-мәдени кеңістіктің тұтастығын қалпына келтіруге, мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың шынайы өнімді түрлері мен нысандарын әзірлеуге мүмкіндік береді.

      Осы Бағдарлама мемлекет пен қоғам өміріндегі мәдениеттің түпкілікті маңыздылығынан туындап отыр. Бұл ретте мәдениет зайырлы демократиялық мемлекеттің тыныс-тіршілігі жағдайында халықтың адамгершілік бағдарларын сақтау міндетін мойнына алып, ол мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларына әсер ететін рухани құндылықтардың тұтас жүйесі ретінде қарастырылады.

      Бағдарламаны іске асыру халықтың барлық жіктерінің отандық және әлемдік мәдениет туындыларына қол жетімділігін қамтамасыз етуге жәрдем етеді, Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтауға, шет елдерде Қазақстан мәдениетінің жоғары беделін қолдауға ықпал етеді.

3. Мәдениет пен өнердің қазіргі жай-күйін талдау

      Қазақстандағы әлеуметтік-мәдени қайта құрулар кезеңінде мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты қалыптасқан мәдени кеңістік құрылымын сақтау және жаңа экономикалық қарым-қатынастарға кешу жағдайында оны оңтайландыру болды.

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша бүгінгі күні елде 48 театр, 62 концерттік ұйым, 3539 кітапхана, 154 мемлекеттік мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық-мұражай, 2259 клуб түріндегі мекеме, 42 луна-парк пен демалыс саябақтары, 4 хайуанаттар паркі жұмыс істейді.

      1996-1998 жылдардағы саланың құлдырауынан кейін Қазақстанда Мәдениет жылы болып жарияланған 2000 жылдан бастап саладағы ахуал елеулі жақсарғанын айта кету керек. Соңғы 5 жылда мәдениет мекемелерінің жұмысында оң үрдістер байқалды.

      Театрлар саны 4 бірлікке өсті. Театрлардың жалпы санының 47-i (97,9%) мемлекеттік, 1-eуi жеке меншік нысанында. Театр өнері әр түрлі бейіндерінде жұмыс істейтін ұжымдар болып табылады, олар: 2 опера және балет, 33 драма, 4 музыкалық комедия, 4 жасөспірімдер, 5 қуыршақ театрлары.

      Қазақстанда 73 тұрақты кинотеатр және 266 жылжымалы әpi стационарлық кино қондырғылары бар. 2003 жылмен салыстырғанда олардың санының өcуi тиісінше 49,3%-ды және 81,2%-ды құрады. Кино көрсетілімдерінің санын салыстыру 2001 жылдан бастап сеанстар орта есеппен 32,8%-ға өскендігін көрсетеді. Балалар сеанстарында кино көpceтiлiмдepi үздіксіз өсуде.

      Соңғы жылдары концерттік залдардың инфрақұрылымы айтарлықтай өзгерді, олардың сыйымдылығы артты, яғни 2005 жылдың басында 18477 орынды құрап отыр, ол 2003 жылмен салыстырғанда 21,9%-ға артық. Қазақстанның концерттік ұйымдары сондай-ақ мемлекеттік (79%) және жеке меншік (21%) нысанында. Жыл сайын орта есеппен филармония концерттерінің саны 56%-ға, олардағы тыңдаушылардың саны 10%-ға өсіп отыр.

      2001 жылдан бастап жұмыс icтеп тұрған мұражайлар саны жылына орта есеппен 17,3%-ға өсті. Елдегі мұражайлардың, жалпы санының көп бөлігі (89,8%) мемлекеттік, қалғаны - жеке меншік нысанда. Ауылдық жерде 67 (40,4%) мұражай жұмыс істейді. Соңғы 2 жылда мұражайлар қорлары құнды экспонаттардың үштен бip бөлігіне толықты.

      Халықтың білім деңгейінің артуымен біргe библиографиялық ақпаратқа деген сұраныс өciп отыр, бұл кітапхана пайдаланушылары санының (2002 жылдан бастап орта есеппен жыл сайын 2,3%-ға) үздіксіз өсуіне, сондай-ақ оларды техникалық қамтамасыз етуге

      (46,4%-ы дербес компьютерлермен жарақталды) әкеліп отыр. Соңғы жыл ішінде кітапханалар саны 77 бірлікке өcтi. Кітапханалардың жалпы санының 2900-i (81,9%) - ауылдық жерлерде орналасқан. Елдің кітапхана қоры 115,4 млн. бірлікті құрайды.

      Жыл сайын клуб тектес мекемелердің желісі (орта есеппен 9,1%) кеңейе түсуде. 2002 жылмен салыстырғанда клуб тектес мекемелердің саны 20%-ға өсті және 2004 жылы 2259 бірлікке жетті, олардың неғұрлым көп бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан. 2001 жылдан бастап клубтардың белсенділігі үздіксіз өсуде, 2003 жылмен салыстырғанда клуб ұжымдары өткізген ic-шаралар саны 5,3%-ға артты, ic-шаралардың жалпы санының үштен бipi балаларға арналған ic-шаралардың үлесіне келеді.

      2004 жылы Қазақстанда 9420 көркемөнерпаздар ұжымы жұмыс істеді, олардың 7053 (74,9%) - ауылдық жерлерде. Көркемөнерпаздар ұжымдары негізінен хор, вокал (26,6% ) және хореографиялық (23,5%) болып табылады. Ұжымдық көркемөнерпаздар шығармашылығының жұмысына 125,2 мың адам қатысты.

      2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында мемлекеттің Ұлттық тарихы үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер қайта жаңартылуда. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы N 171 қаулысымен бекітілген ic-шаралар жоспары іске асырылып жатыр. Облыс әкімдіктері тарихи-мәдени мұраны сақтаудың өңірлік бағдарламаларын іске асыруда. Қазақстан тарихының атаулы оқиғаларына арналған тарихи және этнографиялық бейіндегі мемлекеттік мұражайлардың, мемориалдардың тарамдалған желісі құрылды.

      Өткен уақыт аралығында жұмыс iстеп тұрған ғылыми-зерттеу және қалпына келтіру базаларын, тарихи-мәдени қорық-мұражайларын сақтау және мәдени мұра ескерткіштерін насихаттау, оларды туризм инфрақұрылымы жүйесіне енгізу жөнінде белгілі бip шаралар қабылданған.

      Ежелгі қолжазбаларды, кітаптар мен басқа да деректерді сақтауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанынан Ұлттық кітап раритеттерін анықтау және сатып алу, сондай-ақ кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды қалпына келтіру жөніндегі орталық құрылды.

      Президенттің 2003 жылғы 20 тамыздағы N 838 Жарлығымен бекітілген Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын icкe асыру жөніндегі ic-шаралар жоспарының шеңберінде ауылдық елді мекендерді мәдениет объектілерімен қамтамасыз ету нормативтерін бекітетін нормативтік құқықтық кeciмнің жобасы әзірленді.

      Саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының " Мәдениет туралы ", " Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы ", " Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы " заңдары қолданылып жүр. Қазіргі уақытта мұражай құндылықтарын есепке алу және сақтау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдер дайындалуда.

      Ұлттық кинематографияны дамытуға назар аударылып, қазақ халқының тарихына арналған ipi киножобалар жүзеге асырылуда. Фильмдерді жасауға AҚШ-тың, Қытайдың, Францияның, Ресейдің және басқа да елдердің кинематографистерi қатысады. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық компаниясының киностудиясында кино өндірісінің әлемдік стандарттарына сәйкес жаңа цехтар мен бөлімдер құрылды, жаңа кино жабдықтары сатып алынды. 420-дан астам жұмыс орындары ұйымдастырылды, жаңа кәсіптер игерілді.

      Астана қаласы мәдениетінің инфрақұрылымы кеңейтілуде. Бұрын ашылған екі театрға қосымша К.Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры жұмыс icтейді, Президенттің мәдениет орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы салынды және іске қосылды. Қазіргі уақытта Мемлекеттік циркті ашу және Бейбітшілік және келісім сарайын салу жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

      Отандық авторларды көркемдігі жоғары туындылар жасауға тарту, сондай-ақ өнерді дамыту процесін қолдау мақсатында жыл сайын "Астана-Бәйтерек" ұлттық конкурсы өткізіледі.

      Халықаралық мәдени байланыстар дұрыс жолға қойылған және табысты жұмыс істеуде. 49 таяу және алыс шет елдермен және халықаралық ұйымдармен мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

      Екі ел халықтарының мәдениетін өзара байыту мен жақындастырудың қосымша көздері болып табылған Ресейдегі Қазақстан жылы, Қазақстандағы Ресей жылы өткізілді. 2004 жылы өткен TYPКIСОЙ Тұрақты Кеңесі XXI отырысы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдарына мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің II жұмыс бабындағы кездесуінің өткізілуі қазіргі заманғы Қазақстан өміріндегі маңызды оқиға болды.

      Тұтастай алғанда Қазақстан мәдениетінің жай-күйін тұрақты, он факторларды орнықтыруға, жаңа эстетикалық нысандарды меңгеруге деген үрдісі бар деп бағалауға болады.

      Алайда мәдениет саласындағы бүгінгі ахуал жаңа бағдарламалық, көзқарасты талап етеді. Қолданыстағы заңнама мәдениет ұйымдарының, соның ішінде мемлекеттік емес меншіктегілердің қызметін толық түрде реттеу мен регламенттеуге мүмкіндік бермейді. Мәдениет саласын реттейтін заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру мақсатында""Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының жаңа редакциясы әзірленді және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілді.

      Сондай-ақ саланың одан әрі дамуын тежейтін басқа мәселелерге мыналар жатады:

      1) шығармашылық көшбасшылардың, жаңа тұрпаттағы басқару кадрлары мен арт-менеджерлердің тапшылығы;

      2) кадрларды даярлау және қайта даярлау;

      3) жабдықтардың қазіргі заман талаптарына жауап бермейтіндей тозуы;

      4) кәсіптердің, оның ішінде қоғамдық мәртебесінің мәдениет пен өнер қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудың әлсіздігіне орай төмендеуі;

      5) мемлекеттік емес сектордың нашар дамуы.

      Қазақстанның театрлары қаржылық тұрғыдан жеткілікті қамтамасыз етілмегендіктен, репертуарларын жаңа пьесалармен және көркем аудармалармен толықтыру мүмкіндігінен айырылып отыр. Елімізде ұлттық фильмдерді кең көлемде және жүйелі түрде көрсету қолға алынбаған.

      Мәдениет мекемелерінің жеткіліксіз қаржыланғандығынан және материалдық-техникалық базасының әлсіздігінен халықтың мәдени қажеттілігі мен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы алшақтық өсе түсуде. Бұл әcipece ауылда байқалады. Оңтайландыру жылдары көптеген мәдениет объектілері жекешелендірілді немесе жабылып қалды. Кітапханалардың бір бөлігі кітап қорын жоғалтқан, ал сақталып қалғандары мектептерге берілген. Қайта ашылған ауылдық кітапханалар қорларында 500-ден 1000 данаға дейін бар.

      Республикада жиырма жылдан астам уақыттан бepi мәдениет ұйымдары үшін үлгі ғимараттар салынған жоқ. Қазіргі уақытта көптеген өңірлерде олар лайықталған үй-жайлар - мектептерде, ауылдық әкімдіктерде және т.б. орналасқан. Клуб түріндегі мәдениет мекемелері eдәуip тозған. Клуб ғимараттарының жалпы санының 671-i күрделі жөндеуді қажет етеді, 101-i авариялық жағдайда. Кітапхана ғимараттарының жалпы санының 326-сы күрделі жөндеуді қажет етсе, 39-ы авариялық жағдайда. 100-ге жуық мұражайлардың ғимараттары күрделі жөндеуді және қайта құруды қажет етеді. Ауыл мәдениетінің мұқтажына көлік, жабдықтар мен техникалық құралдарды сатып алуды мақсатты түрде қаржыландыру ic жүзінде тоқтатылды.

      Саладағы біршама оң үрдістерге қарамастан, мәдениет пен өнерді мемлекет тарапынан серпінді қолдау, ынталандырулар мен көтермелеулердің жаға жүйесін құру, қазақстан мәдениетін репрезентациялау ісінде қоғамдық сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыру, әдебиет пен өнер, кино саласындағы жаңғыртуға, арт-менеджментті дайындауға арналған бағытты анықтау қажет. Шет елдер тәжірибесін зерделеу мемлекеттік тапсырысты енгізу, мәдениет патронажының анық және ұтымды құрылымын жасау, гранттар алуға конкурстар өткізу, мәдениет мекемелеріне келісім-шарт жүйесін, мәдени саясаттың жоспарлы мониторингін енгізу қажеттілігін меңзеп отыр. Сондай-ақ, мемлекет өнерді көптеген елдердің мәдени саясатын іске асыруда бүгінгі күні пайдаланылып жүрген өнер жөніндегі кеңестер - буферлік үкіметтік емес ұйымдар арқылы қаржыландыратын кездегі әлемдік практиканы пайдалануға болады. Бұл жағдайда мемлекет қаражат бөлуге араласпайды, саясаткерлер мен қызметкерлердің ақшалай қаражатты тікелей бөлуден алыста болуы үшін, шығармашылық тұлғалар саяси қысымнан немесе цензуралық араласудан қорғалуы үшін Кеңес жауап береді.

      Жергілікті ic-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін өнердің кейбір дарынды өкілдеріне, оның ішінде жастарға қолдау көрсететін Қазақстанда туындап жатқан жеке және корпоративтік меценаттық және қайырымдылық мемлекет тарапынан назар аударуды талап етеді.

      Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті міндеттерін шешу кешенді тұрғыдан келуді, саланы жаңғырту мен мәдениетті дамытудың жалпы әлемдік процестеріне қосуға бағытталған шараларды қабылдауды, барлық жұмыстарды 2006-2008 жылдар кезеңіне есептелген Бағдарлама шеңберінде ic-шаралар жүйесін міндеттері, мерзімі, ресурстары және орындаушылары бойынша қазіргі заманға сай ұйымдастыруды талап етеді. Осыған байланысты саланы дамыту, мәдени ортаны қалыптастыру жөніндегі басты стратегиялық бағыттарды көрсететін және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі ic-шаралар кешенін қамтитын неғұрлым басымдық берілген міндеттерді шешуге бағытталған бірқатар өзара байланысты шараларды қабылдау аса өзекті мәселе болып табылады.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты қазіргі уақыттағы мәдениетті дамыту әpi классикалық және халықтық өнердің озық дәстүрлерін сақтау үшін жағдай жасау, әлемдік мәдени кеңістікке ықпалдасу болып табылады.

      Бағдарламаның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

      саланың инфрақұрылымын дамыту және мәдениет объектілерін басқару нысандарын жетілдіру;

      кадрлармен қамтамасыз ету және біліктілікті арттыру;

      өнерді және дарынды тұлғалардың қызметтерін дамыту үшін жағдай жасау;

      халықаралық ынтымақтастық және қазақстан өнерінің үздік жетістіктерінің шет елдердегі тұcaукесері;

      материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      ақпараттық қамтамасыз ету.

5. Heгізгі бағыттары мен іске асыру тетігi

      Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес мәдениет мемлекет саясаты басымдықтарының біріне айналып отыр.

      Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мәдениет ұйымдарын жоспарлы түрде қаржыландыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мәдениетті қайта құру жөніндегі барлық шаралар және басымдықтар секторлар мен сала қызметінің барлық аспектілерін күшейтуге, мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтердің спектрін дамыту, сапасын көтеру үшін қажетті жағдайлар жасауға, шығармашылық одақтармен, мәдениет және өнер қайраткерлерінің басқа да қоғамдық бірлестіктерімен өзара ic-қимыл мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

5.1. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

      Мәдениет саласын дамыту үшін нормативтік құқықтық базаны одан әpi жетілдіру ұйғарылып отыр.

      Жаңа өнер туындыларын жасағаны үшін төленетін авторлық қаламақы төлеудің ең төменгі нормалары, мәдениет ұйымдары үшін үлгі штаттық нормативтер бекітіледі.

      Ескерту. 5.1-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - 2008.03.11. N 234 Қаулысымен.

5.2. Саланың инфрақұрылымын дамыту және басқару
нысандарын жетілдіру

      Жас ұрпақты тәрбиелеуде жаңа музыкалық-сахналық және драматургиялық шығармалар қойылымын, оның ішінде балаларға арналған спектакльдер, бүгінгі күннің тақырыбына спектакльдер жазуды қатты талап етеді. Қазақстанға және таяу шет елдерге театрлар мен концерттік ұжымдардың гастрольдік сапарлары жалғасады әрі олардың саны көбейтіледі.

      Республиканың көркемөнер мұражайларының коллекцияларын бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен жоспарлы, ғылыми түрде жасақтау мақсатында республиканың жетекші суретшілері мен мүсіншілерінен өнер туындыларын сатып алу жүргізіледі.

      Тарихи-мәдени мұра объектілерін қайта құру және пайдалану ісіндегі міндеттерді сәтті іске асыру үшін Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында "Eciк", Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорықтарын және Атырау облысында "Сарайшық" мемлекеттік археологиялық мұражай-қорығын құру туралы ұсыныс енгізілетін болады.

      Тарихи раритеттердің өмірін жалғастыруда мұражай тәжірибесінде тиімді және сынақтан өткен тәсілдердің бipi оларды консервациялау және қайта жаңарту болып табылады. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайындағы мұражай құндылықтарын зерделеуге, сақтауға және пайдалануға сараланған тұрғыда келу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне тарих пен мәдениеттің жылжымалы ескерткіштерін қалпына келтіру мен консервациялау бойынша саланың барлық мамандарының күш-жігерін біріктіретін, сондай-ақ кадрларды даярлайтын орынға айналатын республикалық мұражай құндылықтарын консервациялау және жаңғырту орталығын ашу туралы ұсыныстар енгізілетін болады.

      Рельефті-нүктелік қаріптегі кітаптарды және "сөйлейтін" кітаптарды қалпына келтіруді орталықтандырып ұйымдастыру мақсатында Республикалық зағип және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана жанынан республиканың зағип және нашар көретін азаматтарына арналған құжаттарды қалпына келтіру және жаңадан шығару орталығын құруды ұсынамыз.

      Өңірлердегі мәдениет мекемелерін басқару және мәдениет инфрақұрылымын оңтайландыру әдістерін жетілдіру қажеттілігіне байланысты ведомстволық бағынысты мекемелерді жергілікті бюджетке кезең-кезеңмен беру, сондай-ақ мәдениет саласында жеке меншiк секторды дамыту ұйғарылып отыр.

      Ескерту. 5.2-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.23. N 1260 қаулысымен.

5.3. Кадрмен қамтамасыз ету және біліктілікті арттыру

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен алыс шет елдердің озық театрлары мен киностудияларына, әлемнің озық мұражай орталықтары мен кітапханаларына тағылымдамадан өту үшін және оқуға жас дарындар мен жұмыс тәжірибесі бар кадрлар (актерлар, режиссерлар, дирижерлар, музыканттар, суретші-сценографтар, костюмдер cуpeтшici, жарық суретшілері, бутафорлар, мұражай және кітапхана қызметкерлері) жіберіледі.

      Шығармашылық алмасу мақсатында мастер-класс өткізу үшін Қазақстанға таяу және алыс шет елдерден озат режиссерлар, арт-менеджерлер, сценографтар, дирижерлар, балетмейстерлер шақырылады.

      Мұражай мамандарын, реставраторларды даярлау мәселелерін шешу, мұражайлардағы маркетинг және менеджерлік қызметті сауатты ұйымдастыру, мұражай мекемелерін қалыптастырудың халықаралық идеологиясы мен тәжірибесін зерделеу үшін таяу және алыс шет елдердің мұражайтану саласындағы жетекші мамандарын шақыру арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет орталығы жанынан мұражай қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі орталық құрылуын ұсынамыз.

5.4. Өнерді және дарынды тұлғалардың қызметін дамытуға
жағдай жасау

      Республиканың көркем элитасына атаулы қолдау көрсету мақсатында жыл сайын конкурстық негізде қоғамдық-маңызды көркемөнер туындыларын (пьесалар, музыкалық, сахналық шығармалар, балалар мен жасөспірімдерге apналған музыка, өлең, бейнелеу өнepi мен сәулет туындыларын) жасауға гранттар нысанында мемлекеттік тапсырыс қалыптастырылатын болады.

      Шығармашылықты дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау мақсатында шығармашылық қайраткерлердi, дарынды музыканттар мен орындаушыларды мемлекеттiк қолдау жүйесi жетiлдiрiлетiн болады.

      Ұлттық "Астана-Бәйтерек" конкурстары, Қазақстан композиторларының қазіргі заманғы музыкасының фестивальдері, республикалық дәстүрлі орындаушылар конкурстары, "Елім менің" патриоттық әндер конкурстары өтеді.

      Өнер қайраткерлерінің күш-жігерін шоғырландыру мақсатында 2006 жылдан бастап Шығармашылық одақтардың ассамблеясы өткізілетін болады.

      Ескерту. 5.4-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.23. N 1260 , 2008.03.11. N 234 Қаулыларымен.

5.5. Халықаралық ынтымақтастық және Қазақстан өнеріндегі
үздік жетістіктердің шет елдердегі тұсаукесері

      Республикаға шығармашылық тұрғыда қызығушылық туғызатын ұжымдар мен орындаушыларды тарту мақсатында Қазақстанда ipi халықаралық өнер конкурстарын, фестивальдарын ұйымдастыру мен енгізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, біздің елде әлемге белгілі көркемөнер ұжымдарымен орындаушылардың гастрольдерін, сондай-ақ, ipi шетел мұражайларының қорларынан көрмелер ұйымдастыру көзделеді. Бұлармен қатар шет елдердегі көрнекті фестивальдар мен конкурстарға қазақстан өнерінің озық өкілдерінің қатысуы жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылады.

      Қазақстанда тәжірибе алмасу және көркемдік өсу үшін мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында мынандай халықаралық фестивальдар мен конкурстарды өткізу жоспарланып отыр: Орталық Азия елдерінің Халықаралық театр фестивалі, Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі, халықаралық пианистер, скрипкашылар, вокалистер конкурстары, Халықаралық "Ұлы дала музыкасы" дәстүрлі орындаушылар фестивалі.

      Қазақстандық жас орындаушылар әлемнің үздік залдарында өнер көрсетеді.

      Біздің кинематографистер халықаралық фестивальдар мен конкурстарға "А" сыныбындағы халықаралық кинофестивальдарға қатысады. Таяу және алыс шет елдерде Қазақстан киносының күндерін өткізу жоспарланып отыр.

      Әлемдік кеңістікке ықпалдасуды дамыту үшін таяу және алыс шетелдердің мұражай және кітапхана қорларының алмасу көрмелері, озық шығармашылық ұжымдары мен орындаушыларының гастрольдері ұйымдастырылатын болады.

      Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы, Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет орталығы, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайы қорларынан, сондай-ақ таяу және алыс шет елдер мұражайларында республиканың озат суретшілерінің шетелдік көрмелері ұйымдастырылады.

      Қазақстан халықтарының мәдениетін, тарихын, дәстүрлері мен әдет-ғұрпын танымал ету және Қазақстан мен Қытайдың гуманитарлық және мәдени саладағы ынтымақтастығын кеңейту, Қазақстан халықтарының рухани құндылықтарын ашу мақсатында Қытай Ұлттық кітапханасында Қазақстанның мәдениет орталығы ашылады.

      Ескерту. 5.5-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.11. N 234 Қаулысымен.

5.6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      Мәдениет саласы материалдық-техникалық қамтамасыз етуде маңызды қайта құруларды қажет етеді. Театрлар мен концерттік залдар, мұражайлар мен кітапханалар үшін музыкалық аспаптарды және техникалық жабдықтарды сатып алу жоспарланып отыр.

      М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасы және т.б. ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізілетін болады.

      Мұражай қорларын техникалық жабдықтармен және температуралық-ылғалдандыру peжимi аспаптарымен жарақтандыру материалдық мәдениет туындыларын сақтау режимін қалыпқа келтіруге, қорлардың сапалы жұмыс icтeуiн қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

5.7. Саланы ақпараттық қамтамасыз ету

      Мұражай мамандарының күш-жігерлерін біріктіру үшін "Қазақстан мұражайлары" - "Музеи Казахстана" журналын жүйелі түрде шығару жолға қойылады.

      Зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың қызметін, республиканың зағип қайраткерлерінің өмipi мен қызметін жария ету үшін рельефтік-нүктелік және жалпақ баспа қаріппен басылатын зағип және нашар көретін азаматтарға арналған "РБНСГ - Вести" газетін шығару қажет.

      Мұражай коллекцияларымен өзара алмасу, танысу және оларға epкін қол жеткізу, ақпараттық сауаттылықты арттыру, зерделеу және оларды ғылыми мақсатта пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет орталығы жанынан мұражай қорларының дерекқорын құру қажет.

      Ескерту. 5.7-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.11. N 234 Қаулысымен.

6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері

      2006-2008 жылдарда Бағдарламаны icкe асыруға республикалық бюджет қаражаты жіберілетін болады.

      Республикалық бюджеттен жалпы шығындар 6 954,5 млн.теңгені, оның ішінде 2006 жылы - 1 503, 0 млн. теңгені, 2007 жылы - 2 831,8 млн.теңгені, 2008 жылы - 2 619,7 млн.теңгені құрайды.

      2007-2008 жылдарға арналған шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталатын (нақтыланатын) болады.

      Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.11. N 234 Қаулысымен.

7. Бағдарламаны icкe асырудан күтілетін нәтиже

      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

      мәдениет саласында халықты қызметтермен тұрақты жұмыс істейтін және үнемі дамып отыратын қамтамасыз ету жүйесі қалыптасады; саланы басқару жөніндегі мемлекеттік тетік қазіргі заманғы, бүгінгі күн мәдениетінің cepпінді процестерін дамытуға қабілетті етіп өзгертіледі;

      2006-2008 жылдары:

      драма театрларда 110 жаңа қойылым және концерттік ұйымдарда концерттік бағдарламалар жүзеге асырылады жүзеге асырылады;

      ұлттық және әлемдік классиканың және Қазақстанның қазіргі заманғы композиторлары туындыларының 6 операсы, 7 балеті қойылады;

      Қазақстанның қалалары мен аудандарына республикалық концерттік ұйымдардың 68 гастрольдік сапарлары өткізіледі;

      мыналар өткізіледі:

      3 халықаралық театр және 3 кинофестиваль, халықаралық балет әртістері, вокалистер, пианистер конкурстары;

      патриоттық әндер конкурстары;

      республикалық дәстүрлі орындаушылар конкурстары (2006, 2008 жылдар).

      Бұдан басқа, Қытайдың Ұлттық кітапханасында Қазақстанның Мәдениет орталығы ұйымдастырылады (2006 жыл);

      Бағдарламаны іске асыру кезеңінде нормативтік құқықтық кесімдер әзірленеді, мәдениет объектілері жөндеуден өткізіледі, 157 мұражайдың 200-ден астам экспонаттары қалпына келтіріледі, мемлекеттік мұражайлар өнер туындыларының 700 бірлігін сатып алады және республикалық мұражайлар қоры 50%-ға қайта жарақталады.

      Ескерту. 7-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.11. N 234 Қаулысымен.

8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
      2006.12.23. N 1260 , 2007.08.03. N 654 , 2008.03.11. N 234
      Қаулыларымен.

Р/с

N

Іс-шаралар

Аяқталу

нысаны

Орын-

далуына

жауап-

тылар

Орын-

дау

мер-

зімі

Бол-

жалды

шығыс-

тар

(млн.

теңге)

Қаржы-

лан-

дыру

көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Нормативтік және құқықтық қамтамасыз ету

1

Мәдениет саласындағы

нормативтік құқықтық

кесімдерді әзірлеу

Норма-

тивтік

құқықтық

кесім-

дердің жобалары

МАМ

2006

жыл,

IV

тоқсан

Талап

етіл-

мейді


2

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.11. N 234 Қаулысымен

3

Жаңа өнер туындыла-

рын шығарғаны үшін

төленетін авторлық

қаламақының ең аз

нормаларын әзірлеу

және бекіту

Бұйрық

МАМ

(жинақ-

тау)

Әділет-

мині

2006

жыл,

IV

тоқсан

Талап

етіл-

мейді


4

Мәдениет ұйымдары

үшін үлгі штаттық

нормативтерді әзірлеу

Бұйрық

МАМ

(жинақ-

тау)

Еңбек-

мині

2007

жыл,

IV

тоқсан

Талап

етіл-

мейді


2. Сала инфрақұрылымын дамыту және мәдениет

объектілерін басқару нысандарын жетілдіру

5

"Құрманғазы атындағы

академиялық халық

аспаптары оркестрі"

РМҚК-ны және Жамбыл

атындағы Қазақ мем-

лекеттік филармония-

сынан бөліп алу

жолымен "Солисттер

Академиясы" камера-

лық ансамблін Алматы

қаласынан Астана

қаласына көшіру;

Астана қаласында

РМҚК нысанында

Қазақстан халықтары-

ның Мемлекеттік би

ансамблін;

К.Байсейітова атын-

дағы Ұлттық опера

және балет театрының

үй-жайын беріп,

"Бәйтерек" республи-

калық концерттік-

филармониялық бір-

лестігін құру туралы

ұсыныстар енгізу

Қазақстан

Республи-

касының

Үкіметіне

ұсыныстар

МАМ

(жинақ-

тау)

Астана

қала-

сының

әкім-

дігі

2006

жыл,

I

тоқсан

Талап

етіл-

мейді


6

РМҚК нысанында

Алматы облысы Еңбек-

шіқазақ ауданында

"Есік" мемлекеттік

тарихи-мәдени қорық

мұражайын;

Шығыс Қазақстан

облысы Қатонқарағай

ауданында "Берел"

мемлекеттік

тарихи-мәдени

қорық-мұражайын;

Атырау облысында

"Сарайшық" мемлекет-

тік археологиялық

қорық-мұражайын;

таяу және алыс шет

елдерден мұражайтану

саласының жетекші

мамандарын шақырумен

Қазақстан Республи-

касы Президентінің

мәдениет орталығы

жанынан Мұражай қыз-

меткерлерін даярлау

және қайта даярлау

жөніндегі орталықты;

зағип және нашар

көретін азаматтарға

арналған республика-

лық кітапхана жаны-

нан құжаттарды қал-

пына келтіру және

жаңадан жасау

орталығын;

Қазақстан Республи-

касы Орталық мемле-

кеттік мұражай жаны-

нан консервациялау

және қалпына келтіру

орталығын құру тура-

лы ұсыныстар енгізу

Қазақстан

Республи-

касының

Үкіметіне

ұсыныстар

МАМ

2006

жыл,

I

тоқсан

Талап

етіл-

мейді


7

Қазақстан бойынша және шет елдерде

театрлық-концерттік

ұйымдардың гастроль-

дік сапарларын

жүзеге асыру

Бұйрық

МАМ

жыл

сайын,

тоқсан

Барлығы:

388,9,

оның

ішінде:

2006 ж.

- 70,0

2007 ж.

- 144,1

2008 ж.

- 174,8

Респу-

бли-

калық

бюджет

8

Жаңа музыкалық-

сахналық және драма-

лық шығармаларды

қоюды жүзеге асыру

Бұйрық

МАМ

жыл

сайын,

I

тоқсан

Барлығы:

381,4,

оның

ішінде:

2006 ж.

- 146,1

2007 ж.

- 126,0

2008 ж.

- 115,3

Респу-

бли-

калық

бюджет

9

Қазақстанның озат

суретшілері мен

мүсіншілерінің өнер

туындыларын Қазақ-

стан Республикасының

мемлекеттік мұражай-

ларына тұрақты түрде

сатып алуды жүзеге

асыру

Қазақстан

Республи-

касының

Үкіметіне

ақпарат

МАМ

жыл

сайын,

10

жел-

тоқсан

Барлығы:

26,5,

оның

ішінде:

2006 ж.

- 12,1

2007 ж.

- 10,6

2008 ж.

- 3,8

Респу-

бли-

калық

бюджет

10

Ведомстволық бағы-

нысты бірқатар ұйым-

дарды кезең-кезеңмен

жергілікті бюджетке

беруді жүзеге асыру

Қазақстан

Республи-

касының

Үкіметі

қаулы-

сының

жобасы

МАМ

2006

жыл,

тоқсан

Барлығы:

227,3,

оның

ішінде:

2006 ж.

- 96,7

2007 ж.

- 130,6

Респу-

бли-

калық

бюджет

10-1

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында "Есік" тарихи-мәдени қорық-мұражайын ұйымдастыру (салу)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

2007-2008 жылдар, IV тоқсан

Барлығы:

90,4,

оның ішінде:

2007 ж.

- 40,0

2008 ж.

- 50,4

Респу-

бли-

калық

бюджет

10-2

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында "Берел" тарихи-мәдени қорық-мұражайын ұйымдастыру (салу)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

2007-2008 жылдар, IV тоқсан

Барлығы:

91,0,

оның ішінде:

2007 ж.

- 40,0

2008 ж.

- 51,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

10-3

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Құжаттарды қалпына келтіру және жаңадан жасау орталығын құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ

2007 жыл, II тоқсан

2007 ж. -

2,5

Респу-

бли-

калық

бюджет

3. Кадрмен қамтамасыз ету және біліктілікті арттыру

11

Жас шығармашылық

дарындардың және

мәдениет пен өнер

ұйымдары қызметкер-

лерінің ТМД мен алыс

шетелдердің жетекші

театрларында, әлем-

дік мұражай орталық-

тары мен кітапхана-

ларында оқуын және

тағылымдамадан

өтуін қамтамасыз ету

Бұйрық

Қазақстан

Республи-

касының

Үкіметіне

ақпарат

МАМ

Жыл

сайын,

қажет-

тілі-

гіне

қарай

жыл

сайын,

10

жел-

тоқсан

Барлығы:

111,7,

оның

ішінде:

2006 ж.

- 20,0

2007 ж.

- 91,7

Респу-

бли-

калық

бюджет

12

Озат режиссерлардың,

менеджерлердің, сце-

нографтардың, дири-

жерлардың, балетмей-

стерлердің қатысуы-

мен мастер-класстар

өткізу

Бұйрық

Қазақстан

Республи-

касының

Үкіметіне

ақпарат

МАМ

2007

жыл,

қажет-

тілі-

гіне

қарай

жыл

сайын,

10

жел-

тоқсан

2007 ж.

- 10,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

4. Өнерді және дарынды тұлғалардың қызметін дамыту үшін жағдай жасау

13

Қазақстанның шығар-

машылық одақтарымен

бірлесіп, қоғамдық

маңызы бар көркем

шығармаларды жасауға

арналған гранттарды

алуға конкурстар

өткізу

Бұйрық

МАМ

2007-

2008

жыл-

дар,

І

тоқсан

Барлығы:

79,0,

оның

ішінде:

2007 ж.

- 50,0

2008 ж.

- 29,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

14

"Астана-Бәйтерек"

ұлттық конкурсын

өткізу

Бұйрық

МАМ

жыл

сайын,

I

тоқсан

Барлығы:

45,9,

оның

ішінде:

2006 ж.

- 16,0

2007 ж.

- 16,0

2008 ж.

- 13,9

Респу-

бли-

калық

бюджет

15

Қазақстан сазгер-

лерінің қазіргі

заманғы әуендері

фестивалін өткізу

Бұйрық

МАМ

2007

жыл,

ІІI

тоқсан

2007 ж.

- 10,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

16

Дәстүрлі орындаушы-

лардың республика-

лық конкурстарын

өткізу

Бұйрық

МАМ

2006

жыл,

ІV

тоқ-

сан,

2008

жыл,

IV

тоқсан

2006 ж.

- 13,0,

2008 ж.

- 14,3

Респу-

бли-

калық

бюджет

17

"Елім менің" респу-

бликалық патриоттық

әндер конкурсын

өткізу

Бұйрық

МАМ

жыл

сайын,

ІV

тоқсан

Барлығы:

43,5,

оның

ішінде:

2006 ж.

- 16,0

2007 ж.

- 16,0

2008 ж.

- 11,5

Респу-

бли-

калық

бюджет

18

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.11. N 234 Қаулысымен

19

Шығармашылық одақтар

ассамблеясын өткізу

Бұйрық

МАМ

2006

жыл,

ІV

тоқсан

2006 ж.

- 14,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

19-1

Алматы қаласында өнер туындыларының аукционын өткізу

Бұйрық

МАМ

2007

жыл,

ІV

тоқсан

2007 ж.

- 23,1

Респу-

бли-

калық

бюджет

19-2

"Бүгінгі ауыл мәдениетінің жай-күйі мен перспективалары" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция және "Үздік мәдениет қызметкері" атты мәдениет қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі республикалық конкурсын өткізу

Бұйрық

МАМ

2007

жыл,

ІII

тоқсан

2007 ж.

- 6,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

19-3

Қазақстанның драма театрларының республикалық фестивалін өткізу

Бұйрық

МАМ

2007 -

2008

жылдар

2007 ж.

- 14,0,

2008 ж.

- 16,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

19-4

Шетелдік шеберлердің қатысуымен Театр өнері қайраткерлерінің республикалық практикумын өткізу

(Астана қаласы)

Бұйрық

МАМ

2007 -

2008

жылдар

2007 ж.

- 12,8,

2008 ж.

- 7,8

Респу-

бли-

калық

бюджет

19-5

"Опералия" халықаралық фестивалін өткізу

Бұйрық

МАМ

2007

жыл

2007 ж.

- 140,3

Респу-

бли-

калық

бюджет

19-6

Дәстүрлі орындаушылардың Әміре Қашаубаев атындағы республикалық конкурсын өткізу

Бұйрық

МАМ

2007

жыл

2007 ж.

- 13,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

19-7

Жас орындаушылардың

"Жас қанат" респуб-

ликалық конкурсын

өткізу

Бұйрық

МАМ

2007 -

2008

жылдар

Барлығы:

6,7,

оның

ішінде:

2007 ж.

- 3,7

2008 ж.

- 3,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

19-8

Балалар шығармашылығының республикалық конкурстарын өткізу

Бұйрық

МАМ

2007 -

2008

жылдар

Барлығы:

13,2,

оның

ішінде:

2007 ж.

- 6,5

2008 ж.

- 6,7

Респу-

бли-

калық

бюджет

19-9

"Алматы - менің алғашқы махаббатым" фестивалін өткізу

Бұйрық

МАМ

2007

жыл

2007 ж.

- 34,3

Респу-

бли-

калық

бюджет

19-10

Қуыршақ театрларының халықаралық фестивалін өткізу

Бұйрық

МАМ

2007

жыл

2007 ж.

- 6,8

Респу-

бли-

калық

бюджет

5. Халықаралық ынтымақтастық және қазақ өнерінің

үздік жетістіктерінің шет елдердегі тұсаукесері

20

Орталық Азия елде-

рінің Халықаралық

театр фестивалін

өткізу

Бұйрық

МАМ

2006

жыл,

ІІI

тоқ-

сан,

2008

жыл,

ІІI

тоқсан

Барлығы:

60,8,

оның

ішінде:

2006 ж.

- 30,8

2008 ж.

- 30,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

21

"Еуразия" халықара-

лық кинофестивалін

өткізу

Бұйрық

МАМ

жыл сайын

Барлығы:

659,4,

оның

ішінде:

2006 ж. - 159,4,

2007 ж.

- 240,0,

2008 ж.

- 260,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

22

Пианистердің, скрип-

кашылардың, вокалис-

тердің халықаралық

конкурсын өткізу

Бұйрық

МАМ

жыл

сайын,

ІV

тоқсан

Барлығы:

57,0,

оның

ішінде:

2006 ж.

- 24,1

2007 ж.

- 21,9

2008 ж.

- 11,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

23

"Ұлы Дала әуендері"

дәстүрлі орындаушы-

лық өнердің халықа-

ралық фестивалін

өткізу

Бұйрық

МАМ

2006

жыл,

ІV

тоқ-

сан,

2008

жыл,

ІV

тоқсан

Барлығы:

17,4,

оның

ішінде:

2006 ж.

- 10,2

2008 ж.

- 7,4

Респу-

бли-

калық

бюджет

24

Балет әріптестерінің

халықаралық конкур-

сын өткізу

Бұйрық

МАМ

2006

жыл,

ІV

тоқ-

сан,

2008

жыл,

ІV

тоқсан

Барлығы:

26,1,

оның

ішінде:

2006 ж.

- 14,2

2008 ж.

- 11,9

Респу-

бли-

калық

бюджет

25

Қазақстанның жетіс-

тіктерін кәсіптік

көркем ұжымдардың

күшімен шет елдерде

танытуды қамтамасыз

ету

Бұйрық

МАМ

2006-

2008

жыл-

дар,

қажет-

тілі-

гіне

қарай

Барлығы:

194,2,

оның

ішінде:

2006 ж.

- 34,2

2007 ж.

- 50,0

2008 ж.

- 110,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

26

Жетекші шығармашылық

ұжымдарды, солист-

терді, орындаушылар-

ды Қазақстанға

гастрольге шақыруды

ұйымдастыру

Бұйрық

МАМ

2007-

2008

жыл-

дар,

қажет-

тілі-

гіне

қарай

Барлығы:

339,6

оның

ішінде:

2007 ж.

- 188,0

2008 ж.

- 151,6

Респу-

бли-

калық

бюджет

27

Қазақстандық театр

ұжымдарының ірі ха-

лықаралық фестиваль-

дардың жұмысына

қатысуын қамтамасыз

ету

Бұйрық

МАМ

2006-

2008

жыл-

дар,

қажет-

тілі-

гіне

қарай

Барлығы:

181,5

оның

ішінде:

2006 ж.

- 57,5

2007 ж.

- 70,0

2008 ж.

- 54,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

28

Қазақстандық орын-

даушылардың халықа-

ралық конкурстарға

қатысуын және жас

дарындар мен озат

орындаушылардың

әлемнің ең жақсы

залдарында өнер

көрсетулерін

қамтамасыз ету

Бұйрық

МАМ

2006-

2008

жыл-

дар,

қажет-

тілі-

гіне

қарай

Барлығы:

22,8,

оның

ішінде:

2006 ж.

- 5,7

2007 ж.

- 11,4

2008 ж.

- 5,7

Респу-

бли-

калық

бюджет

29

Қазақстандық

кинематографистердің

"А" сыныбындағы ха-

лықаралық кинофести-

вальдар жұмысына қа-

тысуларын қамтамасыз

ету

Бұйрық

МАМ

2006-

2008

жыл-

дар,

қажет-

тілі-

гіне

қарай

Барлығы:

36,6,

оның

ішінде:

2006 ж.

- 13,0

2007 ж.

- 13,6

2008 ж.

- 10,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

30

Таяу және алыс шет

елдерде Қазақстанның

кино күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

(жинақ-

тау)

СІМ

2007

жыл,

қажет-

тілі-

гіне

қарай

2007 ж.

- 10,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

31

Қазақстанда Эрмитаж

және Третьяков гале-

реясы (Ресей Федера-

циясы) қорларының

өнер туындылары көр-

мелерін ұйымдастыру

Бұйрық

МАМ

(жинақ-

тау)

СІМ

жыл

сайын,

ІІ

тоқсан

Барлығы:

48,0,

оның

ішінде:

2006 ж.

- 14,9

2007 ж.

- 20,0

2008 ж.

- 13,1

Респу-

бли-

калық

бюджет

32

Ә.Қастеев атындағы

Мемлекеттік өнер

мұражайы, Қазақстан

Республикасы Прези-

дентінің мәдениет

орталығы, Қазақстан

Республикасы мемле-

кеттік орталық мұра-

жайы қорындағы өнер

туындыларының көрме-

лерін, сондай-ақ

республиканың озат

суретшілерінің көр-

мелерін таяу және

алыс шет елдерде

ұйымдастыру

Бұйрық

МАМ

(жинақ-

тау)

СІМ

2007-

2008

жыл-

дар,

ІІІ

тоқсан

Барлығы:

70,0,

оның

ішінде:

2007 ж.

- 20,0

2008 ж.

- 50,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

33

Александрия кітап-

ханасында (Каир,

Египет Араб Респуб-

ликасы) Қазақстан

Республикалық Ұлттық

кітапханасының кі-

тапхана қорларынан

көрмелер ұйымдастыру

Бұйрық

МАМ

2007

жыл,

ІІІ

тоқсан

2007 ж.

- 12,7

Респу-

бли-

калық

бюджет

34

Қытай Халық Респу-

бликасының Ұлттық

кітапханасында

Қазақстан мәдение-

тінің орталығын құру

Қазақстан

Республи-

касының

Үкіметіне

ақпарат

МАМ

2006

жыл,

10

жел-

тоқсан

Барлығы:

7,5,

оның

ішінде:

2006 ж.

- 3,5

2007 ж.

- 4,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

34-1

Қазақстанның Қытайдағы Мәдениет күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2007

жыл

2007 ж.

- 10,7

Респу-

бли-

калық

бюджет

34-2

Қазақстанның Өзбекстандағы Мәдениет күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2007

жыл

2007 ж.

- 14,2

Респу-

бли-

калық

бюджет

34-3

Тәжікстанның Қазақстандағы Мәдениет күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2007 жыл

2007 ж.

- 10,8

Респу-

бли-

калық

бюджет

34-4

Қазақстанның Украинадағы Мәдениет күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2007 жыл

2007 ж.

- 56,8

Респу-

бли-

калық

бюджет

34-5

Қазақстанның

Моңғолиядағы

Мәдениет

күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2008

жыл

2008 ж. -

24,9

Респу-

бли-

калық

бюджет

34-6

Қазақстанның

Тәжікстандағы

Мәдениет

күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2008

жыл

2008ж.

- 6,

Респу-

бли-

калық

бюджет

34-7

Украинаның

Қазақстандағы

Мәдениет

күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2008

жыл

2008ж.

- 82,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

34-8

Иорданияның

Қазақстандағы

Мәдениет

күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2008

жыл

2008ж.

- 10,6

Респу-

бли-

калық

бюджет

34-9

Египеттің

Қазақстандағы

Мәдениет

күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2008

жыл

2008ж.

- 17,2

Респу-

бли-

калық

бюджет

34-10

Катардың

Қазақстандағы

Мәдениет

күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2008

жыл

2008ж.

- 10,6

Респу-

бли-

калық

бюджет

34-11

Өлгей қаласында

(Монғолия)

Қазақстан

мәдениетінің

орталығын құру

Қазақ-

стан

Респу-

блика-

сының

Үкіме-

тіне

ақпа-

рат

МАМ

2008

жыл

2008ж.

- 30,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

35

Республикалық бағы-

ныстағы мәдениет

объектілерінің ғима-

раттарын күрделі

жөндеуден өткізу

Қазақстан

Республи-

касының

Үкіметіне

ақпарат

МАМ

жыл

сайын,

10

жел-

тоқсан

Барлығы:

3077,2,

оның

ішінде:

2006 ж.

- 752,7

2007 ж.

- 1100,0

2008 ж.

- 1224,5

Респу-

бли-

калық

бюджет

36

Республикалық

мұражайлардың және

мұражай-қорықтардың

қорларын қазіргі

заманғы техникалық

жабдықтармен

жарақтандыру

Қазақстан

Республи-

касының

Үкіметіне

ақпарат

МАМ

2007-

2008

жыл-

дар,

10

жел-

тоқсан

Барлығы:

9,5,

оның

ішінде:

2007 ж.

- 8,1

2008 ж.

- 1,4

Респу-

бли-

калық

бюджет

7. Саланы ақпараттық қамтамасыз ету

37

"Қазақстан мұра-

жайлары" - "Музеи

Казахстана" журна-

лының шығуын жолға

қою

Қазақстан

Республи-

касының

Үкіметіне

ақпарат

МАМ

жыл

сайын,

10

жел-

тоқсан

2006 ж.

- 5,0

Респу-

бли-

калық

бюджет

38

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.11. N 234 Қаулысымен

39

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған "РБНСГ-Вести" газетінің рельефтік-нүктелік және жалпақ баспа қаріптерімен шығарылуын жолға қою

Қазақстан

Республи-

касының

Үкіметіне

ақпарат

МАМ

2007

жыл,

ІІ

тоқсан

Барлығы:

1,5


Респу-

бли-

калық

бюджет

40

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.11. N 234 Қаулысымен

41

Мыналарды:

Алматы қаласындағы

Қазақстан Республи-

касының Ұлттық

кітапханасында

"ҚазМАРК" ұлттық

коммуникативті

форматын;

Алматы қаласындағы

Қазақстан Республи-

касының Ұлттық кі-

тапханасында Кітап-

ханааралық абонемент

және электрондық

құжаттарды жеткізу

орталығын құру

туралы ұсыныс енгізу

Қазақстан

Республи-

касының

Үкіметіне

ұсыныстар

МАМ

2006

жыл,

І

тоқсан

Талап

етіл-

мейді



Республикалық

бюджеттен жиыны




Барлығы:

6954,5,

оның

ішінде:

2006 ж.

- 1503,0

2007 ж.

- 2831,8

2008 ж.

- 2619,7



      2007-2008 жылдарға арналған шығыстар көлемі тиісті қаржы

      жылына сәйкес "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан

      Республикасының Заңымен анықталатын (нақтыланатын) болады.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

      МАМ - Мәдениет және ақпарат министрлігі

      СІМ - Сыртқы істер министрлігі

      АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Еңбекмині - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      Әділетмині - Әділет министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады