"Қазаэронавигация" әуе жүрiсiн басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудiң жер үстiндегі құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану жөнiндегі республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының кейбiр мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 1285 Қаулысы

      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Қазаэронавигация" әуе жүрiсiн басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудiң жер үстiндегi құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану жөнiндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорнының шаруашылық жүргiзуiндегi Алматы қаласы, Б.Майлин көшесi, 38 А мекен-жайында орналасқан, жалпы алаңы 1148 шаршы метр әкiмшiлiк ғимаратының үй-жайларын "Азаматтық авиация медициналық орталығы" еншiлес мемлекеттік кәсiпорнына мүлiктiк жалға берудi қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады