Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне және "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi бойынша:
көрсетiлген қаулыға 38-қосымшада :
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 16-жолының 5-бағанында "көлiк құралдары" деген сөздерден кейiн ", ұшақтардың тағайындалған қызмет мерзiмiн ұзарту жөнiндегi қызмет" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы