Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін дамытуды субсидиялаудың 2007 жылға арналған ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 ақпандағы N 113 Қаулысы

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін дамытуды субсидиялаудың 2007 жылға арналған ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 15 ақпандағы 
N 113 қаулысымен   
бекітілген      

  Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін дамытуды субсидиялаудың 2007 жылға арналған ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін дамытуды субсидиялаудың 2007 жылға арналған ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Агроөнеркәсіптік кешенді және  ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі, "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2006 жылғы 8 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының халықаралық стандарттар базасында сапа менеджменті мен өнім қауіпсіздігі жүйелерін әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін белгілейді.

      2. Субсидиялау 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау" республикалық бюджеттік бағдарламасының (бұдан әрі - бағдарлама) 111 "Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" кіші бағдарламасы бойынша көзделген қаражат (бұдан әрі - қаражат) есебінен жүзеге асырылады.

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      бағдарламаның әкімшісі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      тапсырыс беруші - халықаралық стандарттар базасындағы сапа менеджменті мен өнім қауіпсіздігі жүйелерін әзірлеу, енгізу және сертификаттау сатысында болатын агроөнеркәсіптік кешен субъектісі;
      консультант - халықаралық стандарттар базасында сапа менеджменті мен өнім қауіпсіздігі жүйелерін әзірлеу, енгізу және олардың сәйкестігін одан әрі растау жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
      сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
      сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, қызметтердің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім;
      тапсырыс берушілер - қатысушылар бағдарламаны іске асыруға қатысатын тапсырыс берушілер;
      іріктеу - бағдарламаны іске асыруға және олардың арасында бағдарламада көзделген бюджеттік субсидияларды бөлуге қатысатын тапсырыс берушілер-қатысушыларды анықтау.

  2. Агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының халықаралық стандарттар базасында сапа менеджменті мен өнім қауіпсіздігі жүйелерін әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау тәртібі

      4. Агроөнеркәсіптік кешен салаларының кәсіпорындары халықаралық стандарттар базасында сапа менеджменті мен өнім қауіпсіздігі жүйелерін әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жұмыстардың құнын субсидиялау жөніндегі қаражатты бөлу үшін бағдарламаның әкімшісі тапсырыс берушілер арасында іріктеу жүргізеді.

      5. Республикалық бюджеттен төленетін қаражат сомасы халықаралық стандарттар базасында сапа менеджменті мен өнім қауіпсіздігі жүйелерін әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жобаның барлық құнынан тапсырыс беруші шығынының 50%-ынан аспайды, бірақ бір тапсырыс берушіге 2000000 (екі миллион) теңгеден аспайды.

      6. Бағдарламаны іске асыруға қатысатын тапсырыс берушілерді іріктеуді жүргізу үшін бағдарламаның әкімшісі:
      1) құрамында комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы бар комиссияны құрады. Комиссияның сандық құрамы тақ сан болуы және бес адамнан кем болмауы тиіс;
      2) облыстар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы департаменттері (басқармалары), Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармалары (бөлімдері) ұсынған тізім бойынша барлық тапсырыс берушілерге шақыру жолдайды.

      7. Бағдарламаның әкімшісі бағдарламаны іске асыруға қатысатын және мынадай өлшемдерге жауап беретін тапсырыс берушілерді іріктеуді жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының резиденті (жарғылық капиталының 51 пайызы және одан жоғарысы қазақстандық заңды және жеке тұлғаларға тиесілі);
      2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер берешегінің болмауы.

      8. Консультантқа қойылатын талаптар:
      1) тапсырыс берушімен шарт жасасқан күнге халықаралық стандарттар базасында сапа менеджменті мен өнім қауіпсіздігі жүйелерін әзірлеу, енгізу бойынша кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі;
      2) кемінде екі аяқталған жобаға қатысуы;
      3) штатында тиісті дипломдары, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапа менеджменті жүйелері бойынша семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттары және халықаралық стандарттар базасында сапа менеджменті мен өнім қауіпсіздігі жүйелерін әзірлеу және енгізу жөнінде жұмыс тәжірибесі бар халықаралық стандарттар базасында сапа менеджменті мен өнім қауіпсіздігі жүйелерін әзірлеу, енгізу және олардың сәйкестігін одан әрі растау саласындағы білікті мамандардың болуы.

      9. Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тапсырыс берушілер осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе өтінімге қол қою құқығына тиісті түрде ресімделген сенімхаты бар тұлға қол қойған, тапсырыс берушінің мөрі басылған, жабық конвертке салынған өтінімді комиссияға ұсынады.

      10. Тапсырыс беруші өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналарды қоса береді:
      1) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан асатын мерзімге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер берешегінің болмауы немесе болуы туралы тиісті салық органының бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, тиісті салық органының мөрі басылған белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      3) консультантпен халықаралық сапа стандарттары базасында менеджмент және өнім қауіпсіздігі жүйелерін әзірлеу, енгізу және олардың сәйкестігін одан әрі растауға дайындау жөнінде консалтингтік (консультациялық) қызметтер көрсетуге арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) тапсырыс беруші мен сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы сертификаттауды жүргізу туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      5) егер өтінімге тапсырыс берушінің бірінші басшысының қолы қойылмаған жағдайда, өтінімге қол қою құқығына арналған сенімхат;
      6) консультантпен бірлесіп әзірленген мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс техникалық тапсырма:
      консультант шешуі тиіс проблеманың қысқаша сипаттамасы;
      проблеманы шешуге бағытталған жобаның сипаттамасы;
      жұмыстардың кезеңдері мен түрлерінің атауы;
      жобаның жалпы құны;
      төлем шарттары;
      жоба бойынша жұмыстардың басталған және аяқталған күні;
      7) тапсырыс беруші мен консультантты мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      8) консультант туралы қысқаша ақпарат (компанияның даму тарихы, компания қызметінің негізгі бағыттары, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапа менеджменті жүйелерін әзірлеу, енгізу бойынша іске асырылған жобалар жөніндегі ақпарат, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындармен сапа менеджменті жүйелерін әзірлеу, енгізу бойынша жұмыс тәжірибесі);
      9) сапа менеджменті жүйелерін енгізуді және оның халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін одан әрі растауды жүзеге асырған консультанттың клиенттері туралы ақпарат (мекен-жайы, байланыс телефондары, е-maіl);
      10) консалтингтік қызметтер көрсететін консультанттардың негізгі қызметкерлерінің түйіндемесі (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, білімі, кәсіби тәжірибесі, іске асырылған жобаларға қатысуы және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапа менеджменті жүйелері бойынша семинарларды, курстарды бітіргені туралы тиісті дипломдардың, сертификаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері қоса берілген байланыс ақпараты).

      11. Өтінім және қоса берілетін барлық құжаттар бір пакетке тігілуі, нөмірленуі тиіс, соңғы бетінің келесі жағындағы жіптің ұшы "___парақ тігілді және нөмірленді. Күні 2007 жылғы "____"_________" деген сөздер жазылған қағаз парақпен желімделуі, тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасының қолы қойылуы және тапсырыс берушінің мөрімен бекітілуі тиіс. Конвертте тігілмеген жекелеген құжаттар болған кезде мұндай құжаттарды комиссия қарамайды және тапсырыс берушіге қайтарылады.

      12. Өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі бойынша 5 (бес) күн ішінде өтінім салынған конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оған комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды.

      13. Комиссия өтінімдер салынған конверттерді ашқан күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жекелеген отырыста тапсырыс берушілердің өтінімдерін олардың толықтығы мен осы Ереженің талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды.

      14. Осы Ереженің талаптарына толығымен сәйкес келетін тапсырыс берушілер комиссияның шешімімен тапсырыс берушілер-қатысушылар болып белгіленеді.

      15. Шығындарды субсидиялау үшін әрбір тапсырыс беруші-қатысушыға бөлінетін қаражат көлемінің үлесін комиссия халықаралық сапа стандарттары мен өнім қауіпсіздігін әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жобаның барлық құнынан тапсырыс беруші шығындарының сомаларына тікелей бара-бар түрде белгілейді.

      16. Комиссия отырысында ұсынылған құжаттарды қарау және өтінімдерді бағалау хаттамасы (бұдан әрі - комиссия отырысының хаттамасы) жүргізіледі. Комиссия шешімінің нәтижелері комиссия отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс, онда тапсырыс берушілер-қатысушылардың атауы, орналасқан жері, тапсырыс берушілер-қатысушылар айқындалған өлшемдер, тапсырыс берушілер-қатысушыларға бөлінетін субсидиялардың көлемі,
сондай-ақ өтінімдердің қабылданбау себептері көрсетіле отырып, белгіленген талаптарға жауап бермейтін тапсырыс берушілердің атауы көрсетіледі.

      17. Комиссия отырысының хаттамасы отырыс өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімделеді, оған комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды. Комиссия шешімі барлық тапсырыс берушілер-қатысушыларға жазбаша хабарланады.

      18. Тапсырыс берушілер-қатысушыларды хабарландырған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде бағдарлама әкімшісі мен тапсырыс беруші-қатысушы арасында қаражат аудару тәртібі мен талаптарын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де талаптарды көздейтін шарт
жасалады.

      19. Халықаралық стандарттар базасында сапа менеджменті мен өнім қауіпсіздігі жүйелерін әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жұмыс 2007 жылғы 1 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс.

      20. Бағдарламаның әкімшісі тапсырыс беруші-қатысушының шотына субсидия сомасын олар мынадай растайтын құжаттарды:
      1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық стандарттар базасында сапа менеджменті мен өнім қауіпсіздігі жүйелерін әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға жұмсалған шығындарды субсидиялауға арналған өтінімді;
      2) консультант пен тапсырыс беруші-қатысушы қол қойған орындалған жұмыстар актілерінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
      3) сәйкестікті растау жөніндегі орган мен тапсырыс беруші-қатысушы қол қойған сертификаттау жөніндегі орындалған жұмыстар актілерінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
      4) консультант пен сәйкестікті растау жөніндегі органның қызметтеріне тапсырыс беруші-қатысушының ақы төлегені туралы төлем тапсырмалары мен шот-фактуралардың тапсырыс беруші-қатысушының мөрі мен қолы қойылған көшірмелерін;
      5) сапа сертификатының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынған кезде аударады.

      21. Осы Ереженің 20-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырыс беруші-қатысушы бағдарлама әкімшісіне 2007 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынады.

      22. Тапсырыс берушілер-қатысушыларға субсидияларды төлеу үшін бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшелеріне төлеуге арналған шоттардың тізілімін екі данада және төлеуге арналған шотты ұсынады.

      23. Іріктеуді жүргізу кезінде қаражат толық бөлінбей қалған жағдайда, сондай-ақ тапсырыс берушілер-қатысушылар бөлінетін субсидиядан бас тартқан жағдайда, бағдарламаның әкімшісі іріктеудің жүргізілетін күні мен орнын бекіте отырып, қайта іріктеу жүргізеді.

      24. Тапсырыс берушілер-қатысушылар субсидияларды төлеу үшін ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы қаражатты орынсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      25. Бағдарламаның әкімшісі өз құзыретінің шегінде қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдаланылуы үшін жауапты болады.

                                   Ауыл шаруашылығы өнімдері                                     өндірісін басқару жүйелерін    дамытуды субсидиялаудың     
2007 жылға арналған ережесіне  
1-қосымша          

Өтінім
______________________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы)

      006 "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау"
бюджеттік бағдарламасының 111 "Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін
басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" кіші бағдарламасын іске
асыруға қатысуға ниет білдіреді.
      1. Бағдарламаны іске асыруға қатысушы туралы мәліметтер
Толық атауы ______________________________________________________;
Заңды мекен-жайы _________________________________________________;
Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефондары, факсы,
электрондық мекен-жайы ___________________________________________;
Жарғылық капиталының мөлшері млн. теңге.__________________________;
Меншік капиталының мөлшері млн. теңге_____________________________;
Құрылтайшылар ____________________________________________________;
Банктік деректемелері ____________________________________________;
Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары____________;
Негізгі қызметінің түрі___________________________________________;
Жылдық айналымы, сомасы___________________________________________;
Қызметкерлердің іс жүзіндегі саны_________________________________;
      2. Консультанттың қысқаша сипаттамасы
Толық атауы_______________________________________________________;
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарда
сапа менеджменті жүйелерін әзірлеу, енгізу жөніндегі жұмыс
тәжірибесі________________________________________________________;
Сертификат алған кәсіпорындардың саны_____________________________;
Заңды мекен жайы__________________________________________________;
Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефондары, факсы, электрондық
мекен-жайы________________________________________________________;
Құрылтайшылар_____________________________________________________;
Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй
телефондары_______________________________________________________;
Қызметкерлердің саны______________________________________________;
      3. Жобаның қысқаша сипаттамасы
Жобаның жалпы құны________________________________________________;
төлем шарттары____________________________________________________;
жоба бойынша жұмыстардың басталған және аяқталған күні____________; 

Р/с
N

Жұмыстардың кезеңдері мен түрлерінің атауы

Құны

Жұмыстардың басталған және аяқталған күні

Оның ішінде орындалған жұмыстардың актісі ұсынылды

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

      1. Жобаны іске асырудан жоспарланған нәтижелер__________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
 
Басшы______________________________(Т.А.Ә.)
     (лауазымы)           (қолы)
М. О.                                        (күні)

      Ауыл шаруашылығы өнімдері  
өндірісін басқару жүйелерін  
дамытуды субсидиялаудың    
2007 жылға арналған ережесіне 
2-қосымша          

Тапсырыс беруші-қатысушының есеп-шотына республикалық бюджеттен қаражат аударуға арналған
өтінім

Күні 2007 ж. ______ ___________

      Осымен тапсырыс беруші-қатысушы ____________________________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 200 __жылғы
_____ _________________ N___ халықаралық стандарттар базасында сапа
менеджменті мен өнім қауіпсіздігі жүйелерін әзірлеу, енгізу және
сертификаттау жөніндегі шығындардың өтемақысын төлеу туралы шартқа
сәйкес 006 "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау"
республикалық бюджеттік бағдарламасының 111 "Ауыл шаруашылығы
өнімдері өндірісін басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" кіші
бағдарламасы бойынша тапсырыс берушінің N _____ шотына республикалық
бюджеттен __________ теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды.

      Басшы                                         _______________ 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады