"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына , "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне Г.К. Бiташеваның пайдасына шығарылған Атырау қалалық сотының 2001 жылғы 10 шiлдедегi шешiмiн және Атырау қалалық сотының 2003 жылғы 29 қаңтардағы ұйғарымын орындау үшiн 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң соттар шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған резервiнен 500000 (бес жүз мың) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі