Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
"Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 206-құжат; 2006 ж., N 10, 88-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған өкіммен белгіленген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына Сапарбаев Бердібек Машбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Комиссия мүшесі болып енгізілсін;
көрсетілген Комиссияның құрамынан Б.Т.Сұлтанов шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті