"Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 242 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
      1. "Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 56, 620-құжат; 2002 ж., N 6, 36-құжат; 2003 ж., N 34, 332-құжат; 2006 ж., N 48, 507-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Мәсімов                   - Қазақстан Республикасының Премьер-
      Кәрім Қажымқанұлы           Министрі, төраға,

      Оразбақов                 - Қазақстан Республикасының
      Ғалым Ізбасарұлы            Индустрия және сауда министрі,

      Жүнісов                   - "Астана қаласының Сәулет және қала
      Сәрсембек Ендібайұлы        құрылысы департаменті"
                                  мемлекеттік мекемесінің
                                  директоры;

      "Досмағамбетов            - "Астанабасжоспар" мемлекеттік
      Баир Фарденұлы              коммуналдық кәсіпорнының
                                  директоры"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Досмағамбетов            - "Астана қаласы бас жоспарының
      Баир Фарденұлы              ғылыми-зерттеу жобалау институты"
                                  мемлекеттік коммуналдық
                                  кәсіпорнының директоры";

      аталған Комиссияның құрамынан Д.К.Ахметов, В.С.Школьник шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады