Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145 және 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 294 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 7, 73-құжат):
      1-тармақта:
      "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" деген сөздерден кейін ", "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      Акционерлік қоғамдар»деген 2-бөлімде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 66-2-жолмен толықтырылсын:
      "66-2.»"ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерліқ қоғамы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады