"Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі N 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 296 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі№ N 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобаcы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі N 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1.«"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі N 1560  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 17, 199-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі туралы ереже осы Жарлыққа  1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің құрамы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2007 жылғы "___"____________
N______ Жарлығына    
1-ҚОСЫМША        

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2005 жылғы 23 сәуірдегі   
N 1560 Жарлығымен     
БЕКІТІЛГЕН        

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Кәсіпкерлер   кеңесі туралы
ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер
кеңесі (бұдан әрі-Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлікті дамыту және оны тиімді мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
      4. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі (бұдан әрі - Кеңестің жұмыс органы) болып табылады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері

      5. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға, нарықтық экономиканы дамытуды ынталандыратын жағдай жасауға бағытталған ұсыныстар әзірлеу;
      2) Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін іскер топтарды, кәсіпкерлік қауымдастықтар мен одақтарды шоғырландыру;
      3) кәсіпкерлік саласындағы маңызды мемлекеттік проблемаларды шешу үшін ұсынымдар дайындау;
      4) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.

3. Кеңестің құқықтары

      6. Кеңестің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде:
      1) кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға байланысты мәселелер жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
      2) консультациялар өткізуге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және алуға;
      3) проблемалық мәселелерді талқылауға қатысу үшін кәсіпкерлерді, мамандарды, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқығы бар.

4. Кеңестің құрамы және қызметін   ұйымдастыру

      7. Кеңестің құрамы мемлекеттік органдар, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері мен шаруашылық жүргізуші субъектілер өкілдерінің қатарынан қалыптасады.
      8. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңестің төрағасы болып табылады.
      9. Кеңестің тұрақты мүшелері лауазымы бойынша мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы.
      10. Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де лауазымды адамдары кіре алады.
      11. Кеңестің дербес құрамын Кеңестің жұмыс органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      12. Кеңестің жалпы отырыстары кемінде жылына бір рет өткізіледі.
      13.Кеңестің жалпы отырыстарының арасындағы кезеңде Кеңес төрағасы орынбасарының төрағалық етуімен кеңестің аралық отырыстары өткізіледі.
      Аралық отырыстарда Кеңестің соңғы жалпы отырысының қорытындылары, Кеңестің жұмыс тобы қызметінің нәтижелері, Кеңестің келесі жалпы отырысына дайындық, ағымдағы проблемалар мен өзге де мәселелер талқыланады.
      14. Кеңестің кезектен тыс отырысы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша шақырылады.
      15. Кеңес мүшелері оның отырысына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
      16. Кеңес шешімі отырысқа қатысушы Кеңес мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілдік дауысымен қабылданады. Талқыланған мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
      17. Кеңес мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.
      18. Кеңестің жалпы және аралық отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады.

5. Кеңестің жұмыс органы

      19. Кеңестің жұмыс органы:
      1) Кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      2) Кеңес мүшелерінің, Кеңестің жұмыс тобының ұсыныстары мен олар бұрын қабылдаған шешімдер негізінде отырыстың күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;
      3) Кеңестің және оның жұмыс тобының хаттамалық шешімдерінің орындалу мониторингін жүзеге асырады;
      4) Кеңес мүшелерін Кеңестің кезекті отырысының орны, өткізілу уақыты мен күн тәртібі туралы хабардар етеді және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
      5) Кеңестің шешімдері бекітілген күннен бастап екі апта ішінде Кеңес мүшелеріне және басқа да мүдделі адамдарға хаттама көшірмесін және өзге де қажетті материалдарды жібереді;
      6) Кеңестің құрамы бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар қалыптастырады.

6. Кеңеске мүшелікке кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері мен шаруашылық жүргізуші субъектілер өкілдерінің өтінімдерін беру және қарау тәртібі

      20. Кеңестің құрамына қабылдау үшін кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өкілдері осы Ережеге қосымшада белгіленген нысан бойынша өтінім береді.
      21. Кеңес мүшелігіне қабылдау үшін негізгі өлшемдер мыналар болып табылады:
      1) кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестігі мен шаруашылық жүргізуші субъектінің тәжірибесі әрі іскерлік беделі;
      2) Қазақстан Республикасында демеушілік және қайырымдылық
қызметке қатысу;
      3) Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған мемлекет бағдарламаларына қатысу;
      4) экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіптік секторды индустрияландыру, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға қатысу;
      5) кәсіпкерлік саласында семинарлар, консультациялар, сараптамалар ұйымдастыруғу және өткізуге қатысу.
      22. Өтінімдерді олардың келіп түсу кезектілігінің тәртібімен Кеңестің жұмыс органы қарайды және осы Ереженің 21-тармағында белгіленген өлшемдерді қанағаттандырған жағдайда тиісті шешім қабылданады.

7. Кеңестің жұмыс тобы

      23. Кеңестің шешімімен өздерінің алдына қойылған міндеттерін іске асыру мақсатында Кеңестің жұмыс тобы құрылады.
      24. Жұмыс тобының құрамы Кеңестің жалпы отырысында бекітіледі.
      25. Кеңестің жұмыс тобының қызметін басқаруды оның төрағасы жүзеге асырады.
      Кеңестің жұмыс тобының төрағасы министрлік немесе ведомство басшысының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі лауазымды    тұлға   бола алады.
      26. Кеңестің жұмыс тобының іс-шаралар жоспарын жұмыс тобының
төрағасы бекітеді.
      27. Кеңестің жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың,
кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өкілдері кіре алады.
      28. Кеңестің жұмыс тобының жұмысына қатысу ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырылады.

Ережеге қосымша

Кеңестің құрамына қабылдау үшін
өтінім

      1. Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестігінің немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы:______________________________________
      2. Заңды мекен-жайы:________________________________________
__________________________________________________________________
      3. Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестігінің/шаруашылық жүргізуші субъектінің Ереженің 22-тармағында көзделген өлшемдерге сәйкестігін растайтын ақпарат пен материалдар.
      4. Қызметкерлер саны:_______________________________________
      5. Үміткердің Т.А.Ә.:_______________________________________
      6. Лауазымы: _______________________________________________
      7. Кәсіби қызметі:__________________________________________
      8. Ұйымдағы жұмыс мерзімі:_________________________________

Күні______________
 
  Қолы______________
 
  М.О.             

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2007 жылғы "___"____________
N______ Жарлығына    
2-ҚОСЫМША        

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2005 жылғы 23 сәуірдегі   
N 1560 Жарлығымен     
БЕКІТІЛГЕН       

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы   Кәсіпкерлер кеңесінің құрамы

Назарбаев              - Қазақстан Республикасының Президенті,төраға
Нұрсұлтан Әбішұлы

Мәсімов                - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Кәрім Қажымқанұлы        төрағаның орынбасары 

Школьник               - Қазақстан Республикасы Президентінің
Владимир Сергеевич       Әкімшілігі Басшысының орынбасары 

Мусин                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Аслан Есболайұлы         орынбасары - Экономика және бюджеттік
                         жоспарлау министрі

Балиева                - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Зағипа Яхияқызы

Қарақұсова             - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлжан Жанпейісқызы      халықты әлеуметтік қорғау министрі

Коржова                - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Наталья Артемовна

Оразбақов              - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Ғалым Ізбасарұлы         сауда министрі 

Түймебаев              - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Жансейіт Қансейітұлы     министрі

Сағынтаев              - Қазақстан Республикасы Табиғи
Бақытжан Әбдірұды        монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы

Бишімбаев              - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Қуандық Уәлиханұлы       сауда вице-министрі

Мыңбаев                - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Сауат Мұхаметбайұлы      жөніндегі қазақстандық холдингі"
                         акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы

Келімбетов«            - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік
Қайрат Нематұлы          қоғамы басқармасының төрағасы 

Аханов                 - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы
Серік Ахметжанұлы        кеңесінің төрағасы

Баталов                - Қазақстан кәсіпкерлері форумы кеңесінің
Райымбек Әнуарұлы        төрағасы

Бәйкенов               - Инжинирингтік компаниялар одағы кеңесінің
Қадыр Қарқабатұлы        төрағасы -»"Қазақстан Республикасы жұмыс
                         берушілер (кәсіпкерлер) конфедерациясы"
                         заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының
                         төрағасы

Беклемишев             - "Белкамит" бірлескен кәсіпорны" 
Павел Иннокентьевич      акционерлік қоғамының президенті

Дворецкий              - Қайталама металлургия өнеркәсіпшілері
Владимир Яковлевич       республикалық одағының төрағасы 

Дүйсембаев             - "Бизнес"»қауымдастығы"»қоғамдық
Бақытриза Күлікбайұлы    бірлестігінің президенті

Жүсіпов                - Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының
Шалқар Аманғосұлы        қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы

Ыдырысов               - "Ордабасы" корпорациясы" акционерлік қоғамы
Дінмұхамед Аппасұлы      директорлар кеңесінің төрағасы  

Мәжібаев               - "РесмиГруппЛтд"»президенті
Қайрат Қуанышбайұлы

Мәндиев                - "Азия - Авто" акционерлік қоғамының
Ержан Оразбекұлы         президенті

Мещеряков              - Қазақстан астық өңдеушілері мен нан
Николай Ильич            пісірушілері одағы құрылтайшылар кеңесінің
                         төрағасы -»"Цесна-Астық" концерні"
                         жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
                         басқармасының төрағасы

Мырзахметов            - "Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп
Абылай Исабекұлы         палаталары одағы" заңды тұлғалар
                         бірлестігінің президенті    

Перуашев               - "Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері мен
Азат Тұрлыбекұлы         жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы"
                         заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының
                         төрағасы

Попелюшко              - Қазақстан тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі
Анатолий Висханович      тауар өндірушілер одағының президенті  

Пішембаев              - Қазақстан машина жасаушылар басқармасының
Мейрам Құдайбергенұлы    төрағасы

Радостовец             - Қазақстан Республикасы тауар өндірушілер
Николай Владимирович     мен экспорттаушылар одағының президенті -
                         Қазақстанның тау-кен өндіру және тау-кен-
                         металлургия кәсіпорындары республикалық
                         қауымдастығының атқарушы директоры

Рақымбаев              - Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының
Айдын Жұмаділұлы         вице-президенті - "БилдИнвестментсГрупп"
                         акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің
                         төрағасы

Розинов                - "Иволга-холдинг" жауапкершілігі шектеулі
Василий Самойлович       серіктестігінің бас директоры, Қазақстан
                         астық одағының мүшесі, Қостанай облыстық
                         кәсіпкерлер қауымдастығы үйлестіру
                         кеңесінің төрағасы 

Смағұлов               - "Астана Моторс" Қазақ мотор компаниясының
Нұрлан Еркебұланұлы      президенті

Смайылов               - "Ақмола құрылыс материалдары" акционерлік
Бауыржан Амангелдіұлы    қоғамының бас директоры, Қазақстан құрылыс
                         салушылар қауымдастығының мүшесі 

Сұлтанов«              - Қазақстанның "ФармМедИндустриясы"
Серік Егелұлы            қауымдастығының бас директоры 

Тілеубаев              - Қазақстан астық одағының президенті
Нұрлан Сақтапбергенұлы

Худова                 - Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібі
Любовь Николаевна        қауымдастығының президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады