Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 322 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы N 1061 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы N 1061 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 429 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 11, 109-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларында:
      "Кәсіпшілік және ғылыми мақсаттарда" деген 1-бөлімнің "Төлем ставкалары, бір килограмм үшін теңгемен" деген бағанында:
      реттік нөмірі 2-жолдағы "30" деген сандар "0" деген санмен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 8-жолдағы "25" деген сандар "0" деген санмен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 24-жолдағы "10" деген сандар "0" деген санмен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 27-жолдағы "5" деген сан "0" деген санмен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады