Қазақстандық арқарларды алу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 345 Қаулысы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының»" Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы " 2004 жылғы 9 шілдедегі,»" 2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы " 2006 жылғы 8 желтоқсандағы заңдарына және»"Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданынан 2 (екі) бас санында қазақстандық арқарды Токио қаласының (Жапония) "Тама" хайуанаттар паркінде арнайы жасалған жағдайларда өсіру үшін алуға рұқсат етілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
      1) "Охотзоопром" өндірістік бірлестігі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына белгіленген тәртіппен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағынан 2 (екі) қазақстандық арқарды алуға рұқсат берсін;
      2) қазақстандық арқарларды табиғи ортадан алу жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. 2 (екі) қазақстандық арқарды алуға жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін әр басына 900000 (тоғыз жүз мың) теңге мөлшерінде төлемақы ставкасы белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасындағы - СИТЕС әкімшілік органы қазақстандық арқарлардың 2 (екі) басын Қазақстан Республикасынан алып кету кезінде Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция рәсімінің сақталуын қамтамасыз етсін.

      5. Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2 (екі) қазақстандық арқарды алуға және оларды жапон тарапына беру үшін тасымалдарға 5982200 (бес миллион тоғыз жүз сексен екі мың екі жүз) теңге сомасында қаражат бөлсін;
      2) бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қазақстандық арқарларды сыртқа әкетуді және беруді қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсін.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады