Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 және 2006 жылғы 23 қазандағы N 1016 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 364 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылар назарына: Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

       1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 4, 56-құжат):
      тақырыптағы және 1-тармақтағы "және құмар ойын бизнесіне" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      тақырыптағы»"және құмар ойын бизнесіне" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Өндірілетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары" деген бағанның тақырыбындағы "және құмар ойын бизнесіне" деген сөздер алынып тасталсын;
      мына:
      "Құмар ойын бизнесі  ойын үстелі      300-1400 АЕК
      (лотереядан басқа)   бір ойыншы         20-70 АЕК
                           ойнауға арналған
                           ақшалай ұтысты
                           ойын автоматы
                           бірнеше ойын-      70-100 АЕК
                           шының қатысуымен
                           ойын өткізуге
                           ақшалай ұтысы бар
                           ойын автоматы
                           (электронды рулет-
                           каны қоспағанда);
                           тотализатор         160-400 АЕК
                           кассасы
                           букмекер            40-200 АЕК
                           кеңсесінің кассасы
                           электронды          70-150 АЕК
                           рулетка                              "

      деген жол алынып тасталсын;

      2) "Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы N 1016 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 39, 434-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерінде* реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 13-жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады