Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 435 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1.«"Сырдария" бассейндік су шаруашылығы бірлестігі сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы мемлекетаралық су шаруашылығы объектілерін бірлесіп ұстау жөніндегі жұмыстарды беруші мен қызметтерді көрсетуші болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) жасалатын шартты 2007 жылға арналған республикалық
бюджетте 034»"Су берумен байланысы жоқ республикалық су шаруашылығы
объектілерін пайдалану" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде қаржыландыруды;
      3) осы қаулыға сәйкес қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін
пайдаланылатын қаражаттың оңтайлы және тиімді жұмсалу қағидатын
сақтауды;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады