Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қарашадағы № 1460 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 161 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2015 № 161 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қоса беріліп отырған:
      1) адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі;
      2) нотариаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып белгіленсін.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2012 жылғы 19 қарашадағы
№ 1460 қаулысымен    
бекітілген        

Адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк
талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың
тізбесі

р/с

Адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптары

Адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Ескертпе

1

2

3

4

Тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін

1.

Қазақстан Республикасының азаматы

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi

ЖТ МДҚ жүйесінен өзінде қамтылған ақпарат алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді

2.

Жоғары заң білімінің болуы

Дипломының (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі

Мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады

3.

Кемінде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокатта алты айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өту

Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

4.

Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияда (бұдан әрі – Комиссия) аттестаттаудан өту

Комиссияның аттестаттау туралы шешімі

Мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады

5.

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтердің болмауы

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар

«Е-лицензиялау» МДҚ-мен ықпалдастырылған ҚР ДСМ дерекқорында мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды

6.

Соттылығының болмауы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті (бұдан әрі - ҚР БП ҚСАЕК) берген соттылығының жоқтығы туралы анықтама

«Е-лицензиялау» МДҚ- мен ықпалдастырылған ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар үшін

1.

Қазақстан Республикасының азаматы

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi

ЖТ МДҚ жүйесінен өзінде қамтылған ақпарат алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді

2.

Жоғары заң білімінің болуы

Дипломының (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі

Мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады

3.

Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру

Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы анықтаманың (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

4.

Облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірімен сотта тағылымдамадан өту

Облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірімен сотта тағылымдамадан өткені туралы құжаттың (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

5.

Кемінде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокатта алты айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өту

Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

6.

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтердің болмауы

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар

«Е- лицензиялау» МДҚ мен ықпалдастырылған ҚР ДСМ дерекқорында мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды

7.

Соттылығының болмауы

ҚР БП ҚСАЕК берген соттылығының жоқтығы туралы анықтама

«Е- лицензиялау» МДҚ-мен ықпалдастырылған ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 34-бабы 1-тармағының 1)2)3)9) және  12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар үшін

1.

Қазақстан Республикасының азаматы

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi

ЖТ МДҚ жүйесінен өзінде қамтылған ақпарат алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді

2.

Жоғары заң білімінің болуы

Дипломының (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі

Мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады

3.

Судья лауазымынан босатылуы

Судья лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының көшірмесі (бұдан әрі – Жарлық)

Жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты мен Жарлықтың күнтізбелік күні көрсетілген мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады

4.

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтердің болмауы

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар

ҚР ДСМ дерекқорындағы мәліметтер «Е-лицензиялау» МДҚ-мен ықпалдастырылған мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды

5.

Соттылығының болмауы

ҚР БП ҚСАЕК берген соттылығының жоқтығы туралы анықтама

ҚР БП ҚСАЕК дерекқорындағы мәліметтер «Е-лицензиялау» МДҚ-мен ықпалдастырылған мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды

Теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар үшін

1.

Қазақстан Республикасының азаматы

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi

ЖТ МДҚ жүйесінен өзінде қамтылған ақпарат алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді

2.

Жоғары заң білімінің болуы

Дипломының (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі

Мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады

3.

Теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілінің болуы

Прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілін растайтын және лауазымынан босатылған себебі қамтылған еңбек кітапшасының немесе өзге құжаттың (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

4.

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтердің болмауы

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар

ҚР ДСМ дерекқорындағы мәліметтер «Е-лицензиялау» МДҚ-мен ықпалдастырылған мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды

5.

Соттылығының болмауы

ҚР БП ҚСАЕК берген соттылығының жоқтығы туралы анықтама

«Е- лицензиялау» МДҚ- мен ықпалдастырылған ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды

6.

Кемінде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокатта алты айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өту

Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2012 жылғы 19 қарашадағы
№ 1460 қаулысымен   
бекітілген      

Нотариаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк
талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың
тізбесі

р/с

Нотариаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптары

Нотариаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін

1.

25 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi

ЖТ МДҚ жүйесінен өзінде қамтылған ақпарат алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді

2.

Жоғары заң білімінің болуы

Дипломының (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі

Мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады

3.

Кемінде бір жыл мерзімде нотариуста тағылымдамадан өту

Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды

«Е-лицензиялау» МДҚ- мен ықпалдастырылған «Е-нотариат» МДҚ дерекқорында мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды немесе құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

4.

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясында (бұдан әрі – Комиссия) аттестаттаудан өту

Комиссияның аттестаттау туралы шешімі

Мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады

5.

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтердің болмауы

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар

«Е-лицензиялау» МДҚ- мен ықпалдастырылған ҚР ДСМ дерекқорында мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды

6.

Соттылығының болмауы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті (бұдан әрі – ҚР БП ҚСАЕК) берген соттылығының жоқтығы туралы анықтама

«Е- лицензиялау» МДҚ-мен ықпалдастырылған ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды

7.

Заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы

Заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар үшін

1.

25 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi

ЖТ МДҚ жүйесінен өзінде қамтылған ақпарат алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді

2.

Жоғары заң білімінің болуы

Дипломының (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі

Мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады

3.

Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсыру

Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын анықтаманың (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

4.

Кемінде бір жыл мерзімде нотариуста тағылымдамадан өту

Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды

«Е- лицензиялау» МДҚ-мен ықпалдастырылған «Е-нотариат» МДҚ дерекқорында мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды немесе құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

5.

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтердің болмауы

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар

«Е- лицензиялау» МДҚ- мен ықпалдастырылған ҚР ДСМ дерекқорында мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды

6.

Соттылығының болмауы

ҚР БП ҚСАЕК берген соттылығының жоқтығы туралы анықтама

«Е- лицензиялау» МДҚ- мен ықпалдастырылған ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды

7.

Заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы

Заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

Тұрақты судьялар үшін

1.

25 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi

ЖТ МДҚ жүйесінен өзінде қамтылған ақпарат алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді

2.

Жоғары заң білімінің болуы

Дипломының (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі

Мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады

3.

Судья лауазымына тағайындалу

Судья лауазымына тағайындалуы туралы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының (бұдан әрі – Жарлық) көшірмесі немесе облыстық соттың берген судья лауазымында жұмыс істейтінін растайтын анықтамасы

Жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты мен Жарлықтың күнтізбелік күні көрсетілген мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады немесе құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

4.

Кемінде бір жыл мерзімде нотариуста тағылымдамадан өту

Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды

«Е- лицензиялау» МДҚ -мен ықпалдастырылған «Е-нотариат» МДҚ дерекқорында мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды немесе құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

5.

Заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы

Заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

Өз міндеттерін орындау кезінде атына нұқсан келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін сот лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар үшін

1.

25 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi

ЖТ МДҚ жүйесінен өзінде қамтылған ақпарат алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді

2.

Жоғары заң білімінің болуы

Дипломының (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі

Мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады

3.

Судья лауазымына тағайындалуы және судья лауазымынан босатылуы

Судья лауазымына тағайындау және қызметтен босату туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының көшірмесі

Жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты мен Жарлықтың күнтізбелік күні көрсетілген мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады

4.

Кемінде бір жыл мерзімде нотариуста тағылымдамадан өту

Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды

«Е- лицензиялау» МДҚ мен «Е-нотариат» МДҚ дерекқорында ықпалдастырылған мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды немесе құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

5.

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтердің болмауы

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар

«Е- лицензиялау» МДҚ- мен ықпалдастырылған ҚР ДСМ дерекқорында мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды

6.

Соттылығының болмауы

ҚР БП ҚСАЕК берген соттылығының жоқтығы туралы анықтама

«Е- лицензиялау» МДҚ-мен ықпалдастырылған ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды

7.

Заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы

Заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

Мемлекеттік нотариустар үшін

1.

25 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi

ЖТ МДҚ жүйесінен өзінде қамтылған ақпарат алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді

2.

Жоғары заң білімінің болуы

Дипломының (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі

Мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады

3.

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтердің болмауы

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар

«Е- лицензиялау» МДҚ-мен ықпалдастырылған ҚР ДСМ дерекқорында мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды

4.

Соттылығының болмауы

ҚР БП ҚСАЕК берген соттылығының жоқтығы туралы анықтама

«Е- лицензиялау» МДҚ- мен ықпалдастырылған ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында мәліметтер болған жағдайда ұсынылмайды

5.

Заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы

Заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2012 жылғы 19 қарашадағы
№ 1460 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 204-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 300 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 18, 160-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы.
      3. «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 1346 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 52-құжат).
      4. «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 365 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 38, 513-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады