"Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 365 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қарашадағы № 1460 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.19 № 1460 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 204-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) кемінде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокатта алты айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өту;»;
      23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген біліктілік талабы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1)2)3)9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдарға қолданылмайды.
      «3. Осы адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген біліктілік талабы мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдарға;
      2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1)2)3)9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдарға;
      3) теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдарға қолданылмайды.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
      1-тармақта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) соттылығының болмауы;»;
      мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7) жиырма бес жасқа толуы;
      8) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы.»;
      23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген біліктілік талабы теріс себептермен қызметінен босатылғандарды қоспағанда, мемлекеттік нотариус болып қызмет атқарған жұмыс өтілі бар адамдарға қолданылмайды.
      «3. Осы нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген біліктілік талабы мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін орындау кезінде теріс қылықтары мен заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға;
      2) мемлекеттік нотариустарға қолданылмайды.»;
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады