Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы N 689 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 155 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2013 № 155 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 10 тамыздағы
N 639 қаулысымен 
бекітілген  

Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және теңіз кемелерінің жүк маркасы мен теңіз кемелеріне жүк маркасы туралы куәліктер беру тәртібін белгілейді.
      2. Осы Ереженің әрекеті мынадай кемелерге қолданылады:
      1) ұзындығы 24 м-ден кем жаңа кемелер:
      жалпы сыйымдылығы 150 тоннадан кем қазіргі бар кемелерді;
      тасымалдаумен шұғылданбайтын серуенге арналған яхталарды;
      балық аулайтын кемелерді қоспағанда, халықаралық жүзуді орындайтын кемелер;
      2) тасымалдаумен шұғылданбайтын серуенге арналған яхталарды;
      балық аулайтын кемелерді қоспағанда халықаралық жүзуді орындамайтын ұзындығы 24 метр және одан артық кемелер;
      3) жаңа қалқымалы бұрғылау қондырғыларының барлық типтері.
      3. Осы Ереженің әрекеті Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз Күштерінің және шекаралық қызметтің теңіз бөлімдерінің туын көтеріп жүзетін теңіз кемелеріне қолданылмайды.

2. Куәландыруды жүргізу тәртібі және теңіз кемелеріне жүк маркаларын басу дұрыстығын тексеру

      4. Куәландыруды және теңіз кемелеріне жүк маркаларын басу дұрыстығын тексеруді кеме иесінің өтініші бойынша уәкілетті орган жүргізеді.
      5. Қазақстан Республикасы қосылған халықаралық конвенциялар мен келісімдердің талаптарына сәйкес теңіз кемесі алғашқы және жыл сайынғы куәландыруға, жүк маркасы туралы куәлікті қайта жаңарту үшін куәландыруға жатады.
      6. Алғашқы куәландыру кеме жасалып біткеннен кейін, оны
пайдалануға енгізуге дейін жүргізіледі.
      Алғашқы куәландыруға теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы техникалық құжаттардың талаптарында кемелер үшін көзделген шекте кеменің конструкциясын және жабдықтарын толық тексеру кіреді.
      Куәландыру нәтижелері бойынша жүк маркасын тағайындау шарттарының сипаттамасы мен су үстіндегі борттың есебі жасалады және жүк маркасы туралы куәлік беріледі.
      7. Жүк маркасы туралы куәлікті қайта жаңарту үшін куәландыру конструкциясы мен жабдығы орналасуы, құрылымы, материалы мен беріктігі бойынша теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы техникалық құжаттардың талаптарына толық жауап бере алатындығына көз жеткізу үшін бес жылдан аспайтын уақыт аралығынан кейін жүргізіледі.
      Куәландыру нәтижелері бойынша Жүк маркасын жаңғырту үшін кемені куәландыру актісі жасалады.
      8. Жыл сайынғы куәландыру кеменің корпусы мен үстіндегі қондырмаларында су үсті бортының есебіне және жүк маркаларының жағдайына әсер ететін өзгертулер жүргізілмегендігіне және қуыстарды жабуға арналған құрылғылар, фальшборт және леерлік қоршаулар, дауыл портиктері, экипаж бен жолаушылардың жайларына енуіне мүмкіндік беретін құралдар қалыпты жағдайда тұрғандығына, жүк маркалары дұрыс басылғандығына және кеме тиісті ақпаратпен қамтылғандығына көз жеткізу үшін әрбір жыл сайынғы куәландыру күніне дейін және одан кейін үш ай шегінде жүргізіледі.
      Жыл сайынғы куәландырулар кезінде жүк маркасы туралы куәлікке жазба жазылады.
      9. Су үсті борты кеменің әрбір бортына, әртүрлі жүзу жағдайларында кеменің соған дейін тиелетін ең үлкен шөгуін белгілейтін палуба сызығының таңбасын, жүк маркасы және жүк маркалары белгісін салу жолымен бекітіледі.
      10. Палуба сызығы ұзындығы үш жүз миллиметр және ені жиырма бес миллиметр көлденең сызықты білдіреді. Ол әрбір бортқа, кеме бойымен ортасына, палубалық сызықтың жоғары шеті су үсті борты палубасының сыртқа қарай жалғастырылған үстіңгі беті кеме борттық қаптамасының сыртқы бетімен қиылысатын нүкте арқылы өтетіндей болып түсіріледі.
      11. Жүк маркасының белгісі сыртқы диаметрі үш жүз миллиметр және ені жиырма бес миллиметр сақина пішіндес, оны осы көлденең сызықтың жоғарғы шеті сақинаның ортасы арқылы өтетіндей, ұзындығы төрт жүз елу миллиметр және ені жиырма бес миллиметр көлденең сызықпен қиып өтеді.
      Сақинаның ортасы палуба сызығының жоғары шетінен төмен тігінен өлшенген жазғы белгіленген су үсті бортынан тең қашықтықта, кеме ұзындығының ортасында орналасады.
      12. Жүзудің әртүрлі аудандарында және маусымдық кезеңдерінде кемеге тиеу кезінде кеме ватерсызығы жүк маркаларының орнын белгілейтін маркалар ұзындығы екі жүз отыз миллиметр және ені жиырма бес миллиметр, кеменің тұмсығына және жүк маркасы сақинасының ортасынан кеме тұмсығына бес жүз қырық миллиметр қашықтықта жүргізілген, ені жиырма бес миллиметр тік сызыққа перпендикулярлы түсірілген көлденең сызық болып табылады.
      13. Халықаралық жүзуді орындайтын теңіз кемелерін куәландыруды және оларға жүк маркасын басуды Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған   сыныптау қоғамы жүргізеді .

3. Теңіз кемелеріне жүк маркасы туралы куәліктер беру тәртібі

      14. Уәкілетті орган теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес куәландырудан өткен және бортына жүк маркасы басылған кемеге жүк маркасы туралы куәлікті береді.
      15. Жүк маркасы туралы куәлік бес жылдан артық емес кезеңге беріледі.
      Жүк маркасы туралы жаңа куәлікті кеме жүк маркасы туралы куәлікті қайта жаңарту үшін куәландырудан өткеннен кейін, жүк маркасы туралы куәліктің қолданылу мерзімі еткен соң уәкілетті орган береді.
      16. Жүк маркасы туралы куәлік мынадай жағдайларда, егер:
      1) кеменің корпусында немесе үстіндегі қондырмаларда су үсті бортын үлкейтуді талап ететін айтарлықтай өзгертулер жүргізілген болса;
      2) осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген құрылғылар мен құралдар қалыпты жағдайда ұсталмаса;
      3) жүк маркасы туралы куәлікте кеменің жыл сайынғы куәландырудан өткендігіне растау жоқ болса;
      4) кеме конструкциясының беріктігі оның қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтын шектерге дейін төмендеген болса күшін жояды.
      17. Халықаралық жүзуді орындайтын теңіз кемелеріне куәландыру жүргізу және жүк маркасын басу кезінде жүк маркасы туралы куәлік беруді Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған сыныптау қоғамы жүргізеді .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады