Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.06 № 422 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы N 676 қаулысында :
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспарда:
мәтінде:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне" және "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігімен" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне" және "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі N 431 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 13, 147-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия құрамына:
Храпунов Виктор Вячеславович - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға;
Петров Валерий Викторович - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Тұрымов Серік Өтелгенұлы - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;
Бексары Жаңабай Мұратбекұлы - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Құлмаханов Шалбай Құлмаханұлы, Бижанов Нұрахмет Құсайынұлы, Керелбаев Сақып Бүркітбайұлы, Көшербай Айтбай Көшербайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі