Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 тамыздағы N 735 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1362 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.25 № 1362 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.11.21 N 1362 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Есірткі, психотроптық, заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі және " Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.11.21 N 1362 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы 1693 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 47-48, 556-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1) 1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
      4, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16-тараулар алынып тасталсын.

      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2007 жылғы 24 тамыздағы 
N 735 қаулысымен  
бекітілген     

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялау ережесі

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.21 N 1362 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2007 жылғы 24 тамыздағы  
N 735 қаулысымен     
бекітілген       

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      1. Осы біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының " Есірткі, психотроптық заттар , прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-әрекет шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді.
      2. Біліктілік талаптары есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия алуға үміткер заңды тұлғаларға қолданылады.
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      1) есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, өндіру, өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою;
      2) құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау;
      3) денсаулық сақтау жүйесінде есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою.
      3. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке қойылатын біліктілік талаптары:
      1) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша кемінде екі жыл практикалық жұмыс өтілі бар, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органда техникалық пайдалану ережелері мен қауіпсіздік ережелерін білуінен тексеруден өткен және есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, прекурсорлармен жұмысқа рұқсаты бар инженерлік-техникалық және басшы қызметкерлердің білікті құрамының;
      2) мыналарды:
       жабдықтың , тетіктердің, технологиялық желілердің пайдаланылуын және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды бақылауды;
      медициналық бақылауды;
      есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды есепке алуды қамтамасыз ететін қызметтердің;
      3) арнайы қорғану киімдерінің, жеке қорғану құралдарының, өртке қарсы құралдардың;
      4) есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіруге технологиялық процестің бекітілген регламентінің, жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелердің және басқа да нормативтік техникалық құжаттардың;
      5) есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеуге, өндіруге, өңдеуге, сатып алуға, сақтауға, өткізуге, пайдалануға, тасымалдауға, жөнелтуге, таратуға, жоюға; құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін өсімдіктер мен шөптерді өсіруге, жинауға, дайындауға арналған тиісті өндірістік-техникалық базаның (сынақ-зертханалық база, мамандандырылған өндірістік ғимараттар мен үй-жайлар);
      6) жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін қызметтік үй-жайлардың;
      7) өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және ыдыстардың;
      8) есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған қоймаларды, үй-жайларды ішкі істер органдарының күштерімен немесе күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің күзет қызметін көрсету шартының негізінде күзетуі;
      9) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында объект пен үй-жайларды пайдалануға есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күресті жүзеге асыратын аумақтық ішкі істер органы рұқсатының ;
      10) өздерінің қызметтік міндеттеріне қарай есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға рұқсат алатын адамдарды тиісті тексеру туралы ішкі істер органдары қорытындысының ;
      11) өздерінің қызметтік міндеттеріне қарай есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға рұқсат алатын адамдарға қатысты нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларының жоқтығы туралы, сондай-ақ жоғары қауіп көзімен байланысты олардың арасында кәсіптік қызметінің жекелеген түрлерін орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқтығы туралы наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлер қорытындысының;
      12) құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіруге, жинауға, дайындауға байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау және Білім және ғылым министрліктерімен келісім-хаттың;
      13) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар жөнелтілімдерді қабылдау, тасымалдау және жеткізу шарттарын көрсете отырып, заңды тұлға (жіберуші) мен жөнелтілімдерді жөнелтуді, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйым шартының болуын қамтиды.
      4. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар жөнелтілімдерді тасымалдау арнайы темір жол вагондарында, әуе көлігімен және автомобиль көлігімен аса құнды жөнелтілімдерді тасымалдау және жөнелту шарттарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
      5. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатып алу және өткізу жөніндегі кіші қызмет түріне лицензия алатын заңды тұлғалар есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сатып алуды және өткізуді көздейтін ниеттері туралы тиісті лицензиялары бар өтініш берушінің, жеткізіп берушінің және сатып алушының арасындағы шартты немесе хаттаманы қосымша ұсыну қажет.
      6. Денсаулық сақтау жүйесінде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты кіші қызмет түріне лицензия алатын заңды тұлғалар қызметтің негізгі түріне (фармацевтикалық, медициналық) лицензиялардың көшірмелерін қосымша ұсынады.
      7. Қызметтің мынадай кіші түрлерімен: есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, өткізуге, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінде есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалануға және жоюға байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде 3-тармақтың 1), 2) (есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды есепке алудан басқа), 4), 12) тармақшалары бойынша мәліметтер ұсыну талап етілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады