Қарағанды облысында "Протон-М" ресейлік зымыран тасығышы құлауының салдарын зерделеу жөніндегі үкіметтік комиссия туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қыркүйекте N 777 Қаулысы

      Қарағанды облысы Ұлытау ауданының аумағындағы "Протон-М" ресейлік зымыран тасығышының авариясы фактісін тергеу, ықтимал салдарды болдырмау, залалды және медициналық-санитарлық, экологиялық, техногендік салдарды айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Мынадай құрамда үкіметтік комиссия құрылсын:

Божко                        - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович              жағдайлар министрі, төраға

Петров                       - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович             жағдайлар вице-министрі, төрағаның
                               орынбасары

Мұсабаев                     - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Талғат Амангелдіұлы            агенттігінің төрағасы

Қасымов                      - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы     вице-министрі

Айтжанов                     - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы                  шаруашылығы вице-министрі

Смирнов                      - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Анатолий Владимирович          министрінің орынбасары

Құсайынов                    - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы               және бюджеттік жоспарлау
                               вице-министрі

Бекетаев                     - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы              вице-министрі

Жампейісов                   - Қазақстан Республикасының Жер
Амангелді Сүйімбайұлы          ресурстарын басқару агенттігі
                               төрағасының орынбасары;

Камалиев                     - Қарағанды облысы әкімінің бірінші
Берік Сайлауұлы                орынбасары

Белоног                      - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Александрович         сақтау министрлігі Мемлекеттік
                               санитарлық-эпидемиологиялық
                               қадағалау комитетінің төрағасы, Бас
                               мемлекеттік санитарлық дәрігер

Сатылғанов                   - Қазақстан Республикасы Төтенше
Диханбек Жанқоразұлы           жағдайлар министрлігі Азаматтық
                               қорғаныс, әскери бөлімдер мен жедел
                               ден қою департаментінің директоры

Әділов                       - Қазақстан Республикасы Білім және
Төлебай Ақжігітұлы             ғылым министрлігі Ғылымның
                               экологиялық проблемалары мен
                               мониторинг департаментінің басқарма
                               бастығы

Баденов                      - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Фазылолла Жұмағазыұлы          министрлігі Жедел жоспарлау
                               департаментінің бөлім бастығы
       Ескерту. Үкіметтік комиссияның құрамына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.26.  N 1287 Қаулысымен.

      2. Жүктелген міндеттерді орындау үшін үкіметтік комиссия белгіленген тәртіппен қызығушылық тудырған мәселелер бойынша орталық (оның ішінде олардың аумақтық бөлімшелерінен) және жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпарат, ұсыныстар мен қорытындылар алуға, сондай-ақ олардың мамандарын комиссия жұмысына тартуға құқылы.
      3. Үкіметтік комиссия қысқа мерзімде:
      аварияның медициналық-санитарлық, экологиялық және техногендік салдарын айқындасын;
      аварияның әсерін шектеу бойынша бірінші кезектегі шаралар жөнінде ұсыныстар берсін;
      талап қою үшін зиян сомасын белгілесін;
      авария салдарын жою үшін қажетті іс-шараларды іске асыру мерзімін және олардың тізбесін айқындасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады