Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қарағанды облысында "Протон-М" ресейлік зымыран тасығышы құлауының салдарын зерделеу жөніндегі үкіметтік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қыркүйектегі N 777 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қарағанды облысында "Протон-М" ресейлік зымыран тасығышы құлауының салдарын зерделеу жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Божко Владимир Карпович - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға;
Жампейісов Амангелді Сүйімбайұлы - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары;
көрсетілген құрамнан Храпунов Виктор Вячеславович, Оспанов Бақыт Сағындықұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі