Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі Техникалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы N 1337 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақта "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Әбсеметұлы Құсайыновқа" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі