Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 629 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 405-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі мынадай мазмұндағы 27, 28-тармақтармен толықтырылсын:
«27. «Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесі.
28. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай электрондық почта жүйесі» ақпараттық жүйесі.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов