Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы N 904 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 437-құжат):

      1-тармақта:

      әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамына мыналар енгізілсін:

      Шөкеев - Қазақстан Республикасы

      Өмірзақ Естайұлы Премьер-Министрінің орынбасары,

      төраға

      Сапарбаев - Қазақстан Республикасының

      Бердібек Машбекұлы Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

      Құсайынов - Қазақстан Республикасының

      Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттік

      жоспарлау вице-министрі

      Тұрғанов - Қазақстан Республикасының

      Дүйсенбай Нұрбайұлы Энергетика және минералдық

      ресурстар вице-министрі

      көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы, Супрун Виктор Васильевич, Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы шығарылсын;

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады