"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетіне Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының "Қараш" Түрген магистральды каналының қорғаныс бөгетін және 655 пикет ауданындағы Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының қорғаныс бөгетін қалпына келтіруге 120941430 (бір жүз жиырма миллион тоғыз жүз қырық бір мың төрт жүз отыз) теңге бөлінсін.