Оралмандардың 2007 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы N 1198 Қаулысы

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы  Заңына  және "Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1508  Жарлығына  өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қарашадағы N 435  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қосымшаға сәйкес оралмандардың 2007 жылға арналған көшіп келу квотасы облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша бөлінсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2007 жылғы 7«желтоқсандағы
N 1198 қаулысына  
қосымша      

   Оралмандардың 2007 жылға арналған көшіп келу квотасы

Облыстар мен қала-
лардың атауы

Отбасы саны

Ақмола

1020

Ақтөбе

880

Алматы

1260

Атырау

450

Шығыс Қазақстан

1095

Жамбыл

980

Батыс Қазақстан

485

Қарағанды

1005

Қызылорда

500

Қостанай

875

Маңғыстау

1998

Павлодар

950

Солтүстік Қазақстан

500

Оңтүстік Қазақстан

2765

Астана қаласы

127

Алматы қаласы

110

ЖИЫНЫ:

15000

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады