Қазақстан Республикасы экономикасының орнықты өсуі және оны әртараптандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Отандық қаржы институттарының серпінді жобаларды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдар:
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей Жоспардың орындалуы туралы талдау ақпаратты Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1334 қаулысымен
бекітілген
Отандық қаржы институттарының серпінді жобаларды
бірлесіп қаржыландыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары
р/с |
Іс-шара |
Аяқтау |
Орындауға |
Орындау |
Болжамды |
1 |
"Қазына" ОДҚ-ның" |
Қазақ- |
ИСМ (жинақ- |
Жарты |
Талап |
2 |
Қолданыстағы заңна- |
Қазақ- |
ИСМ (жинақ- |
Жарты |
Талап |
3 |
Мемлекеттік орган- |
Қазақ- |
ЭБЖМ |
Жарты |
Талап |
4 |
Инфрақұрылымдық |
Қазақ- |
ЭБЖМ |
Жарты |
Талап |
5 |
Қазақстан өңірлері- |
Өңір- |
ИСМ |
Жарты |
Талап |
Ескертпе : Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
"Самұрық" АҚ - "Самұрық" Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы
"Қазына" ОДҚ" АҚ - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы
"ҚазАгро" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы
"Самғау" АҚ - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы