Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1340 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.20 № 429 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Оңғарбаев          - Қазақстан Республикасы Білім
Еркін Әнуарұлы       және ғылым министрлігі Ғылым
                     комитетінің төрағасы

Бозымбаев          - "Самұрық" мемлекеттік активтерді
Қанат Алдабергенұлы  басқару жөніндегі қазақстандық
                     холдингі" акционерлік қоғамының
                     басқарма төрағасы (келісім бойынша);

      мына:

"Сұлтанов          - Қазақстан Республикасының Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы     Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени
                     даму комитетінің төрағасы

Сағадиев           - Қазақстан Республикасының Парламенті
Кенжеғали Әбенұлы    Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет
                     комитетінің төрағасы

Қуанғанов          - Қазақстан Республикасы
Фархад Шаймұратұлы   Премьер-Министрінің Кеңсесі
                     Басшысының орынбасары

Жантаев            - Қазақстан Республикасы Білім
Жұмабек Шабденамұлы  және ғылым министрлігінің
                     Ғылым комитеті "Астрофизикалық
                     зерттеулер орталығы" республикалық
                     мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры

Сүлейменов         - Қазақстан Республикасы Білім және
Ербол Зинаддинұлы    ғылым министрлігінің Ғылым комитеті
                     "Қазақстан Республикасының Ұлттық
                     ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
                     республикалық мемлекеттік
                     кәсіпорнының бас директоры

Дробжев            - Қазақстан Республикасы Білім
Виктор Иванович      және ғылым министрлігі Ғылым
                     комитетінің "Астрофизикалық
                     зерттеулер орталығы" республикалық
                     мемлекеттік кәсіпорнының Ионосфера
                     институтының директоры

Бектұрғанов        - Қазақстан Республикасы Білім және
Нұралы Сұлтанұлы     ғылым министрлігінің Ғылым комитеті
                     "Жер туралы ғылымдар, металлургия және
                     кен байыту орталығы" республикалық
                     мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
 
  Жұмағұлов          - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Бақытжан Тұрсынұлы   инженерлік академиясы" қоғамдық
                     бірлестігінің президенті

Перуашев           - "Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері мен
Азат Тұрлыбекұлы      жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы"
                      заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма
                      төрағасы                                  "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Сұлтанов          - Қазақстан Республикасының Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы     Сенатының депутаты, Халықаралық
                     қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік
                     комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Сағадиев           - Қазақстан Республикасының Парламенті
Кенжеғали Әбенұлы    Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Қуанғанов          - Қазақстан Республикасының Білім және
Фархад Шаймұратұлы   ғылым вице-министрі

Жантаев            - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Жұмабек Шабденамұлы  агенттігі "Астрофизикалық зерттеулер
                     орталығы" республикалық мемлекеттік
                     кәсіпорнының бас директоры

Сүлейменов         - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Ербол Зинаддинұлы    ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
                     акционерлік қоғамының президенті
                     (келісім бойынша)

Дробжев            - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Виктор Иванович      агенттігінің "Астрофизикалық зерттеулер
                     орталығы" республикалық мемлекеттік
                     кәсіпорны Ионосфера институтының директоры

Бектұрғанов        - "Жер туралы ғылымдар, металлургия және
Нұралы Сұлтанұлы     кен байыту орталығы" акционерлік
                     қоғамының президенті (келісім бойынша)

Жұмағұлов          - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Бақытжан Тұрсынұлы   Мәжілісі Төрағасының орынбасары
                     (келісім бойынша)

Перуашев           - "Атамекен" Одағы" ұлттық экономикалық
Азат Тұрлыбекұлы     палатасының басқарма төрағасы
                     (келісім бойынша)";

      көрсетілген құрамнан Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы, Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы, Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады