"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1357 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 16; 2001 ж., N 23, 318-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат, N 3, 22-құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақша алып тасталсын;
      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "24) асыл тұқымдық куәлік - аттестатталған асыл тұқымды мал зауыты, малды асылдандырушы шаруашылық, малды асылдандырушы орталық, дистрибьютерлік орталық беретін асыл тұқымды малдың шығу тегін, өнімділігін және өзге де сапасын, сондай-ақ ата-енесінің шығу тегін және ұрықтың немесе эмбрионның сапасын растайтын құжат;";
      30) тармақшада "жеке" деген сөзден кейін "және (немесе) заңды" деген сөздермен толықтырылсын;
      32) тармақша алып тасталсын;
      2) 6-баптың екінші бөлігіндегі "сәйкестік сертификаты (асыл тұқымдық куәлік)" деген сөздер "асыл тұқымдық куәлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 9-бапта:
      екінші бөлікте:
      "аккредитацияланған және уәкілетті органдары тиісінше берген сәйкестік сертификаты (асыл тұқымдық куәлік)" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік органы беретін асыл тұқымдық куәлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлікте:
      "тиісті уәкілетті мемлекеттік органдары" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "куәлік пен сәйкестік сертификаты (асыл тұқымдық куәлік)" деген сөздер "және асыл тұқымдық куәлік немесе оларға балама құжаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 10-бапта:
      15) тармақшадағы "сәйкестік сертификатының (асыл тұқымдық куәліктің)" деген сөздер "асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      "18) ауылшаруашылығы жануарларының барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәлік нысандарын және олардың берілу тәртібін әзірлейді және бекітеді.";
      5) 11-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "қадағалауды" деген сөз "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) 14-бап алып тасталсын;
      7) 17-бапта:
      тақырыбындағы "сәйкестік сертификатын (асыл тұқымдық куәлік)" деген сөздер "асыл тұқымдық куәлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "асыл тұқымдық куәлігі болса";
      үшінші және төртінші абзацта "сәйкестік сертификаты (асыл тұқымдық куәлігі)" деген сөздер "асыл тұқымдық куәлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "асыл тұқымдық куәлікті" деген сөздерден кейін "және оған балама құжатты" деген сөздермен толықтырылсын;
      "куәлік" деген сөз "құжаттар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) 18-баптың бесінші абзацындағы "сәйкестік сертификаттары (асыл тұқымдық куәліктері)" деген сөздер "асыл тұқымдық куәліктері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 19-баптағы және 20-баптың екінші бөлігіндегі "аккредитацияланған" деген сөз алып тасталсын;
      10) 24, 25-баптар мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "асыл тұқымдық куәліктер беру.";
      11) 26-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) асыл тұқымдық куәліктер беру.";
      12) 27-бап ", сондай-ақ асыл тұқымдық куәліктерді беру" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 7, 165-құжат; 2004 ж., N 11-12, 62-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат, N 24, 148-құжат):
      1) мәтінде:
      "қадағалау", "қадағалауға", "қадағалауды" деген сөздер тиісінше "бақылау", "бақылауға", "бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органымен" деген сөздерге дейінгі "техникалық реттеу және метрология жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;
      2) 1-бапта:
      1) тармақшада:
      "құқықтылығын" деген сөз "құзыретін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "тануы" деген сөз "тану рәсімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкілетті орган - техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
      3) 5-бапта:
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және өлшеу құралдарын салыстырып тексерушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;"
      2-тармақтың 13) тармақшасындағы "және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды" деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      4) 12-баптың 2-тармағындағы ", сондай-ақ өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау құқығына заңды тұлғаларды аккредиттеу" деген сөздер алып тасталсын;
      5) 17-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "партиялармен әкелуге арналған" деген сөздерден кейін "және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолданылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 18-баптың 2-тармағында "техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 19-баптың 4-тармағындағы "тексеру құқығына" деген сөздер "тексеруге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "23-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау аясы
      Осы Заңның 22-бабында аталған объектілерге қатысты мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижелері:
      1) азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;
      2) қоршаған ортаның жай-күйін бақылау;
      3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
      4) мемлекеттік есеп операциялары, сатып алушы (тұтынушы), және сатушы (өнім беруші, өндіруші, орындаушы) арасындағы, соның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметтерін көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар;
      5) еңбек және көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;
      6) қару-жарақ, әскери және арнайы техника, арнайы өнімнің басқа да түрлерін өндіру;
      7) ғылыми зерттеулер жүргізу;
      8) геодезияда, геологияда және гидрометеорологияда қызметтерді жүзеге асыру;
      9) өлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру, калибрлеу;
      10) ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тіркеу кезінде пайдаланылатын өлшемдерге қолданылады.".
      3. "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 21, 124-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат, N 24, 148-құжат):
      1) барлық мәтін бойынша "және қадағалау", "және қадағалауға", "және қадағалауды" деген сөздер алып тасталсын;
      2) 1-бапта:
      1) тармақшада:
      "заңды тұлғаның" деген сөздер "өтініш берушінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "және құқылы" деген сөздер алып тасталсын;
      2), 3) тармақшалар алып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын ресми танылған объектілер;";
      9), 27) тармақшалар алып тасталсын;
      31) тармақшадағы "сәйкестікті бағалау рәсімі" деген сөздер "рәсім" деген сөзбен ауыстырылсын;
      43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "43) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрі - зертхана) - зерттеулер, сынаулар, жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;";
      50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "50) уәкілетті орган - техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
      3) 6-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;
      4) 7-баптың төртінші бөлігінде:
      бірінші абзацтағы "және аккредиттеу" деген сөздер алып тасталсын;
      1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;
      3) тармақшадағы "аккредиттеу аттестатының," деген сөздер алып тасталсын;
      5) 8-1-бап алып тасталсын;
      6) 12-бапта:
      1-тармақтағы "уәкілетті орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) берілген өтініш-декларациялар, сәйкестік сертификаттары, сәйкестігі туралы тіркелген декларациялар және сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және олардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілуін жүзеге асыру";
      7) 13-баптың 1, 2, 3-1-тармақтары алып тасталсын;
      8) 16-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
      9) 21-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Мемлекеттік стандарттар, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері немесе техникалық регламенттері олар туралы нұсқауларды қамтитын болса, міндетті болып табылады.";
      10) 27-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "инспекциялық тексеру" деген сөздер "инспекциялық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 28-баптың 2-тармағы 3)-тармақшасында "инспекциялық тексеру" деген сөздер "инспекциялық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "35-бап. Аккредиттеу
      Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";
      13) 36-бап алып тасталсын;
      14) 40-баптың 1 тармағы 9) тармақшасы "тексеруді" деген сөзден кейін ", оның ішінде осы өнімнің сәйкестігін бағалауды жүзеге асырған сәйкестікті растау жөнінде органдар мен зертханаларды тексеруді" деген сөздермен толықтырылсын.
      4. "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж. N 2, 18-құжат, N 3, 20-құжат; 2007 жылғы 7 тамызда "Егеменді Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы):
      1) 9-тараудың тақырыбындағы және 42-баптың 1-тармағындағы "және аккредиттеу" деген сөздер алып тасталсын;
      2) қосымшаның 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылау.".
       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады