"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1360 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
байланыс мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер
енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 102, 105-құжаттар; N 15, 106-құжат, N 18, 144-құжат, N 20, 152-құжат):
      1) 39-баптың 2-тармағы "қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұялы байланыс" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 62-баптың 7-1-тармағы, 87-1-тараудың тақырыбы ", сондай-ақ ұялы байланыс" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 484-1-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыс бергені үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы):
      1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;
      2) ұялы байланыс беру құқығы үшін алынады.";
      2-тармақ "телефон байланысын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұялы байланыс" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 484-2-бапта:
      "қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторлары" деген сөздерден кейін ", сондай-а0 ұялы байланыс операторлары" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 484-4-бапта:
      "мынадай редакцияда жазылсын:
      1-тармақ: Төлемақыны есептеуді байланыс саласындағы уәкілетті орган жылдық ставкалар негізінде электр байланысы (телекоммуникация) қызметтерін беруден түсетін табысты негізге алып жүргізеді.";
      2-тармақ "телефон байланысын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұялы байланыс" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140,142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 86-құжат; N 16, 97-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16-құжат; N 4, 28-құжат; N 13, 98-құжат; N 16, 129-құжат; 2007 ж. 8 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 ж. 8 желтоқсандағы Заңы ):
      46-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы "телефон байланысын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұялы байланыс" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 14, 81-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 19, 148-құжат):
      1) 1-баптың 2-тармағындағы "және есептеу техникасы" деген сөздер ", есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 2-бапта:
      11) тармақшасы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 18-1), 28-1), 30-1), 38-1), 38-2), 42-1), 42-2), 49-1), 49-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) абоненттік байланыс жолы - жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен қосатын байланыс жолы;
      1-2) абоненттік құрылғы (абоненттік станция) - абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын, байланыс операторының желісіне қосылатын жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
      1-3) абоненттік құрылғының (абоненттік станцияның) сәйкестендіру коды - жылжымалы (ұялы) байланыс операторының желісіне осы құрылғыларды (ІМЕІ, ІSN және басқалар) қосу кезінде автоматты түрде берілетін әзірлеуші зауыт тағайындаған абоненттік құрылғының коды;";
      "18-1) биллинг - абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен;";
      "28-1) қосылудың (қосудың) стандарттық нүктесі - стандартты техникалық шарттарды пайдалана отырып және қосылудың стандартты шартына сәйкес бір желіні басқа желіге қосуға арналған телекоммуникация құралдары;";
      "30-1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі - барлық жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді телекоммуникация желісі;";
      "38-1) тарифтеу бірлігі (тариф бірлігі) - ақы алынатын ақпараттық ең төменгі бірлігі, саны және көлемі;
      38-2) телекоммуникация желісі - телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация мен байланыс жолдары құралдарының жиынтығы;";
      "42-1) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) - электр магниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, беруге, қабылдауға, сақтауға, өңдеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғы, жабдық, жүйелер және бағдарламалық құралдар;
      42-2) телекоммуникация хабарламалары - телекоммуникация құралдарының көмегімен берілетін ақпарат;";
      "49-1) ұялы байланыс - қызмет көрсетілетін аумақты бірқатар ұяшықтарға бөлуді пайдаланатын, абоненттің ұяшықтан ұяшыққа өтуі кезінде байланыстың үзіліссіздік мүмкіндігін қамтамасыз ететін және радиотолқын арқылы басым түрде әңгіме сипатында берілетін екі жақты (көп жақты) ақпарат алмасуға арналған электрлі байланыс түрі;
      49-2) ұялы байланыс операторы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен байланыс саласында қызметтер керсетуге және ұялы байланыс қызметтерін көрсету қосымшасына лицензия алған жеке немесе заңды тұлға;";
      42) тармақша "қосқыш" деген сөзден кейін ", сондай-ақ абоненттік" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 7-бапта:
      5) тармақшадағы "халықаралық байланыс" деген сөздер "халықаралық телефон байланысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережелерін және олардың тізбесін бекіту;";
      4) 11-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Радиожиілік спектрі байланыс саласында ұлттық ресурс болып табылады.";
      3-тармақ "Шектеулі" деген сөзден кейін "ұлттық" деген сөзбен толықтырылсын;
      5) 12-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Радиожиілік спектрі бір жыл бойы пайдаланылмаған жағдайда, аталған радиожиілік тағайындауды уәкілетті орган қайтарып алады.";
      6) 15-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Байланыс операторлары байланыс желілерінде қажетті техникалық құралдар орнатуға, сондай-ақ өзінің жабдықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Алдын ала тергеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның қаулысы бойынша жылжымалы (ұялы) байланыс операторы абоненттік құрылғының жұмысын оның сәйкестендіру коды бойынша оқшаулауға міндетті.
      Абоненттік құрылғының жұмысын оқшаулаудан алу алдын ала тергеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның қаулысы бойынша жүзеге асырылады.";
      7) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "20-бап. Байланыс қызметтеріне арналған тарифтер.
      1. Байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, негізделген шығындар негізінде байланыс операторлары белгілейді.
      Байланыс қызметтерінің әрбір түрі үшін тарифтік бірліктің мөлшерін уәкілетті орган белгілейді.
      2. Уәкілетті орган:
      1) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар салаларындағы;
      2) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы қызметтер нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің;
      3) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету;
      4) трафикті қосу және өткізу қызметтеріне арналған тарифтерді бекітеді.
      Тарифтерді бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";
      8) 21-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) коммутация технологияларының арналарын ауыстыруға негізделген ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін беру мен коммутациялардың пакеттік технологияларымен жаңғыртуды аяқтағанға дейін қызметтер көрсетуді ұйымдастырудың өздері таңдаған тәсіліне байланысты тіркелген телефон байланысы қызметтерін көрсететін байланыс операторларының желісіне қосылу және өзара әрекет жасау шарттарына қойылатын талаптарды белгілей алады.";
      6-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      2) тармақша "желіге" деген сөзден кейін "бұрын" деген сөзбен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы ", лицензияда көрсетілген аумақтар шегінде, бөлектелген желілерге уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген нөмірлеуді (географиялық емес кодты) пайдалана отырып" деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бөлектелген желілерді ұйымдастыру үшін қолданылатын байланыс технологиялары мен құралдарын, сондай-ақ құру принциптері мен нөмірлеу жүйелерін осы желілердің иелері белгілейді. Ұлттық ресурстан желінің осы санаты үшін нөмірлеу (географиялық емес код) бөлінбейді, ал бұрынғы берілгені уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қайтарылып алынады.";
      9) 25-баптың 2-тармағындағы "монополияға қарсы органмен келісе отырып" деген сөздер алып тасталсын;
      10) 26-бапта:
      1-тармақта:
      "басым" деген сөзден кейін "байланыс" деген сөзбен толықтырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің басым байланыс операторы үшін жергілікті телефон байланысының абоненттік жолдарын жалға алу шарты уәкілетті орган бекітетін жария шарт болып табылады.
      1-2. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің басым байланыс операторларына жергілікті телефон байланысының абоненттік жолдарын жалға беру тәртібін, оның ішінде оларды жалдаудың тарифтерін уәкілетті орган бекітеді.";
      2-тармақ "жасаудан" деген сөзден кейін "және (немесе) жергілікті телефон байланысының абоненттік жолдарын жалдаудың" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторлары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қосылудың стандарттық нүктелерінің тізбесін жариялауға міндетті.";
      11) 29-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Кәбілдік кәрізді қоса алғанда, орамдар ішіндегі желілерді және желілерді және байланыс жолдарын, инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін жобалау мен тарту байланыс ғимараттарын, телекоммуникация жолдарын және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін салу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.";
      12) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыс беру құқығы үшін мемлекеттік бюджетке қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңдарында айқындалатын тәртіппен төлемақы енгізіледі.";
      13) 34-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Селолық елді мекендерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының шығындары, егер бұл конкурс нәтижелерімен немесе телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттемелерді осы аумақта ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің басым байланыс операторына шарт негізінде жүктеу талаптарымен айқындалған болса, рентабелділік нормасы есепке алына отырып субсидиялануы тиіс. Рентабелділік нормасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің конкурс жарияланған сәтте қолданыстағы қайта қаржыландыру ресми ставкасының деңгейінен төмен емес мөлшерде уәкілетті орган айқындайды.
      Қалаларда телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының шығындары өтелмейді.";
      4-тармақтағы "Телекоммуникацияның қалалық желілерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік" деген сөздер "Әлеуметтік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді қайта баланстау жоспарын уәкілетті орган бекітеді.";
      14) 35-бапта:
      1-тармақта "техникалық нормаларға" деген сөздерден кейін "абоненттік байланыс жолын және" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3, 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Абоненттік жолдарға қойылатын техникалық нормаларды уәкілетті орган айқындайды.
      4. Байланыс операторлары байланыс қызметтерін пайдаланушыларға шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама қызметтерін және тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да қызметтердің ақысыз қосылуын қамтамасыз етеді.";
      15) 36-баптың 6-тармағындағы бірінші бөліктегі "абоненттік немесе уақытына қарай" деген сөздер "абоненттік, уақытына қарай немесе аралас" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 ж. 11 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат):
      22-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын.
      2-бап. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1, 2-тармақтарын және 3-тармағының 12) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап жиырма күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады